Турик сериалдары

Мени шет ел сериалдарынын жанбырдан кейнги саныраукулакша каптап кеткени катты кынжылтады.Ойткени казакша сериалдар коп тусирилмегендиктен, отандык телеарналардан кешки эфирде коптеген казак отбасылары осы шет ел сериалдарын(турик, корей т.б.) коруге мажбур.Бул шет ел сериалдарынын казакка берер тарбиелик мани жок деуге болады.Жалпы сюжеттеринде казаккка катысы жок шет елдин тарихы, ал бир сериалдарда бирин бири коре алмау, бир-бирине кастандык ойлау, жауыздык жасау, тузак куру… айта берсем осындай жаман ойга толы сюжеттер.Жалпы менин ойымша осы шет ел сериалдарын отандык телеарналадан корсетпеу керек.Ултымыздын дастурин улыктайтын, улылыгын корсететин, ултымызга рух беретиндей фильмдермен, казакы оскелен жас урпакка мани зор казактын заманауи сериалдары коптеп тусирилип казак теларналардан корсетилсе нур устине нур боллар еди.
Бөлісу:

9 пікір

madikon
менде осы туралы ойланып қойғам. түрік сериалдарын шынымен көруге болмайды, корейдің кейбір тарихи сериалдарын көруге болатын сияқты. сосын қазір әсіресе қазақстан каналынан отандық сериалдарды да бастап көрсетіп жатыр ғой, 1-2 рет көзім шалып шай үстінде көргенім бар, ол да ұнамады, нақты мағынасы жоқ, берер тәрбиесі де оңып тұрғаны шамалы.
Жалпы менин ойымша осы шет ел сериалдарын отандык телеарналадан корсетпеу керек.
дейсіз — бізде әлі керемет сериалдар жоқ болса, басқа не көрсетсін! меніңше шүкір, барлығы жақсарып келе жатыр, уақыт өте келе қазақстандық сериалдар көп болса, шет елдің сериалдарынан арылатын шығармыз. мен өзім сериал көрмеймін, бірақ көп адамдар кештерін сонымен өткізетіні шындық.
temir1986
Мықты ұйымшыл қазақ партиясы керек. Асханада шуламай, қасқайып халықтың алдында сөйлейтін ер, ерге еретін қол керек.
ruben
Партия мен саясатпен оп-оңай шешілетін болғанда, кезінде Алаштықтардың шемішкеше шағуы керек еді. Асханадағы шудың интернеттегі кезекті нұсқасы деп қабылдадым
temir1986
Партия мүдделес адамдардың ортақ үлкен тудың астына жиналуына мүмкіндік береді. Одан кейінгі қадам «көп қорқытады, терең батырады» тәсілімен жүріп отырса шетке шыққан қиық құлақтарды тезге салуда оңай болмақ.
Aldeken
теориялық тұрғыдан алып қарағанда виртуалда жүзеге асырылу мүмкіндігі жоғары жоспар… ал, реал өмір тым қатал, және оның заңдары басқа…
қорытынды: реал өмірде езуінен сүттің табы кеппеген жас бала немесе теория мен практиканың сәйкессіздігін түсіне алмай жүрген қайғы саясатшы деп топшылап отырмын…
temir1986
мүмкін Мен сіздер тәрізді жылы сөйлеп жанға жағам дегендерді мүлдем түсінбеймін. Өйткені айтарға сөз көп болғанмен сендерді тыңдайтын құлақ жоққой
Aldeken
жылы сөйлеп жанға жағам
десем, жоспарыңа қолдау білдіріп, «маладис, жарайсың, фшть-фшть» деп айтақтап отырар едім, а так, жоспарыңның мұңайған боқ екенін айтуды комплимент деп қабылдасаң, мазохист саясаткер шығарсың деп отырмын. Әрі ойна, інім…
Almas-al-almati
Бразилия, Аргентина, түрік, үнді, кәрістер
Болып алды қазағыма виртуалды дәріскер
Америка, Еуропалар улап бітті сананы
Я Құдайым, тауып берші сериалдан алыс жер!