Баян таудың басында...

Есағама, Есен братқа, Есен Елеукенге рақымет айтқым келеді:
— Тау басында бір батыр,
Жайбарақат жатқан ба?!
Түстік жерден қас жауы,
Көздеп тұрып атқанда ,- деген өлеңді мен тым бала кезімде оқығам. Бұл Абылай бастаған қазақ жасағының жас жауынгері Жасыбай батырдың өліміне қарата айтылған жыр. "… Содан кейін батыр жерленген тау да Жасыбай тауы аталды, тау етегіндегі көл де Жасыбай көлі аталды" деген жолдар есімде-тін. Сол өлке табан тіреймін, бара қалам деген ой болмапты басымда. Ғайыптан хабар келді, Есағама хабарластым, «жүр» деді, мың болғыр. Сөйтіп, Баянауылды да көрдік.
Әрі қарай

Академиктер елі Баянауылда

Мен үшін қазақтың кез-келген жері қымбат. Қазақтың керемет жерлеріне керемет ғұламалар дүниеге келген ғой. Ал, Баянауыл өңірінен Мәшһүр Жүсіп атамыздан бастап өткен ғасырдың ортасындағы Қазақ КСР ғылым академиясын тізгінін ұстаған академиктер Қаныш, Әлкей, Ермахан сияқты ғұламалрмен бірге қазақ киносының атасы Шәкен, Кәукен сияқты нар тұлғалар дүниеге келегенін бәріміз білеміз.
Сол ғұламалар елінен фотолардан үзінді тамашалаңыздар.
Мұса мырза мешітінің алды
Мұса мырза мешітінің алды.
Әрі қарай