Бөрі қыз

Блог - Daniar-Alan: Бөрі қыз

Осы аптада Домбыра пати Астанаға аз ғана уақытқа келіп, көпкүндік рух пен бернеше беттік талқылаулардың себепкері — Чылтыс Таннагашева туралы болады бүгінгі әңгіме…
… Алдында сіркіреп басылып, тамшылап тұрған күн тура Домбыра пати басталарда ашылып кетті (Маралбектің айтуынша: «нұр жауды»). Күн жауынды, өтпейтін шығар деген оймен талай адам келмей қалды. Жиырма шақты ғана адаммен бастап кеттік. Менің артқы жағымнан екі-үш адам қосылды. Бас шұлғысып амандасып қойдым да, елемей тұра бергенмін. Бір кезде Чылтыс қай-қомусын шығарды қынабынан. Шынымды айтсам оған да бәлендей көңіл аударғам жоқ. Тек жанымда тұрған жігіттердің: «Домбырасы ерекше екен» деген сөздерінен соң ғана назар аудара бастадым. Маралбек ортаға шығарды Чылтысты. Тартынған жоқ, отырды да…
Әрі қарай

Ұлы тауларым

Ұлы тауларым – ұлы анам едің еңселі
Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін мен сені!
Сыңғыры жетпей сұлу бұлақтың бұлқынған
Жап-жазық өлке жабықтырады еңсені!

Ұлы шыңдарым – кезуші ем биктеріңді,
Құздарыңа өрмелеуші едім буып белімді.
Бұланыңды аңдып, Ұларыңды аулап жүруші ем
Асау үйретіп, самалыңды еміп, сүйіп көліңді!

Қайран тауларым, құздарыңнан неге ұшпағам,
Көліңе шөгіп, Қысаңдар неге қыспаған?
Анамсың сірә, соншама еркелеткеніңді
Даңғаза басым көшіп кеткенше ұқпаған!

Ұжымақ деген Тәңір тауы ма, сірә, Алтай ма?
Алтауым ба ұқсап қалатын Алтайға?
Ғимараттарға лифтпен шыққан адамдар
Құдіретің мен қиындығыңды байқар ма?

Астана мынау жап-жазық дала, төбелер,
Төбелер қайтып алып таулармен теңелер.
Ғимараттарды қаншалық биік салсада
Талғамы биік таудың халқына не берер?

Тар жолдар мұнда, сәл қате жүрсең жақпайсың,
Сатып алмасаң емін-еркін бір жатпайсың!
Қапаста өскен ұл-қыздарының бойынан
Ұлы таулардың бір қасиетін де таппайсың?

Биікті көрмей түзейді қалай сыйықты,
Көргені жоқтан күтеміз қандай биікті.
Жаһанданудың жауыздығы ма, кім білсін,
Қайран қазағым таулардан солай үрікті!

Тауымда қалды бақтты шақтар, бөтен күн,
Қалаға келіп шаңырағымды көтердім.
Әй, қайдам, маған бұйырмас мұнда мұңсыз күн
Бөлтіріктердей тауына қарап ұлумен
Өтермін, мәңгі өтермін!

Әрі қарай