Ұялы телефонмен араз болып жүрмін

Дұрысын айтсам, контактілерімдегі кейбір таныстарыммен аразбын. 2-3 жігіт бар қашан қоңырау шалсам да «Бұл кім?» деп жауап береді. «Мен ғой, номерімді өшіріп тастағансың ба?» десең «Ой, телефонды жоғалтып алғанмын. Номерлер сонда кетті» деп құтылады. 1 рет жарайды, 2 рет – келістім. Осы күнге дейін аз дегенде 10 рет осылай істеген шығар.
Айтпағым бұл емес. Жалпы мұндайлар көп қой. Араласқысы келмесе ашығын айтса нетті. Мен де намыстанып олардың номерін өшіріп тастадым. Қоңырау шалса «Бұл кім?» дегім келген түрім ғой. Бірақ 1 айдан астам уақыт өтті, әлі хабар жоқ. Тағы «телефонын жоғалтып» алды ма екен, байғұс…
Бөлісу:

7 пікір

ken
бұны не үшін жаздың?
asaubota
сондай ұсақ-түйекке бас ауыртасың ба? таста!
torgai
Бас ауыртпайын енді. Соңғы «Кім бұл» дегеннен кейін өзімді «Лох» сезініп кеттім да)))
Syrsuluy
Сөздің шыны керек кой! Негізі қазір адамдар қызық қой. Тек керек кезде ғана хабарласатын әдет шығарып алған. Ертең көрде тұр, адам куні адаммен ғой. Бір күні ісі түсіп, хабарласады әлі.
Adiletshu
Дұрсы қой. Енді не үшін шабарласасын.