Тавтология

Журналистика факультеттерінде жазу шеберлігіне үйрететін мұғалімдердің ең басты міндеті – студенттерді тавтологиядан арылту. Екінші міндеті де осы, үшіншісі де! Тавтология қазіргі журналистиканың, әсіресе тележурналистиканың тіліне әбден дендегені сонша норма ретінде қабылдайтын күйге жеттік.

Ең жаманы – логикалық тавтологиялар. Жаңа ғана айтылған ойды өңін айналдырып қайталау. Мысал үшін төмендегі мәтінді қарастырайық.

«Қатыгез ана өз баласын 30 мың долларға сатпақ болды. Талдықорғанда тіркелген сұмдық оқиғаның басты ұйымдастырушылары — ана мен әже. Бірінің — бауыр еті баласы, екіншісінің немересі болған 2 жасар бүлдіршін полицейлердің арқасында аман қалды.
Құқық қорғаушыларға жедел ақпарат түсіп, олар дер кезінде қылмыстың алдын алып үлгерген. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал, облыстық ішкі істер департаменті сатылудың аз-ақ алдында қалған бала Талдықорғандағы сәбилер үйіне жіберілгенін хабарлады.»
*

«Ұйымдастырушылар – ана мен әже. Бірінің – бауыр еті баласы, екіншісінің немересі». Бірінші сөйлемнен баланы сатушылардың кім екенін, олардың сәбиге қандай туыстығы барын білдік. Екінші рет қайталаудың қажеті қанша? Әрине, мұны журналистің мәтінге әлдеқайда қою реңк, әсер беруге ұмтылуымен түсіндіруге болады. Дегенмен, әр секунды санаулы тележаңалықтарда мұндай «көкектік» артық.

Әрі қарай «… 2 жасар бүлдіршін полицейлердің арқасында аман қалды. Құқық қорғаушыларға жедел ақпарат түсіп, олар дер кезінде қылмыстың алдын алып үлгерген.» Тағы да дәл сол қателік, жаңа ғана айтылған ақпаратты езгілеп, шайнай беру. Құдды, журналистке мәтіннің көркемдігі мен ақпараттың сапалылығы емес, сөз бен сөйлемнің санына қарай ақша төлейтіндей әсер қалдырады.

Және бір мысал:
«Елімізде жекешелендірудің екінші толқыны басталады. Яғни мемлекет меншігіндегі нысандар жеке кәсіпкерлерге беріледі. Әрине тегін емес. Қазіргі таңда оның жолдары нақтылану үстінде. Кәсіпкерлермен өткен кезекті кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру ісінде асыра сілтеуге жол жоқ деді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті қарқынды дамыту үшін міндетті мүшелік мәселесі оң шешімін табуы тиіс. 7 жылдан астам уақыт дау тудырған міндетті мүшелік енді қалай шешімін табады.»*

Алғашқы сөйлем түсінікті. Екінші сөйлемнің қажеті қанша деген сұрақ туады. Әлде «жекешелендіру» бұрын-соңды қолданыста болмаған, тәппіштеп түсіндіруді қажет ететін термин бе?! Жоқ!

Енді соңғы екі сөйлемге назар аударыңыз. «… оң шешімін табуы керек… қалай шешімін табады». Дауыстап оқып көріңіз, құлақты осып түседі. Бұл тура тавтология. Синоним таба алмағандай бір сөзі бірнеше рет қайталау.

Ортадағы сөйлемдерге де көңіл бөліп қою керек. «… асыра сілтеуге жол жоқ деді… оң шешімін табуы керек...» дегенде не ұғамыз? Асыра сілтеу — мемлекеттің барлық меншігін сатып жіберу ме, оң шешімін табу – мүшелікті міндеттеу ме, әлде мүлде алып тастау ма? Түсініксіз. Дегенмен, бұл тавтология туралы тақырыптың аясы емес. Келесі жолы талдап көрерміз.

* — бұл мәтіндерді ойдан шығарған жоқпын. Өздеріңіз күнде көріп жүрген телеарналардың жаңалықтар қызметінің журналистері жазған материалдар. Қауымдастықтың бірінші мақаласында ешкімнің атын атамауды жөн көрдім.

Пы.сы. Әріптестерім ренжімесін. Қателеспейтін адам жоқ. Менің де қателерім көп. Және түзеткен адамға алғыс айта аламын.
жалғасы
Бөлісу:

62 пікір

Aya
«Журналистік шеберлік» пәнінде сіз айтып отырған бұл заттарды үйреткен жоқ. Әйтеуір, ол сабақта сарғайып кеткен «Лениншіл жас», «Мәдениет және тұрмыс» сынды газеттерді ақтарыстырып-төңкерістіргеніміз есімде. Мәтінді ықшамдап жазу туралы "Қазақ журналистерінің тәжрибесінен" деген кітапта жақсы жазылған.
Marco
Тәжірибеден өтуге келген студенттерден көріп жүрміз)))
Шындығында, бізге де оқытқан жоқ. Оқуды күндізгі бөлімде бастап, кейін сырттайға ауысып кетіп, жұмысқа ерте араласқаныма қуанамын.
torgai
Түсініп отырмын кімдерге қатысты айтылғанын. Бірақ, осыны одан да өздеріне айту керек еді.
satibaldi
Сонда қалай, журфакта мұны үйретпей ме не?
satibaldi
Меніңше тавтологияға құмарлық — ертеректе мәтінге сөз санына қарай хеламақы төленетін кездерде қалыптасқан.Яғни бұрын, мәтінде неғұрлым көп сөз болса, соғұрлым көп төлеген ғой. Көп жазсаң — көбірек ақша аласың да, аз жазсаң — сәйкесінше — азырақ аласың. Соның салдарынан тавтологияға құмарлық пайда болған.
Соңғы түзету:
Marco
Жүргізуші ретінде айтсам, зайып ал да тавтологиялар! Әбден зайып ал! )))
Соңғы түзету:
asaubota
сол тиын үшін ғой деген ойдамын мен де. қазір редакцияларға арналған KPI-ларды қарап жүрмін. мысалы ол жерде мәтіндегі символ саны туралы ешқандай критерий жоқ. материал авторына қойылатын басты талаптар: жеделдік, креативтік, сауаттылық, т.б
Marco
Қазір ақпарат көп. Оның бәрін қамтып үлгеру керек. Жарты сағатттық хабарда қаншама ақпарат қамтып үлгеруге болады. Ал, мынадай қайталаулар, керісінше, сол мүмкіндікті қысқарта түседі.
kokbori
Рахмет деп маңырааап қана отыра береміз ғой енді
omarbirat
Сәбет заманындағы юморшылардың бір ойды бес түрлі сөйлеммен қайталап айтып шығатын әзілдерін еске түсіреді, рас. Жалғыз журналистер емес, тіл білімін төңіректеген мамандықтардың бәрінде бар шығар осындай, жеткізер ойын қысқа да нұсқа, нақты, ықшамдап беруге тырыспау деген. Әйтеуір қазақша естілсе болды, сөзді сапыра береді, сапыра береді.
konvict
Жақсы жазылыпты. Осындай ақыл-кеңестер біз секілділер үшін пайдалы болады
ken
«Екі айдың жүзі болды» дейтіндерді де осыған жатқызуға болады ма?
VKM
Орысша айтқанда «масло масляное»
ken
Сосын қазір «және», «да/де» деген сөздердің орнына "һәм" деген сөзді қолданады, (оны біреулер "әм" деп те айтады). Бұрын "һәм" демейтін сияқты еді ғой?
Соңғы түзету:
omarbirat
Сирек те болса дейтін. Қазір просто сәнге айналып кетті.
kokbori
«яғни» деген де жиі айтылмайтын. Қазір соны айтпаса іш кебеді ғой
bizbike
негізі қазақ тілі сондай ауқымды тіл ғой, үш-төрт сөзбен жаңалықты кесек-кесек қылып айтып тастауға болады. Бірақ аудармаға келгенде білмеймін, ағылшынның үш-төрт сөзінен тұратын сөйлемі қазақ тіліне аударғанда өте көп әріп болып кетеді. Мектепте шығарма жазғанда шыққан бет санына баса назар аударатын еді, олимпиадаларда 8-12 беттен кем шығармаларды қарамайтын да, мүмкін содан қалып қойды ма екен, онда сөзді шынымен де сапыратынбыз
Соңғы түзету:
kokbori
Сөзіңіздің жаны бар, жалпы қазір мектепте үш беттен артық жазбасаң шығармаң қабылданбайды.
Erasyl2
Ағылшын курсында оқығанда екі беттен артық жазсаң қабылдамай қоятын. Сонда қызық көрінетін ))
Marco
Университтерінде де солай. Мысалға эссе 1000 сөзден аспауы керек деген талап қояды. Мейлі тақырыбың Қазақстанның БСҰ-на кіруі немесе англо-бур соғысы кезіндегі ағылшын көсемсөзі туралы болсын, ұр-май-ды! Егер шайтан түртіп 1200 сөз жазып, бүкіл мағынаны соңғы 200-ге қалдырсаңыз, шаруаңыз бітті. ӨЙткені профессор 1000 сөзден әрі қарай оқымайды!
omarbirat
Қазақ тілінде сөздер ағылшын тіліндегі сөздерден ұзын болып келеді. Ал енді көп жағдайда қазақша мәтінде ағылшыншаға қарағанда сөз азырақ болады. Ағылшыншада сөз көп болатын себебі — зат есімдер септелгенде оларға мекен үстеулері (preposition) қосылады. Ал қазақша сөздер жалғау-жұрнақтар арқылы түрленеді
Соңғы түзету:
Abilakim
Журналистикаға еш оқытудың керегі жоқ. 5-6 ай тәжірибемен ауыздарын ұру керек те қолдарына сертификат беру керек.
satibaldi
Шынымды айтсам, осынау шалдуар да әпербақан мамандық үшін (егер «мамандық» деген қастерлі ұғымды бұл қызмет түрімен қаар айту жалпы мүмкін болса) несіне 4 жыл оқитынын мен де түсінбейм.
torgai
Мамандық! Мен үшін бұл ауыстыруға келмейтін мамандық. Тек, тілмен орақ орып сынағанда дарадаймыз бәріміз. Өз қызметің жайлы айтылмаған соң осылай сөйлейтін шығарсың.
satibaldi
Америкада журье — спичрайтер, коммюникер сияқты жеңіл-желпі, сағызшайналды мамандықтармен қатар 1-2 айдың ішінде оқытыла салад. Айтпақшы, америкалық фермерлік колледждерде екі жылда бір адамға адамға 17 мамандық беріп жіберед, соның ішінде — журналистік те бар Сендер ғой лібә, сөз сапыруды қастерлеп, төбелеріңе қойып Құсық мамаңңдық
satibaldi
torgai былай ішіпТ:
Мен үшін бұл ауыстыруға келмейтін мамандық.
Старт алып кеткен зымыранның прокладкасы ауыстыруға келмейд, ал мен жазалайм, қатал жазалайм
torgai
Дұрыс, мұның дұрыс. Мен керемет журналист емес шығармын. Бірақ, біреу үшін көпке топырақ шашқан болмайды. Әркім өзіне қатыстыны білуі керек.
Соңғы түзету:
Aya
шалдуар да әпербақан мамандық
қалай дәл айтылған
bizbike
в январе месяце / қаңтар айында дегендер де тавтология ғой, өйткені январь / қаңтар онсыз да месяц / ай екені түсінікті
Соңғы түзету:
Marco
Міне, міне! Қарап отырсаңыз, осы уақытқа кейін бұл ойыма кіріп те шықпапты)
Орыстардан да тавтология тауып жатырмын «Кивнуть головой» дейді.))) Адам басқа ешбір органымен «кивать» ете алмайды ғой)))
satibaldi
Азғын қиялыңдысс
Marco
 Ну эта часть по моему может только брыкаться и дрыгаться
torgai
Орысшаға шорқақпын. Сондықтан ештеңе дей алмаймын. Бірақ, әдеби кітаптарда да «Кивнуть головой» осылай жазылады кейде
satibaldi
В январе месяце / в текущем… году — дегендер негізі өзін ақтайтын тұстары бар. Кім әскери құжаттармен таныс? Онда донесенеиелерде (KILYZAMAN -сстың!!!), сипаттамаларда осындай бос графалар бар. Қажет айды, жылды, т.б. реквизиттерді қойып шығасың.
Меніңше осы әскерилердің қылығы кейін журьеге де жұққан. Ал журьеден — бәріне жұққан
Соңғы түзету:
bizbike
в текущем году түсінікті, ал январь айдан басқа нені білдіруі мүмкін?
Соңғы түзету:
satibaldi
Қадірменді сіңлім!
Мынау әскерилерде түрлі барлау, жерді сипаттау, т.б. құжаттар бар. Ондай мәліметтерде болған уақытының дәлдігі аса үлкен рөл ойнайтыны өзінен өзі түсінікті. Енді қара: полиграфия 5-10 жылға қажет бланкілерді бірден баса салмай ма? Сондықтан ай көрсететін жерін, жыл көрсететін жерін бос қалдырад.

Алдымен мынадай формада болса керек:

________ ___________
(месяц) (год)

Кейін былай болса керек:

Довожу до Вашего сведения, что в _______ месяце текущего _______ года KILYZAMAN передал заграницу 200 килограммов документов.

Енді бұлар мұрағатта 25 жыл сақталу керек. Әрине, 10 жылдан кейін архив ақтаратын адам ананың текущий деп отырғаны нешінші жыл екенін өзі жазып қоймаса қайдан білсін нақ???
bizbike
в текущем году дегенді түсіндім ғой, бірақ месяц дегенді бәрібір жазбауға да болатын еді меніңше
Соңғы түзету:
satibaldi
Ей христиан! Неғылған адамсың өзің нақ???
bizbike
сіңлім депсіз, сіз жынысыңызды виртуалда ауыстырып алғансыз ба әлде реалда ма?
bizbike
аудармаға кетіп қала бергенім үшін кешірім өтінемін, бірақ retention — мамандардың басқа компанияларға кетуін болдырмау, nationalization — шетелдік мамандарды жергілікті мамандармен ауыстырудың орнына не ұсынар едіңіз балама ретінде?
satibaldi
Маман қаңғыбастығын шектеу, көккөзді қойкөздендіру.
bizbike
не ғой, ол қаңғығысы келгеннен емес, анда ақшасы көбірек болғаннан кетеді, ал жергіліктілердің арасында көккөздер де бар, шетелдіктердің арасында енді неше түрлілер бар. Осындай реңкпен не ұсынар едіңіз?
Соңғы түзету:
satibaldi
Маманаққыштыққа Көксарай контррегуляторын салу; келімсекккебаламабаламбар.
AL-ASTER
Лібә, рас нақ. Истерика адамдар шшеттер, істеп отырғандарын қарасақ кереметтей іс тындырып отырған сияқты, сол жерге өзің отыра қалсаң, қарапайым дүние.
omarbirat
Орынды көтерілген мәселе. Мұндай қателер жазатын адам мәтіннің мақсатын түсінбеуінен шығар деймін. Мақсаты дегенім — әдеби мәтін мен информативті мәтін. Әдеби мәтінде кім қалай жазса да шектеу жоқ. Тавтологияны әдейілеп қолданса да жазушының өз еркі. Әдемі сөздерден сөйлем құрау ғой. Бастысы — оқитын адамды қызықтыра алуы керек.
Ал енді информативті мәтін оқырманға ақпарат беруге ғана арналған. Айтылатын нәрсе нақты жеткізілуі керек. Сөз сапыруға орын жоқ мұндай кезде.
Осы екеуіне мән берілмейді, меніңше.
Соңғы түзету:
omarbirat
Соңғы кездері «мүмкін емес болса», «дұрыс емес жұмыс істеу», «керек емес заттарды» деген сияқты тіркестерді «мүмкін болмаса», «дұрыс жұмыс істемеу», «керексіз заттарды» деп түзетіп, әріптестеріме солай ықшамдап жазыңдаршы деп айтып зайып алым шығып жүр
erkekiz
Осы «Керек инфоға» сирек кіріп, кейде пайдалы дүниелерді оқып демалып қаламын. Соңғы кездері байқаймын тек өсек жазатын алаңға айналып бара жатқан секілді. Сол қысыр әңгімені жазатындар осы сайтқа «активный» жазатын 4-5 адам ғана. Қазір ер адамдар өсек айтудың жаңа әрі «сыпайы» түрін ойлап тапқан ба деп ойлап қаламын. «Блоггер» деген атты жамылып алып, ойына келгендерін жазады. Жыл сайын блогшылардың құрылтайын өткізеді. Қызық, сол жиында не талқылайды екен? (Көпке топырақ шашқым келмейді, еңбегі сіңіп жүргендер де бар.)Егер қазақтың жігіті деген атқа лайық болсаңыздар, біреуді ғайбаттап, кекетуді доғарыңдар!!! АҚЫРЕТТЕ жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар. Судың да сұрауы бар ғой. Осы жерге жаман «зайып ал», «епті баймайды», «на...» деген сөздерді жазып, кімге үлгі болып жүрсіңдер??? Ойланыңдар!
Соңғы түзету:
edige
Әркез-әркез көңіл күйім болмағанда менің де осындай ойға келетінім бар… Маған да жақпайтын мәселелелер қоғамда көөөөп…
Қазір табиғат Ана құлпырып жатыр… Аздап позитив енгізген /мысалы, серуендеп/артық етпейді, Қарындасым!!!..
Aya
болып табылады, жаңағы дегендер бар еді ғой)
konvict
Тавтология мәселесін реттеу сауаттылықпен реттеледі ғой. Әдеби кітаптарды оқитын, қазақ сөздерін көп пайдаланатын адам үшін бұл кедергі болмайды деп ойлаймын.

Қазақ журналистикасында мәселе көтеру деген үлкеееен кемшілік бар. Ұлтты азғындап кетті, қыздар бұзылды, жігіттер ез, қай жамағат дұрыс деген тақырыпта мақала жазсаң, бітті сенен мықты журналист жоқ.
AL-ASTER


sphotos-e.ak.fbcdn.net/hphotos-ak-prn1/548981_521265261246198_390632924_n.jpg

Рас. Негативный ойлайтын лузерлер зайыпты шығарад. Әсіресе, бесіктен белі шықпаған жастарға әуел бастап миына сіңіріп, келесі лузерлер толқынын бастайды. Арасынан тек «Если человек не сдается, он сильнее своей судьбы» дегендер үзіп шығатын сияқТ
ken
Сөздің майын тамызып сөйлейм деп, кейбіреулері қуыңқырап кетеді. Мынадай мысал: «Кеш жарық, құрметті көрермендер! Эфирде кешкі жаңалықтар бағдарламасы және оның тізгіншілері...»

Тізгін — жүгеннің бір бөлігі, екі ұшы сулықтың екі жағына бекітілген жіңішке қайыс. Тізгін арқылы мінген атты қалаған жаққа бұрып, жүргізіп һәм тоқтатады. Сәйкесінше тізгінші — тізгінді ұстаған адам.

«Жүргізуші» сөзі несімен әдемі емес?
Adiletshu
Маған тізгінші деген ұнап тұр
bizbike
тавтология үшін дебатта ұпайың кемитін, содан бері қашып жүрміз одан
edige
Саннан сапаға өту мәселесінде ой толғаныпты… Ой, тұспал түсінікті… Жақсы айтылған…
/Мұнда аттары аталатын болса сақалды журналистер де ілініп кетеді )))/