Жаздың дәмі
Өз басым ыстықтан көрі салқынды жақсы көремін. Қыста тоңа қоймайтыныма көп жұрт таңырқайды. Бірақ, мұның тақырыпқа қатысы шамалы.
Шебер аспазбын деп мақтана алмаймын. Дегенмен, өзім істеген тамақты өзім рахаттанып тұрып жеп алам. Жазда, күн шыжып, кештің өзі қапырық болып тұрғанда төмендегі тамақты әзірлейтінім бар. Орыстың «окрошкасының» және бір жасалу түрі десек те болады
Құрамы:
Консервіленген қызылша — 1
Қияр — 2
Жуа — 0,5
Жұмыртқа — 2
Айран (2,5) — 200 мл
Салқын су —
Укроп немесе басқа да шөптер
Әрине ерінбесеңіз қызылшаны өзіңіз пісіріп, турап алуыңызға болады. Бірақ, консервіленгеннің бір артықшылығы арнайы дәмдеуіштер қосудың қажеті жоқ. Өзінің қышқылдығы да жетеді.
Сонымен, алдымен жұмыртқаны суға салып пісіріп қоямыз. Ол дайындалып жатқанда, консервіленген қызылшаны ыңғайлы ыдысқа саламыз. Үстіне аздап су құямыз.
Қияр мен жуаны ұсақтап турап, оларды да ыдысқа төңкереміз.
Мұнан соң айранды құямыз. Егер тым қою болып кетсе тағы да салқын су құйып сұйылтуға болады немесе керісінше. Бұл кезде жұмыртқа да піседі. Ендеше оларды екіге бөліп, тартылатын ыдысқа құйылған дайын тамақтың ішіне саламыз.
Ас болсын!

16 пікір