Егер объективті қарасақ

Зейнетке шығу жасын ұзартуға жабылып бәріміз қарсы шығып жатырмыз. Ал осы «халыққа қарсы» реформаны неліктен жүргізуді қолға алды екен Марченко деп ойланып көрдіңіздер ма?
Халыққа популист саясаткерлер көбірек ұнайды. Олар еш тәуекелге бармайды, жалпы, елге жағатын құр сөздерді, халықтың сүйіктісі болу үшін әлеуметтік саланы қолдау деген оңай жолға шаба береді. Мысалы, қазақ тілі, дәстүрі туралы шулаушылар, зейнетақыны көтеру сынды «халықшылдар». Кімдер екенін іштерің сезген шығар.
Бірақ саясатта шын білімді, ел экономикасы деген қиын механизмді түсінетін, «елі деп еңіремесе де», мемлекеттің алдыңғы күнін, экономикалық ахуалын ойлайтын адамдар болады. Экономика жайлы менің де білерім шамалы. Бірақ тіпті мен мына зейнетақы реформасының ең бірінші өзімізге керек екенін түсініп отырмын. Комментарийге "өзіңнің анаң 63-ке дейін жасаса не істер едің" немесе «еден жуушы болып жасайтын апайлар белі бүгілгенше жасай ма сеніңше?!» деп айғайлауға көшпеңдер. Еден жуушылар апайлар Америкада да бар. Өтірік сөйлемейікші, зейнетақы мөлшері қазір елімізде өте жақсы ғой.
Сондықтан әуелі неліктен осылайша зейнет жасын ұзарпақшы деп кішігірім зерттеу жүргізіп, тек зар жылаушылардың емес, экономикадан хабары бар адамдармен ақылдасыңдар, Марченконың да ойларын оқыңдар.
Объективті болайық! Не болса да бұл реформа точно шенеуніктердің қалталарын толтыру үшін жасалып жатқан зат емес, өзімізге керек дүние.
Бөлісу:

23 пікір

bizbike
мен сізді бір сараптау жасаған шығар десем…
біріншіден 63 жасқа дейін отыра берсек, онсыз да жұмыссыз жастар көбейе береді емес пе. Ал жалғастырайық, кім қолдайды бұл заңды, неге қолдайтынын жазсын ал
asaubota
дұрыстап түсіндіріп берші, мен әлі түсінген жоқпын қай жері жақсы екенін.
Abilakim
Мен өзімше сараптау жасаған едім. Мына, тақырыпта «жарқ» ете қалған екен.

kerekinfo.kz/blog/Abilakim/10454.html
torgai
Онда министрдің «Аз жалақы алатыныңыз үшін мен кінәлі емеспін» дегенін қалай түсіндіресің? Мемлекет ондай қадамға баруы үшін, әуелі елдің әлеуміттік жағдайын көтеруі керек. 3 миллион жинасаң ерте шыға бер дейді. Бізді қойшы жарайды. Ауылда жүріп 20-30 мың алып жүрген кісілер барлық жалақысын зейнетақы қорына жинау керек пе сонда? Ай сайынғы 2-3 мың теңгені аударатынын ескерсек, өле-өлгенше жұмыс істеуге тиісті олар.
Nodar
ия, бірден 63-ке көтермейді, әуелі 58 жасқа, сосын жайлап көтереді
neoman
Жалпы,қарапайым ғой барлығы. Бюджетте ақша аз, үнемдеуге кірісу керек. Жарты ғасырда (бюджеттің басты кірісі) мұнай таусылатынын ескерсек, тезірек бастау керек реформаларды… Зейнеткерлерге көп ақша шығындалады. Олардың жетпіс пайызы әйелдер, ең тиімді логикалық жол да зейнеткерлік жасын көтеру. Оның үстіне, статистика бойынша олар еркектерден әлдеқайда көп жасайтыны белгілі.
Барлығы дұрыс. Мен о бастан қарсы емеспін бұл өзгерістерге.
Бірақ мемлекет барлық бағытта осындай үнемдеу реформасын жүргізіп жатыр ма деген сұрақ қоятын болсақ, қиындау ия жауап беру…
Nodar
Мемлекет халқын зейнетақымен қамтамасыз етуге міндет емес. әрине ерекше жағдайлар да болады, денсаулық, зейнеткердің бір қиын жағдайлары сияқты.
Зейнет ол өзіңнің еңбегіңнің пайдасын және нәтижесін көру деген сөз. Ренжімейік, мысалы жоғары білім алып, жақсы жұмыс үшін еңбектенген, қалаға көшкен адам мен айлығы аз жұмысты өмір бойы місе тұтқан адамның зейнетақыларының бір деңгейде жоғары болуы тек «утопиялық» әділетсіз ой. Олай еш жерде ешқашан болмайды, болмаған да.
daugozhek
Маған поқ, мен қатын емеспінғо салғыласатын ық ық ық)))
ОСы жерде тура мағынасын тапқан сөз болды бұл
SaryQazaQ
Пост арнаған соң, объективті тұрғыда талдамадыңыз ба
temir1986
Мақала иесі оттаған екен. Олар (жоғарыдағылар) біздің қамымызды ойлап жүргені шамалы. Өз қалталары толса болды оларға и nodarғада
Elirgen
Тозақтың жолы текеметпен төселген демекші, зейнетақының көлемін күйттеген үкіметтің бүгінгі іс-әрекеті керемет таң қалдырып отыр. Құдайым-ау, сонда қалай, зейнетақы жүйесін қалыптастырғанда барлық факторлардың есепке алынбағаны қалай??? Дегенмен, біздің үкімет тауық милы делік, яғни, бір ойдан артық ой миларына кірмейді делік, сонда қазіргі қызық- үкімттің тап қазір ойлағаны не? Егер, еліміздің қаржы жүйесінің халі мүшкіл делік, оның сол жағдайын жеңілдету үшін, халық бір ұшының ауыртпалығын көтерер-ақ еді, бірақ, сол сорлы халық соқыр емес қой, анау талан-таражға түскен бюджеттің тесік-шұрығынан азулысы арбалап, тырнақтысы түйелеп алған ұрыларды неге тыймайды? Оны халық біледі деген ой неге келмейді?
Неліктен қарапайым халықтың есебінен шешілуі керек? Қарапайым халық болғанда неге әйелдердің есебінен? Тағы да бұл реформасстың бір ұшы-жалғыз қор құрылмақшы, мемлекеттік болады деседі. Ойды жүгіртсеңіз, қилы-қилы фантазиялар келеді жұмыр басқа, пендеміз ғой, сонда да, сумаңдаған сол жаман ойлар нені түртпектейді, күдік, күдік… демекші… Егер бүкіл халықтың тырбаңдап жинап-тергені бір, мемлекеттік қорға жиналады десеңіз, оны пайдаланатыныңыз шенеунік боп шыға келеді, бұны бір деңіз, екінші жәйт-ЭКСПО-17 өтетіні, оны өткізуге қаражат керек, қаражатты сұға бергенде бұға берген халықтан жинау ең жуас жол. Жолдастар, сондықтан, үкіметті мәймөңкелеп, қорғаудың қажеті жоқ, қойнынан бөзі, аузынан сөзі түсіп тұрған министрсымақтың патамушта-патамушта деп еркелегенін көтеруге еш жол жоқ.
Nodar
"Қарапайым халық" демей-ақ қой. Халық сондай қарапайым, аңқау емес.
Нарық заманына қош келдіңіз ендеше!
Бәрі әділетті. Әркім өзінің қариялық шағын өзі ойлауы тиіс.
Мемлекет онсыз да тегін білім мен әлеуметтік жеңілдіктерді молынан жасауда.
Elirgen
Мемлекет онсыз да тегін білім мен әлеуметтік жеңілдіктерді молынан жасауда.

Мына бір «данышпан» сентенцияңыз мықты айтылған екен. Сол әлеуметтік жеңілдікке молынан қарық болып жатқан адамдардың да кім екенін «аңқау емес» халық көріп отыр, тегін білімнің де не екенінен «еміс-еміс» хабары бар халық сезеді.
Ал
Бәрі әділетті.
дегеніңізді классикалық афоризмдер қатарына қосуға болады, бірақ шынын айтайық, «патамушта, патамушта»-дан танымалырақ болуы екіталай.
nurbergen_makym
Сұмдық субъективті көзқарас үшін кешіріңіз, бірақ, меніңше, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға, әсіресе, оның 1 бабының 38 тармағына зер салсақ, бізге сіз айтып отырғандай "қарттығымызды" ойлаудың нұсқаларын таңдатпайды екен.
nurbergen_makym
Нодар, Сіз сонда белгілі бір тарапты ұстанып, соны насихаттап һәм сіздің қасыңыздан табылу абзалырақ екенін меңзеп отырсыз ба, постыңызбен?
Nodar
жоқ. Бұл жай менің объективті бірақ субъективті ойым ғо. Не деп жазылған ол бапта?
Elirgen
Өзіңіздің ойыңызды объективті санайсыз ба?
nurbergen_makym
Сондықтан әуелі неліктен осылайша зейнет жасын ұзарпақшы деп кішігірім зерттеу жүргізіп, тек зар жылаушылардың емес, экономикадан хабары бар адамдармен ақылдасыңдар, Марченконың да ойларын оқыңдар.

Мынаны айтқан/жазған сен емес пе ең, нақ?! «Не деп жазылған ол баптаң» не сенің?
Nodar
Халық объективті ойламайды. Мысалмен айтайыншы, жұмысқа тұра алмаса, ой елде жұмыс жоқ, аға-көке керек деп айтады, өзінің білімінің аздығы, кезінде жас қайратты шағында күні-түні тырбанып, ізденбегенін мойындамайды. Мен солай ойлаймын. Ал объективтілік деген, эй әуелі мен өзім маман ретінде не білем, ағылшынша білем ба шетел компаниясында жұмысқа тұра аларлықтай, білімім шынымен бар ма әлде жай диплом ба қолымда, мен сірә басқа варианттарды қарадым ба жұмыстың, мен оқу бітіріп бірден алға бірден талпындым ба? деген сұрақ мазалау керек, намысы күю керек.
Бірақ ЖОҚ мемлекет бар ғо, сол екен ғо бәрін қамтамасыз ететін, бәрін со жұрт қатарлы өмір сүдан көріп байларды, әкімдерді жамандап жұрт қатарлы өмір сүру деген бар екен ғо.
айдалаға кетіп қалды демеңіз, просто мен ойымды жеткізуде қиындық көрем.
Nodar
Нурберген дурыс сеники. Окимын бугин занды. Именно занды окымаган едим.