Blogcamp'13 админ көзімен
ЖОЛ
Өткенде Блог Құрылтайға баруға міндеттейтін себептердің алғашқысы ретінде достармен жолға шығуды көрсеткен едім. Бұл жолы да достармен бір пойызда болу бақытына ие адамдардың бірі едім. 23 сағаттық жолымыз тез өте шықты. Аз ұйқы, көп әңгімемен өтті де кетті.
ДОСТАР
Шымкентте түскен бойда бізден бір күн бұрын келген алматылық алконавттарға жалданған пәтерге жетіп келдік. Түнде футбол қарап және пәтерде думандатқан топ 1-2 сағаттай болған екен ұйықтағандарына, ояттық ептілерді. Жуындық, шайындық, құрылтайға бірге аттандық.
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Құрылтайдың алғашқы сағаттары әрине бұрыннан таныс, түкпір-түкпірден келген достармен құшақтасумен өтті. Кейін классикалық кіріспесөз, мастер-класс, сессиялар, сұрақ-жауаптар, кофе-брейк, стартаптар, қорытындылар, марапаттаулар. Бірінші рет планшетті болдым. Демеуші болған Талғатқа үлкен рахмет!
ЛАГЕРЬ
Лагерь тамаша жерде орналасқан екен. Бара сала өкпеге таза ауа кіріп, тұншығып қала жаздадым. Мұндайда үнемі қалтама салып жүретін темекім көмектесті. КерекИнфоның ұлдар жамағаты лагерьден бөлек, бунгало мен жұмысшылар барагы аралас бір бөлек жерге жайғастық. Лагерь аймағына кірмейді деген арнайы рұқсатымыз да болды, несін жасырайық. Әрі қарай ноу комментс.
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Таң футболмен жалғасты. Керекшілер 7 адамдық команда құрып алып, қарсылас күттік. Негізі футбол деуге келмейді, жаңбырдан кейінгі балшық алаңда жүгіру емес жүрудің өзі оңай болмады. Өкінішке орай тек қана техникалық шеберліктері ғана жақсы ойыншылардан құралған біздің команда физикалық күші басым қарсыластарымыздан 1 доппен жеңілдік. Әрине бұл жерде өткен түннің де әсері болды.
ДӘСТҮРГЕ ҚҰРМЕТ
Маған ұнаған фишкалардың бірі ұмытылған дәстүрлердің қайта жаңаруы еді. Ұйқыашар, селт еткізер! Қандай күшті дәстүрлер?! Осы дәстүр алдағы Құрылтайларда жалғасса екен.
МИНУСТАР
Жұрттың бәрі бір ауыздан «левый» адамдардың көп болуы туралы айтты. Шынымен де 180 адамның көбісі блогер емес, блогтың иісі де бармайтын адамдар. Бұл бір сабақ болды. Алдағы уақыттағы жиындарға қатты фильтрация жасайтын боламыз. Әлсіз контингенттің кесірінен сәйкесінше сапалы мазмұн да болмады. Бұл негативті де позитивке айналдырамыз. Құрылтайдан бөлек салалық жиындарды да көбейтетін болдық.
ПЛЮСТАР
Блогерлерге де көңіл ең үлкен плюс. Блогерлердің бір күш екенін, қоғамда пікір қалыптастыра алатын күш екенін мойындау. Идеяшыл жастардың көбейе бастағанына, артымызда үлкен әлеует бар екеніне қуандым. Блогшы қауымның «Тіл, Діл, Дін» шеңберінен шығып, басқа тақырыптарда да жазғысы келетіндері де плюс. Өз саласы бойынша жазып, колумнистікке өткісі келетін жастардың бар екеніне қуандым.
АЛҒЫС
Нұршат, Ербол, Ильяс, Нұрлан, Берікболдар Құрылтайдың жасырын қаһармандары. Данияр бәрінің басын біріктірген түйін. Әкім және баспасөз қызметінің жігіттері негізгі демеуші күш. Үйлестіру, ұйымдастыру істеріне қатысқан барлық қыздар мен жігіттерге үлкен алғыс. Нағыз оңтүстіктің қонақжайлығын сезініп қайттық. Інілер бір сәт қасымыздан қалмай, барлық жағдайымызды жасап жүрді.
КЕЛЕСІ
Құрылтай аяқталған бойда «Келесі Құрылтай қайда өтеді?» деген сауал мазалады көпшілікті. Варианттар бар: Атырау, Қызылорда, Қарағанды. Атыраудан жақсы ұсыныс бар, аз адамдық блог-тур түріндегі вариант ұсынуда. Қаланың алыс болуына байланысты егер тек шағын топ (50-60) адам қатысатын болса жол шығынын да көтере алатын әлеуетке ие бұл аймақ. Қызылордада жақсы белсенді топ бар, үкіметтегі үлкен блогер ағамыз да қолдау көрсетуі мүмкін. Қарағандыда да блогшылар көп. Талғат, Абзал, Айсұлтан, Ләззат апайлардың да әскерлері дайын.
ТҮЙІН
Менің жеке көзқарасым саннан сапаға өту. Яғни Құрылтайға тек блогшылардың келуі. Белгілі бір лига болғанын қалаймын, элитарлық лига. Басқалар соған тырмысулары қажет. Сонда сапа да өздігінен келеді, тәтті бәсекелестік пайда болады.
Мастер класстар меніңше дұрыс болған сияқты.Ешкімді іш пысырмай өтуі жақсыға баладым
қаз орыс тілділер ұйымдастыратын небір тематикалық арт кемптер де көп ғо, сол сияқты болсын блог-тур. кәдімгідей жабық түрде + өз ережерелімен
блоккемп ертең жабық түрде + өз заңдарымен шеттететін болса нағыз қызық БАҚ-та сонда болады, әуелі секта сияқты бірдеме депте беретін болады, чета биылғы БАҚта жазғандары оқысам, қара пиар жүр, қара пиарда сауатсыз кетіп жатыр.