Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013"

Бәйге!
Бәріңе!
«Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013»
«КерекИнфо» сайты: kerekinfo.kz, @aza Шымкент құрылтайы туралы посттарға байқау жариялайды.



Шарттар:
1. Үшінші құрылтай жөнінде жазылған пост фото, видеомен әрленуі тиіс.
2. Шымкент қаласы мен ІІІ құрылтай туралы қызық, соны деректердің қамтылуы тиіс.
3. Құрылтайдан алған әсер, түйген ой, іште қалған пікір, тіпті түйткілді тұстар туралы да сөз қозғауға болады. (бұл төртінші құрылтайды ұйымдастырушылар үшін керек)
4. Пост еркін жазылады, бастысы блогкемптен кейінгі көңіл-күй көрініп, жазбадан құрылтай иісі шығып тұрсын.
5. Пост КерекИнфо сайтына ілінген соң, жеткілікті дәрежеде рейтиң жинап, сайттың бас бетіне шығып тұруы шарт.

Қазылар алқасы:
Байқауға КерекИнфо сайтының қолданушылары Алдан Жылгелди, Назгүл Қожабекова және сырт көз Ербол Азанбек… сосыыын типі ұйымдастырушы Азамат Азаматұлы қазылық етеді.

Ескерту: Қазылар алқасының шешімі өзгермейді, қайта қарауға жатпайды.

Жүлде қоры:
І орын біреу — 1 мың теңге;
ІІ орын біреу — 2 мың теңге;
ІІІ орын да біреу — 3 мың теңге. Жүлдегерлер қалауына орай жүлде сомасы Казком және Халық банк карточкасына аударылады, немесе ұялы телефонға бірлік ретінде төленеді. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін бір тәулік ішінде жүлде сомасы толық төленуін ұйымдастырушы өз міндетіне алады.

Материалдар қабылдау:
Посттар 31 — наурызға дейін қабылданады. 1 — сәуір күні КерекИнфо сайтында қорытынды шығады.

Баршаңа сәттілік, қызықты посттар күтеміз!
Бөлісу:

34 пікір

asaubota
мен де қатыссам болады ма?
aza
Қатыс, бро! Қатысушылардың жасы мен қызметіне шектеу қойылмайды деген бап ұмыт қалыпты, кешірім өтінеміз.
Nurshat
1 — сәуір дегені қызық екен)
aza
Құрылтай аяқталғаннан кейін бір апта ішінде жазылған посттар қабылданады дегенбіз. Бұл жәй сәйкестік, 1-сәуір күні нақты қорытынды шығады, Азаматтық сөзім!
twitter_499519729
Ана суретте жігіттердің Мұрат Әбенов пен Берік Уәлидің алдына келіп жата қалғандары ұят болды. Екеуі суретте көрінбей қалды.
daugozhek
Мұрат Әбенов пен Берік Уәлиді қайдан көріп тұрсың?
Marco
Ұяи дымы жоқ, олар да жата қалғанда күшті болатын еді
zhas_kazakh
І орын біреу — 1 мың теңге;
ІІ орын біреу — 2 мың теңге;
ІІІ орын да біреу — 3 мың теңге
бұл қалай а?)))))
Соңғы түзету:
twitter_499519729
III орын алу керек
NurlanKulymbetov
Менде соны айтып едім Фесте))))
torgai
Ешкім жүлдесіз қалмайтын бәйге болса шіркін. 100 адам үміткер болып, ең соңғы орын алсам не болады екен.
neoaskar
100-ші орын жоқ па, 100 мың алатын
aza
Тырысу керек… Келесі құрылтайларда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрар-ау деген ойым бар… Мүмкін, жүлде қоры да үлкейер… Бірінші орынға жүз мың ұсынып қалатын кездер болар…
Zako
Амангелді Құрметұлының түйген ойлары мен ұсыныстарын да оқи отырыңыздар: «Blogcamp-2013»: біздің назарымыздағы «-» тар мен «+» тар
aza
Тәуір екен! Керекке ілінсе, мүмкін жүлдеге де ілінер еді…
Erbol
Жүлде аздау сияқты. Былай болсын. Жүлде қорын екі еселейік. Қалғанын мен қосамын. Сонымен, І орын біреу — 2 мың теңге; ІІ орын біреу — 4 мың теңге; ІІІ орын да біреу — 6 мың теңге.
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
aza
Жүлде қорының молайғаны қуантады… Десек те, қазылар алқасы боп, бөлек бөлмеген кіріп ақылдасып шығамыз ғой деймін…
Altin
кімге бердіңіз?
aza
осындағы Айнұр Рақышева деген қыз бірінші орын алды ғой дейм… Екінші Зарина, Үшіншіні АКА деген қызылордалық керекші…
Altin
ақшаларын бердіңбер ма әлде лақтырып кеттіңдер ма?
aza
Қайдағы ақшаны айтып отырсыз, бұл жәй прикол ғой) Сіз де ерігеді екенсіз, жүрейін сол жұрттың бәріне ақша таратып.