Баян таудың басында...

Есағама, Есен братқа, Есен Елеукенге рақымет айтқым келеді:
— Тау басында бір батыр,
Жайбарақат жатқан ба?!
Түстік жерден қас жауы,
Көздеп тұрып атқанда ,- деген өлеңді мен тым бала кезімде оқығам. Бұл Абылай бастаған қазақ жасағының жас жауынгері Жасыбай батырдың өліміне қарата айтылған жыр. "… Содан кейін батыр жерленген тау да Жасыбай тауы аталды, тау етегіндегі көл де Жасыбай көлі аталды" деген жолдар есімде-тін. Сол өлке табан тіреймін, бара қалам деген ой болмапты басымда. Ғайыптан хабар келді, Есағама хабарластым, «жүр» деді, мың болғыр. Сөйтіп, Баянауылды да көрдік.
«Жайдарманның» Жасыбайдағы жазғы кубогын ойыншылардың орыс КВН інің Юрмаладағы бәйгесінен кем көрмейтінін осы сапарда байқадым. Жазғы ойынға да жақсы құрамалар іріктелген екен, бірінен-бірі өтті. Ойын ел көңлінен шықты, әсіресе жағажайда жүрген қыз-қырқын, қатын-қалаш, жігіт-желеңге Қызылордалық командалардың ойыны өте қатты әсер етті. Тереңөзек құрамасы мен Қызылорда әкімінің құрамасы Қорқыттың жігіттерін жоқтата қойған жоқ. Әсіресе, әкім құрамасындағы Әліби мен тереңөзектің Бақалөгі жұртты «жыртты»
Шудан келген жігіттер өз тарапымнан қашанда құрметке ие! Мен күлкінің ойлы болғанын қалаймын, бірақ ызаланып күлгім келмейді Бұралқы әзілімен ауылды еске түсіреді Шудың «шөпшілері»
Нұрболхан таза шеберлік сыныбын өткізді. Талғат Мұсабаевты жақсы-ақ көрсеткен, бірақ, ол жағажайдағы жұрттың санасына жете қойған жоқ, жалғыз Әсел Шарбекова мәз болып ұзаақ күлді. Мен мәз болдым, Нұрболханның еңбегі қайтты-ау деп, енді таза өзекті мәселені ұсынды Нұрболхан. Бірақ, зал… Залды айттым ғой, қызылордалық командалардың әзілдері қатты күлдірді.
Павлодар, Екібастұз, Қостанай жігіттерінің дайындығы бір деңгейде көрінді. Максим (Екібастұз) әркездегідей көше аттарын жақсы әзілге арқау етті. Павлодар Қазақстанның биылғы барысының атын шатастырғаннан кейін-ақ ұнамады. Қостанайға шеберлік жетпегендей көрінді, шыңдалу үстіндегі жігіттер ғой, әзілдері жақсы болғанымен ойындары сылбыр секілді.
Семейлік «Альянс» орын алар ау деп ойлағам. Бимен өрілген әдемі ойын көрсетті, десек те, «Туған күн» кубогын алуға жігіттер көп күш жұмсап қойған секілді.
«А» корпусына өтпей қалған шенеуніктер, тікелей эфирде планшеті сөніп қалған теле жүргізуші, ставкасы шықпай қалған братан деген әзілдері үшін Жаңаөзеннің «Мұнай тамшылары» тобына ырза болдым. Айтпақшы, мұндай өзекті әзілдің бірі Тереңөзекте де болды: Бақалөк ертегі айтып отырып, «жалмауыз кемпірдің бір тісі Протонға тиіп жерге құлатыпты» деген жеріне қол соқтым. ҚАТАҢ!
Күлтегін жинақы, сабырлы, тек Жазғы Кубок алу үшін барған құрама екенін танытты.
Жазғы кубокқа барып, ойнамаған «Араласқа», екінші орын алған «Назар аударға» және Жасыбайға бармай қалған "Ұлттық құрама",«Барыстар» және «Экспресске» тағы бір лига ашып беру керек-ау деп ойладым. Супер лига ма, чемпиондар лигасы ма бірдеңе очм…
Әдемі демалыс болды! Сол күндері Жасыбайда болғандарың жүрегінде Ж әрпінен басталтын біраз сөз жатталып қалатын болар. Олар: Жаз, Жасыбай, Жайдарман, Жаңаөзен (ойында бұл сөздерді жаңаөзендік Райымбек Қанатбаев айтты)
ЕСКЕРТУ: Ойын туралы пікірлер өзіме ғана тиесілі, келіспеуге болады. мен көргенімді ғана, ойыма түйгенімиді ғана айттым.
Ал, қалғанын суреттер айтсын. Кәсіби фотоаппарат жоқ, планшетпен жасалған дүниелер, сапасы үшін боқтамаңыздар!
Айтпақшы, Жасыбайға барып демалып қайту ап-арзан екен!
Бөлісу:

13 пікір

aza
Суреттердің үстіне төнсеңіз түсініктері шығады екен…
omarbirat
Джип алғанда бармасақ…
asaubota
барып келгендей болдым, жақсы фотосет.
kozildirik
Баруың керек еді, уапще ДжынД болды. Әлі әсерде жүрміз)))
izbasar
Аза Домбыра Party өткізіп жіберуің керек еді. Жарнамасы мен үкімет назары аумай тұрған жер. Баян елі академиктер мекені ғой.
Daniar-Alan
бырат барып тұрмыз ғооо
zholantai
ұнад, күшт. неге фотокамераға қарамай түсесің, бырат? Шідерті өзенін көзбен болмаса да, фотодан көргеніме қуанып отырм. азды-көпті, іліп-шалып естіп жүрген өзен еді
Соңғы түзету:
karlita_92
мына мақаланы кім жазған рақымет емес рахмет болады ғой
aza
Қырағылығыңыз үшін рақымет! Рахмет деп жазайынч деп отырам-ау, рақымет деп жазылып кете береді…
karlita_92
басқасының бәрі керемет
ken
Суреттерде негізінен Жасыбай көлінің маңайы екен. Басқа да көруге тұрарлық әдемі жерлері мен көлдері бар. Тамаша жер. Рекомендеймін.
xsanatos
ер адамның әнебір жері сияқты тау бар еді ғой)))
aza
Ондайды көрмедім, қыздар қарамаса. Айтпақшы, барып келген қыздар бар, солардан сұра