Құрылтайдан бір сәт
Мен көрген құрылтай тіркелуден басталды. Неге десеңіз мен сияқты қаңғыбасқа пойызға міну, түсу, күтіп алу дегендер үйреншікті жағадай ғой.
Сонымен тіркелу. 3қабатқа көтеріліп келсек әдемі қыздардың бәріне көк футболка кигізіп, қаз қатар тізіп қойыпты.
— Сәлем, қыздар! Сіздер ме тіркейтін?
— Иә! (хормен, сәл ғана жымиып)
— Мә, Мақпалда тұр екен ғой. (Қыздардың сұлулығына мас болып, кімнің кім екенін ажырата алмай, ес жинаватқан кез) Ал біздерді тіркеп жібер. (Қағаздан қағаз, шұбырған тізім, онымен қоймай сайтқа нешінші болып тіркелгенімді айтайын ба деп қоям.)
Содан әрі өтіп келем, бойтұмар секілді біржапырақ қағаз, 50 теңгенің көк қаламсабы, блокнот, газит аты есімде қалмапты, блогқұрылтайдың басты атрибуты — мәйкі.
— Сигма ағайсыз ба? Қандай түсін берейін? Қарасын алыңыз, сізге сол жарасады. (Өзі сұрап өзі жауап беріп жатыр, әйтауір бір столовыйда подноспен өтіп келе жатырған адамдаймын.)
— Үлкен размері жоқ па?
— Бар, сізге ең үлкенін берейін. Мінекей ең үлкені L. (Бетімде не жазулы тұрғанын қайдам, бетіме қарады да) Сізге сыймайды ма? Ммм, бұдан үлкені жоқ, осыны бәрі алып жатыр (Алмайын деп тұрғаным жоқ). Кивалсаңыз да болады, кимесеңіз біреуге силарсыз. (онсыз да иесі уже белгілі)
Мықты сөзшең қыз екен. Әлгі жерде мен сатып алушы болсам, керек еместің бәрін сатып алам екен.
-Жарайды қарасын бере сал.
-Сигма ағай! Сізге қай размер керек еді? (Күтпеген сұрақ)
— XXL
-Бізде ондай жоқ, мына жаққа залға өте беріңіздер.
Залға өтпекші болып, айналып келе жатырсам менімен бірге келгендер тұр. Сөйтсем олар кезек күтіп тұр екен. Батыстығымызда салдық па, шеретсіз өтіп кетіппіз.
Ия, айтпағышы шерет демекші Розатай Атырауда кезек дегенді шерет деп айтатынын білмейді екен.
Жалғасы бар, уақыт тығыздығына байланысты үзіп-үзіп беремін.

19 пікір