Аула футболы ережесі
Бәріміз бала болдық. Осы жердегі бір брат айтпақшы біз 1992 жылдың тумалары егеменнен соң туылғанбыз. Сол совет одағын көрмесемде советте туылған әке шешем бар, сол кісілердің әңгімесі бар дегендей. Айтпағым, сол біздің (біздің болғанда 1992 жылғылардан былайғыны айтып жатырмын) балалық шақта есіміз кете, беріле ойнаған ойынымыз футбол екені анық. Футболды совет дәуірінде туғандар үшін доп тебу деп атауға болады. Көшеде футбол ойнап жүрсең, ойййй біздің кезде доп ойнаған тозар деуші еді деп миымызды жейтін(рас та шығар). Азаннан кешке дейін доп тептік, доп қудық. шаршамаушы едік. Қойщ на, мақтанып кеттім ау деймін.
Не дегісі келді екен деген шығарсыз, мен сол балалық шақтың көркі болған футболдың қарапайым ережелері жайлы айтпақшы едім. Ереже болғанда УЕФА, ФИФА ережелері емес, өзіміз қолдан жасаған, ешқандай Назарбаевтың қолы қажет емес, заңмен бекітілмеген ережелер жайлы еді. Көп адамның есінде де шығар мүмкін. Сонымен бастадық:
-Командаға бөліну ережесі
Футболды қатты ойнаймын дейтін(типә өзін Зидан мен Марадона сезінетін) екі бала шығады да СУ-ЛИ-Фа жасайды. Жеңгені бастайды да керек адамын ала бастайды, сыбайлас қамқорлық сол кезден басталған екен-ау
-Позиция таңдау ережесі
Бір ойыншының ғана позициясы болатын, ия айтпағым қақпашы жайлы еді. Қақпаға кімдер тұрады: ойнағысы келмей тұрғандар, ойнай алмайтындар(типә Матераццилар), сосын көбіне ең семіз адамды тұратын еді.
Ал сол қақпаның бағанасы да болмайтын, доп қақпашы бойынан асып кетсе гол саналмайтын. Неткен әділдік десеңші!
-Ойынның звездасы немесе жұлдызы болып, сол добын әкелген бала саналады, оны ренжітуге болмайды. Егер ол бала кетіп қалса ойын бітті дей беріңіз
-Айып добын тек аяғын ауыртқан бала қатты боқтап, ептілерді боратса ғана тебеді. Фолды санау үшін әбзәтілні қан шығу керек тізеден немесе шынтақтан.
-Ойын есебін айтсаңызшы, типә нақ баскетбол ма волейбол ма, соған ұқсап кететін. 22-17, 30-26, 15-15 кете береді осылай
-Офсайдтың не екенін де білмейтінбіз,әділ төреші де болмайтын
Осындай-осындай ережелер бар еді. Сіздің алып-қосарыңыз бар ма?
Метр — бір қадамға тең, мейлі 50, мейлі 79, мейлі 108 см болсын. Нақты стандарты жоқ