Дайрабайдың дауы

  • Автор
Қазақтың сиырды малға санап, кәдімгідей баға бастағаны бертін келе шығар. Ешқандай дәлелім жоқ, өзімнің ойым ғана. Бұл мал көшпелі халыққа қол емес. Күтімі көп, суыққа шыдамсыз, алыс жолға жарамайды. Одан жылқы мен қой әлдеқайда тиімді.



Соңғы күндердің басты тақырыбы Зеңгі бабаның тұқымы. Зеңгі баба деймін-ау, мүмкін австриялық сиырдың атасы басқа шығар. Аты Симментал екен әйтеуір.
Құрдым болған қайран ақша. Әр сиырдың бағасы 3200 евро!!! 722*3200=2310400 евро!!! Үш сиырды сатып жіберіп, бір Toyota Camry-30 мініп алуға болады. Жылқының түсіне де кірмеген бақыт.
Мұны қоя тұралық. Енді келіп біздің шөпкетышарлар (атқамінер деуге аузым бармай отыр) кінәліні Австрия мен Венгриядан іздеуге көшті. Олар сиырлардың ауру екенін әдейі жасырып қалыпты-мыс. Алдаса алдаған да шығар. Сауданың көркі сол емес пе?! Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап. Басында ай бағып жүрдіңдер ме? Құрығанда бір ветеринар бармапты. Мал дәрігерінің орнына біреудің «біреуі» барып қайтса да таңқалмаймын. Заман сондай болды ғой қазір…
«Лох» десем патриоттар «Қазақша ұрыспадың» деп ренжитін шығар, бірақ бұдан басқа теңеу таппай тұрмын. Бір сиырды 3200 евроға сатып алып, оны бағатын қора-қопсы салған фермерлер лох, көзбен көрмесек те «мықты сиыр келді» дегенге мәз болған біз де лох, министрліктегілер де лох. Жоқ, министрліктегілердің лохтығын әлі дәлелдеу керек. Олардың мұрты майға шыланбағанына ешкім кепілдік бере алмайды. Міне, тексеретін мәселе қайда жатыр. Өз басым осының бәрі аңқаулықтан болды дегенге сенбеймін. Ох, шіркін, бір шикілік табылып, бастарына таяқ тиер заман болса, әлгілердің бәрі лохтығын дәлелдеп өлермен болатын шығар. «Мен лохпын! Ең басты лох мен!», — деп тұрған мықтыларды көрсек қой. Қандай комедия болар еді!
Ал австриялықтар мен венгриялықтардан ақша өндіреміз деген қашпаған қашардың уызын ішкенмен бірдей. Қандай ирония, иә!

Ұқсас посттар

15 пікір

Armanjan
себебі бізде ақша көп, оны оңды-солды шашатын лохтар көп!
ruben
шашыртатын лохтар көп. шашатындар — әсте лох емес
asaubota
Мамытбеков деген біреу спокойно әңгімелеп тұр еді ғой. жүзінен түк қиналыс сезбедім.
Marco
Алдында, «Сиырлар оны түнде істейді», — дегенінен-ақ оның сау сиырдың боғы еместігін ұқтық қой.
bizbike
министрліктегілер пайда көріп отыр ғой, төлеген салықтарын ауру сиыр сатып алуға тағысын тағыларға жұмсап жатқанда қарап отырған нағыз лох қара халық, яғни біз!
torgai
Мырқымбайлар ғой өңшең… Ежелде «бас» бірдеңе бүлдірсе, айбалтаға «мойын» түсетін еді. Қазір сол жағдай. Бір байғұс кінәлі болады да шыға келетін шығар. Мойын — салғырт, бас — миқұрт заман.
asaubota
бұл шу да әдемі версия ойластырылып, әдемі жабылады. бұдан да зор мәселелер жабылды ғой бізде.
torgai
Қаспақ жеген тұтылар көп болса
omarbirat
Сап-сау келген сиырларды дұрыстап қарай алмай құртқан шығар.
Marco
Тағы бір сұмдығы бар. Барлық сиырдың ауру екені дәлелденген жоқ. Талдап-сараптап, дұрыс шешім шығаратын жылжымалы бекеттер жоқ. Бірақ құрту керек деген шешім шықты. Енді құрта салайын десе могильник жоқ болып шықты. Алдын жапса арты ашылған заман болды, симменталгерефордхолмогорақбасыңдысссс
ruben
«Аргентинадан ет сатып алып жейтін халықтың соры — осы!» дегім келеді. мүләйімсіген мсәпірлер көп болғанша жалғаса бермек
Aya
Енді не болады?
Marco
Не болсын өртейді бәрін. Өртемес бұрын әрбір сиырға (722) және олардың бұзауларына (200) аммиак шанышатын көрінеді. Демек улап өлтіреді. Ол да шығын ғо((( Бұзаулар сондай сүйкімді(((
Abilakim
Қайран ақша! министрліктегілердің кінәсі. Фермерлерді аяймын шыны керек.
neoaskar
Мә, жақсы жаздың осыны жазуға уақыт таппай жүр едім. қалай бастарымды да білмей… Айтпа қаның басыңа шабады екен. естіп отырып теледидарды сындырып тастағым келді. айтып тұрға сөздерін ұрайын. Ақшаны өндіріп аламыз дейді, атаңның басы береді енді саған ақшаны. Сиырды өртеп көмгеннен басқа ештеңе істей алмайсыңдар. соған бастары жетпеген бе деймін. бір анекдот бар еді, пойыз жолдың арғы бетінде жем тұр екен. есек соны жеу үшін пойыз жолдан өту керек, пойыз жолдан өтейін десе, пойыз ұрып өтіп жатыр не істеу керек? деп айтушы сұрақ тастайды ғой (жауабын былай айтасың ғой бәрібір, мен таппадым, басым жетпеді деп) сұрақ қоюшы «сенің басың жетпегенде, есектің басы жетеді дейсің бе дейтін. сол сияқты жоғарыдағылардың бастары жетпеген ғой… осындай сиыр алатындай ақымақ болғаны ма, оларды кім сайлап, кім сол орындарға тағайындап отыр екен түк түсінбеймін.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.