Франция дәмі: Пияз сорпасы
Бірде Парижге барудың реті келді. Шынымды айтсам, қаланың өзі күткендей әсер бермеді. Мүмкін, талабым жоғары болған да шығар. Хош, ол туралы да жазудың реті түсер. Бүгін француздардың тағамдары туралы айтқым келіп отыр.
Француз мәзірі дегенде бірінші ойға келетіні құрбақа сорпасы мен жуа сорпасы шығар. Құрбақасын көрмедім, ал пияздан жасалғаны ұнады. Бірде, соны өзім істеп көрмек болдым.
Құрамы
Ең қиыны, әрі ұзағы жуаны дайындау. Мақсатымыз оны қуыру емес, бұқтырып, карамельденуіне қол жеткізу. Бұған берісі 40 минут уақыт керек. Жуаны дөңгелектеп тураймыз. Табаны қалың кастрюльге аз ғана май құйып, жуаны қатты отта қуыра бастаймыз. Ұзақ емес, қасықпен араластырып тұрып, 5-6 минут қуыру керек. Сосын, отты мейілінше азайтып, бұқтырасыз. Ара-тұра араластырып қою керек. Жуаның құрамындағы қант бірте-бірте карамельденіп, қоңырқай түске енеді. Түсін қанық қылу үшін шекер қосатындар да бар екен, мен қосқам жоқ. Сондықтан түсі қоңыр емес, сарғылт тартып кетті.
Жуа бұқтырылып жатқанда нанды кішкене-кішкене қылып турап, оған сарымсақ жағып, бетіне ірішікті үгесіз. Сосын оны пешке саласыз. Ірімшік еріген уақытта күйіп кетуіне жол бермей, дер кезінде алу керек.
Жуа дайын болған соң, үстіне алдын-ала дайындалған сорпаны құйып, қайнатып аласыз. Осы жерде қалағаныңызша дәмдеуіш қосуға болады. Енді сорпаны тәрелкіге құйып, үстіне ірімшік қосылған нанды салып, дастарханға тарта бересіз.
Менің сорпам аздау болып, бір отырыста тауысып тастадық. Ішкен сол отбасымыздағы үшеу. Негізі Францияда көргенім әлдеқайда қою, әрі, несін жасырайын, дәмдірек болған. Сондықтан, келесіде жуаны көбірек тураймын деп шештім.
Астарыңыз дәмді болсын!

Орташа көлемді төрт жуа
Сиыр немесе тауық сорпасы
Нан
Ірімшік
Дәмдеуіштер

Мен Пағижде жеген пияз сорпасы.