Аула футболы ережесі

  • Автор
Блог - Ispek92: Аула футболы ережесі
Бәріміз бала болдық. Осы жердегі бір брат айтпақшы біз 1992 жылдың тумалары егеменнен соң туылғанбыз. Сол совет одағын көрмесемде советте туылған әке шешем бар, сол кісілердің әңгімесі бар дегендей. Айтпағым, сол біздің (біздің болғанда 1992 жылғылардан былайғыны айтып жатырмын) балалық шақта есіміз кете, беріле ойнаған ойынымыз футбол екені анық. Футболды совет дәуірінде туғандар үшін доп тебу деп атауға болады. Көшеде футбол ойнап жүрсең, ойййй біздің кезде доп ойнаған тозар деуші еді деп миымызды жейтін(рас та шығар). Азаннан кешке дейін доп тептік, доп қудық. шаршамаушы едік. Қойщ на, мақтанып кеттім ау деймін.
Не дегісі келді екен деген шығарсыз, мен сол балалық шақтың көркі болған футболдың қарапайым ережелері жайлы айтпақшы едім. Ереже болғанда УЕФА, ФИФА ережелері емес, өзіміз қолдан жасаған, ешқандай Назарбаевтың қолы қажет емес, заңмен бекітілмеген ережелер жайлы еді. Көп адамның есінде де шығар мүмкін. Сонымен бастадық:
-Командаға бөліну ережесі
Футболды қатты ойнаймын дейтін(типә өзін Зидан мен Марадона сезінетін) екі бала шығады да СУ-ЛИ-Фа жасайды. Жеңгені бастайды да керек адамын ала бастайды, сыбайлас қамқорлық сол кезден басталған екен-ау
-Позиция таңдау ережесі
Бір ойыншының ғана позициясы болатын, ия айтпағым қақпашы жайлы еді. Қақпаға кімдер тұрады: ойнағысы келмей тұрғандар, ойнай алмайтындар(типә Матераццилар), сосын көбіне ең семіз адамды тұратын еді.
Ал сол қақпаның бағанасы да болмайтын, доп қақпашы бойынан асып кетсе гол саналмайтын. Неткен әділдік десеңші!
-Ойынның звездасы немесе жұлдызы болып, сол добын әкелген бала саналады, оны ренжітуге болмайды. Егер ол бала кетіп қалса ойын бітті дей беріңіз
-Айып добын тек аяғын ауыртқан бала қатты боқтап, ептілерді боратса ғана тебеді. Фолды санау үшін әбзәтілні қан шығу керек тізеден немесе шынтақтан.
-Ойын есебін айтсаңызшы, типә нақ баскетбол ма волейбол ма, соған ұқсап кететін. 22-17, 30-26, 15-15 кете береді осылай
-Офсайдтың не екенін де білмейтінбіз,әділ төреші де болмайтын

Осындай-осындай ережелер бар еді. Сіздің алып-қосарыңыз бар ма?
Ispek92

Топасизм дәуірінің көрнекті өкілі

    Ұқсас посттар

    17 пікір

    zholantai
    шаршаған адам қақпаға тұратын, рука деген көп болатын, оутсайтты ара-тұра айтып қалатын, сұмдық бір өзінше ойын ережесімен жүріп қоятындар келгенде, зайып ал дейтінбіз олар келсе, ереже-мережелерімен қанды ішетін, допты мақсатсыз, қанша жерге жеткізетін көрсетпек болып тебетіндер болатын,
    Ispek92
    сол допты алып келуге жұмсайды ғо арасындағы ең кішкентайын, ол кетеді бұрқылдап, ішінен боқтап боқтап
    satibaldi
    Бәріміз бала болдық.
    Әмбебап ереже емес. Мысалы мына шуақ аспаннан салбырап түстім дейді
    Соңғы түзету:
    Marco
    Мерседес па Тойота ма, қызыл ма жасыл ма, бүркіт па қарға ма, деп бөлінуші едік))) Әдетте үлкендер тұрады, ұсақтары осылай өзіне ат қойып, анаған таңдау жасатады. Әне, нағыз әділдік.
    sigma
    Біздерде ондайды матиласып бөліну дейтін. (Әр елдің иті қара қасқа ғо)
    torgai
    Аяғыңды шпагатпен көтерсең де қауіпті ойын деген болмайтын. Жоғары сынып пен төменгі сынып ойнаса міндетті түрде младшактар жеңілу керек(ол енді кіші балалардың таяққа үйренген, үйренбегеніне байланысты)
    Ispek92
    западло жасайтын еді ғо үлкендер құлатып тастап, соғып кетіп.
    asaubota
    әлі де осы ережелермен ойнай ма екен?
    konvict
    Арнайы аяқ киім деген болмайды. Әркім тапқанын киеді. Біреулер жақында алған кетасын киіп келсе, енді бірі қой бағып келе жатып ойнай салған. Сондықтан, оның аяғында дәәәу керзі етік болады. Жақсы ойнайтын бала команда капитаны болады. Ойында уақытқа шектеу жоқ. Бірінші тайм 10-шы, 15-ші секілді голдарда аяқталады. Ал жалпы ойын не қараңғы түсіп кеткенде, не балалардың бәрі шаршағанда, не доптың иесі қайтып кеткенде бітеді. Есеп қанша болса да, ең соңғы гол «алтын гол» болып саналады. Соны соққан команда жеңіске жетеді
    zholantai
    уот, иә иә солай. сосын керзі етік, табаны қалың, темір бас бәтеңке кигендердің алдына допты алып қоям деп шығу-қатерлі, өте қатерлі. Уақытқа шектеу жоқ, болған емес.
    sigma
    Тек угловой ғана болатын қалған бағытта поляның размері жоқ болатын. Үш литр банкімен (баклажка жоқ ол кезде) су таситынбыз 79дар ойнаватқанда, воротаға тұру үшін. Сөйтіп командаға кіріп аласың, сосын тілі салақтап біреуі келіп, демалвалу үшін воротаға тұрады. Сол кезде ғана жүгіріп ойнайсың, үлкен балдардың аяғына оратылып.
    sigma
    6-7 жасар кезіміз ғо
    Rafaello
    Бір голға дейін ойнау деген ереже бар еді. Оның алдында мамалатып ұтып жатқаның наққа кетеді. Бәрі алға шығып, 1 гол салады деп жеңіп кетеді.
    omarbirat
    Рука демекші, айып добы соғылатын жағдайларда ойыншылардың көңіл-күйіне қарай, не ереже бұзылған орыннан, не он екі (кейде тіпті 9 немесе 10) метрден* соғылатын.
    Метр — бір қадамға тең, мейлі 50, мейлі 79, мейлі 108 см болсын. Нақты стандарты жоқ
    sigma
    Бірінші екі метрін вратарь барын салып аттап беретін.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.