Қара киімдегілердің* қылығы
Күнделікті өмірдің жүріс-тұрысында аяқ астында пайда болған көрініс өз кезегін алады. Соның ішінде жақсысы да бар, жаманы да бар. Ұсақ-түйегі лезде көңілден кетсе -кейбіреулері жылдар бойы мазалайды. 2010 жылдар тұсында, жаз айында, жылдар бойы мені мазалайтын көрініске тап болдым.
Жұмыстан қайтқанда МСБ-2** ауруханалар ғимараттарының сыртымен айналып өтіп, автобус аялдамасына жетіп, әрі қарай автобуспен жолымды жалғайтынмын.
Автобус аялдамасына төте жолмен де жетуге болады. Ауруханалар ғимараттарының аулалары арқылы жүрсем болғаны. Бірақ ырымдап жүрмеуге тырысатынмын.
Ауруханалар ғимараттары үш жерден кіріп-шығатын қақпалары бар темір дуалмен қоршалған.
Темір дуал қоршаудың бойымен келе жатсам, жаңбыр суы дәл одан шыққан қақпаның тұсында көлшіп жиналыпты. Әрі қарай жол жалғаудың мүмкіншілігі жоқ болғандықтан, ауруханалар ауласын кесіп өтіп, автобус аялдамасына шықпақшы болдым.
Ауруханалар ғимараттарының араларымен келемін. «Өкпе аурулары» келесі ғимарат «қатерлі ісік… аруларды емдейтін..»,- деп іштей ойымды аяқтап үлгерген жоқпын алдымда кенеттен пайда болған көріністен тұрып қалдым.
Он шақты он төрт -он бес жас шамасындағы жасөспірімдер. Барлықтары бір-бірінен ажыратылмастай қара түсті киімде. Үш -төртеуі орындық үстінде, қалғандары жағалай отырып пирамида түзеп жайғасыпты. Бетінде адамның бас сүйегінің қаңқасын бейнелейтін маскасын киіп алғаны пирамида төбесінде тұрып, алдындағы аурухана корпусының ашық терезелеріне (палаталар ауасын желдету үшін ашылған)қарап бар дауысымен:
-Өліммін, мен өліммін. Келдім сендерді алып кету үшін, -деп сарказмге толы өтірік күлкісімен күледі. Ісін бірнеше рет қайталап көрді. Қайталаған сайын, дауысы нық шықты.
Маңайындағы орындықтарда қара киімді ересек жігіт, қыздар көріністі тамашалап, құптаған күлкілерімен қойылымды қолдайды. Қолдарында ұстаған сыра, арақ шөлмектерінен ұрттағандарын да ұмытпайды.
Бір уақытта аурухана корпусынан ер адам шықты. Қолдарын басынан жоғары көтеріп «тараңдар» деген мағынада айқастырып қозғады. Осы мезетте аурухана ғимараттарының бірінің бұрышынан күзет (аурухана күзеті) көрінді.
Әрі қарай немен аяқталатынын тосқан жоқпын. Соңы белгілі. Жолымды жалғай бердім.
Автобуста отырғанда, көргенімді есіме түсіріп сараладым:
-«Қара киімді» жастар кездейсоқ жерді емес, ауруынан сауығып шығуы екі талай жандар жатқан ғимаратты таңдап алған. Саны біреу емес, бірнешеу. Он шақты. Ұйымдасқан топ. Өздерінің бойына жинаған қатыгездікті сыртқа шығару түрін ойластырып, таңдап алынғандары көрініп-ақ тұр. Көрген, естігенге -ауыр тиетіндей етіп таңдалынған,-деп ойымды қорытып едім нәтижесінде түйсігім жағымсыз эмоцияларға толып кетті.
Осындай қатыгездік қайдан шығатынын білгендей болдым, жауабы мүлдем басқа әңгіме.
* Қара киімдегілер деп отырғанымды «готы» дейді кейбіреулер. Субмәдениет атауы.
** МСБ-2 Медициналық санитарлық бөлім, орысша МСЧ-2
Анықтама: 2012 жылы 17000 қазақстандық қатерлі ісіктен көз жұмыпты

6 пікір