Тәжік салған із.

Ал қуаныңдар. Тәжік ұстап алдық. Ұстағанда жаммман ұстап, соттап жібердік. Бейшара бес күнге абақтыға қамалды. Жазығы бар. Астанамыз Астананың көшесінде кіші дәретін өтепті, жазған неме. Оны қайдан білдік? Елорданың полицейлері жақында ғана үлкен мақтанышпен таныстырған жаңа камералар бар емес па… солар түсіріп алыпты. Бірақ өз басым бейшараны аядым. «Астана салқын, шыдамадым», — дейді. Енді өзіміздің халық «джаурап» жүргенде, тәжік байғұс шынымен тоңған шығар. Дегенмен біздің сот әділ ғой, анау-мынау жеңілдік беретін деректерді де ескеріп, шағын ғана жаза белгіледі.

Неге тәжік салған із? Енді із салды ғой. Әуелі қардың бетіне, сосын абақтыға қарай. Мұның екеуін де жалғастырушылардың аз болмайтынына мен кепіл. Өйткені қылмыспен күреске шыққан полицейлер басты нәрсені ұмытып отыр. Астанада биотуалеттер жоқ қой. Дәрет қысқан бейшараға қайтпек керек?! Ірі сауда орталықтарына кіріп шығуға болады. Бірақ оларға жете алмасақ не істейміз?! Сотталамыз, әкессс!
Науқаншылдық дегеннің жақсы тұстары да бар. Алайда біздің полицияның шаш ал десе бас алуға дайын тұратын белсенділігі үрейлендіреді. Біреудің тышқан-сигенін аңдымас бұрын, өркениетті адам сияқты тышып-сиюге мүмкіндік жасап берсе екен!

Төменде Европа елдеріндегі қоғамдық туалеттер
Берлин
Немістердің варианты: Туалет-жарнама тақтайы

Париж
Париждің тегін әжетханалары

Норвегия
Әлемнің ең үздік қаласы Осло

Роттердам
Әжетіңді өтеп болған соң, киіміңді түзетіп алуға болады

Лондон
Ағылшындар бәрін оймен істейді ғой. Досыңның іші ауырып ұзақ шықпай қойса отырып күтуге болады

тағы Лондон
Сонымен қатар ағылшын жігіттері көп қысыла бермейді. Былай да нете салаД қажет болса
Бөлісу:

21 пікір

ken
соңғы суреттегісі күшті екен
ken
Сиек

)))мына белгі әжетханалардағы «ерлер» деген белгі емес пе? сонда мыналардың "әйелдер" дегені де бар болғаны ма?
Marco
Бар шығар))) Лондон олимпиадасының кезінде қойылған-ау деймін осы әжетханалар.
asaubota
әйелдерге де арналған писсуарлар бар, мындайлар арқылы жүзеге асырылады.





trinixy.ru/49342-pissuary-dlya-zhenshhin-v-kitae-6-foto.html
ken
олай да, былай да елестеттім. қалай пайдаланатынын бәрібір түсінбедім.
Abilakim
Бұтымызғы памперс киіп шығу керек болды ғой.
AL-ASTER
Мда… Қалада ваще дәретхана жоқ. Бірақ үйреніп кеттік қой. Қонақтарға қиын. Өмірімде тек бір жерді ғана көрдім көше дәретханасы бар. Ол ескі Парламент, Конгерсс-Холл жақтағы коньки тебетін кортқа келушілерге арналған ұлы идеялар тудыратын орын.
konvict
Мен Абай көшесінің бойынан, Рамада қонақ үйнің тұсынан көргенмін бір рет. Жанынан өте алмайсың, сасық(((

Жалпы, бізде тек тәжіктер, өзбектер, қырғыздарға ғана әліміз келеді ғой. Алыс шетелден келіп жазасын өтегендер жоқ шығар бізде
AL-ASTER
О жақ тал тал жапырақ жапырақ қоқыс қой, не істеп жүрсің ол жақта???)))
torgai
Хан жарлығынан, зәр жарлығы жаман
temir1986
Осыны бизнес қылу керек ау деймін.
Aya
Өткенде көшеде кетіп бара жатып сағызымды жерге тастауға қорықтым ғой, Астанада әкімшілік жазаға тартылып жүрермін деп)) негізі дұрыс жасаған сияқтым, тәжік сияқты болып кетер ме едім))
torgai
Кавалер болушы едің
Adiletshu
Кішкентай кезімде әпкем жұтпа, ішіңе жабысып қалады деп ұрсушы еді
Aya
Менің еш жеріме жабысқан жоқ))
sakenspb
как поссать незаметно дебжазсаң шығады
Marco
Бұл да бір ғылым екек ко, әкестің…
Simona
Сосын бiзде жұрт қатыгез ғой. Бiр жолы бiрнеше кафелерге кiрiп жалынғанбыз, туалетiңiздi ақылы қолдануға болады ма деп. Сонда бiреуi де рұқсат бермедi ғой. Ақысын төлейiк десең де ЖОҚ дедiк қой деп айқай салды. Маммааа
AKY
Мына жерде із қалдыру туралы Нұрғиса ағамыз біраз ой толғапты