Бөрі қыз
Осы аптада Домбыра пати Астанаға аз ғана уақытқа келіп, көпкүндік рух пен бернеше беттік талқылаулардың себепкері — Чылтыс Таннагашева туралы болады бүгінгі әңгіме…
… Алдында сіркіреп басылып, тамшылап тұрған күн тура Домбыра пати басталарда ашылып кетті (Маралбектің айтуынша: «нұр жауды»). Күн жауынды, өтпейтін шығар деген оймен талай адам келмей қалды. Жиырма шақты ғана адаммен бастап кеттік. Менің артқы жағымнан екі-үш адам қосылды. Бас шұлғысып амандасып қойдым да, елемей тұра бергенмін. Бір кезде Чылтыс қай-қомусын шығарды қынабынан. Шынымды айтсам оған да бәлендей көңіл аударғам жоқ. Тек жанымда тұрған жігіттердің: «Домбырасы ерекше екен» деген сөздерінен соң ғана назар аудара бастадым. Маралбек ортаға шығарды Чылтысты. Тартынған жоқ, отырды да…
..Ұлыды… Алғашқы дыбыстарымен-ақ трансқа түсіріп жіберді. Бір отырдым бір тұрдым… Дауыстарын құбылтып салғаны тіптен сойқан. Сөзін түсініп отырғанымыз жоқ. Бірақ ұғып отырмыз. Кәдімгідей рухтандырды. Ұлыса қай-қайдағымыз қозып кететін Бөрінің ұрпағы екенімізді тағы да есімізге салып кетті.
Жалғыз ақ қыз… Бірақ халқына қызығушылық тудырды. Алдында мұндай халықтың бар екенін білмеппін де. Зерттей бастадым. Танымал екен кәдімгідей. Вконтактеда фанаттары бар екен біраз, майл.рудағы,Фейсбукта жеке бетшесі бар екен. Өзінің жеке сайты, сайтында өзі туралы толық ақпарат бар екен. Сайтқа сілтеме тастаған соң өмірбаянын аударып жатуды хош көрмедім. Сол сайтындағы әр жерлерде түсірілген бейнелерін көріп шығуға кеңес беремін.
Чылтыстың қатысуымен тартылған «От эне» (Біздіңше «От ана» ғой). Қылқобызға ұқсас аспаптың дауысы сұмдық… Күңірентеді енді…
Ақпарат іздеп отырып мына бейнеге де көзім түсті. Рух көтереді кәдімгідей. Тілі де түсінікті (Чылтысқа қатысы жоқ бірақ)
Мына жерде неміс романындағы кейіпкер прототипі ретінде Чылтысты алғаны жөнінде жазылған.
мынау түсіндірмесі
Чылтыстың өлеңдерін МР3 форматында жүктеп алуға да болады. Әсіресе ұнағаны «Эски тюрк» өлеңі.
«spirit of Fire»-дегі «От эне» әні.
Хуун хатан
Сахалық Юлиана