Алматыда ұшақ құлады

Алматы облысының іргесінде ұшақ құлап, бортта болған 20 адамның тағдыры әзірге белгісіз. tengrinews.kz/kazakhstan_news/obnarodovan-spisok-pogibshih-pri-krushenii-samoleta-bliz-almatyi-227528/ Құлауға ауа-райы себеп емес. Бұл алғашқы болжамдар. Есімдері жарияланған азаматтардың жақындары қандай күйде десеңші…
Бейбіт заманда тағы қан төгілді. Біреудің қолынан емес, биліктің салғырттығынан. Олай дейтініміз, бұған дейін өткен жылы 2 тікұшақ құлап, 12 адам мерт болды. Содан кейін әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 27 адамды опат етті. Олардың бәрі шекара қызметінің серкелері еді. Бізде тек апат жиілеп, адам шығыны көбейгеннен кейін ғана тексеру жүргізілетіні әдетке айналғандай. Неге олай? Аурудың алдын алса оңайырақ екенін қашан шенеуніктердің басына жетеді? www.facebook.com/photo.php?fbid=475372445859941&set=a.323016807762173.77482.100001615685290&type=1&theater
Бөлісу:

11 пікір

edige
Өте қайғылы… Имандары саламат болсын… Ұшақ құлау жиілеп кетті…
Менің білетінім Скат ұшақтары өте ескі…
Tyulpan
Скат жаңа ұшақтар сатып алып, билеттері қазір қымбаттап кеткен. эйрастанадан сәл ғана арзан. алдын-ала зерттеулер бойынша тұман негізгі себеп деп жатыр…
asaubota
кездейсоқтық емес менің ойымша. біреулерге Қазақстанда хаос, паника болғаны керек. бұрын паниканы вахтар жасайтын еді, оларды қатты қысып жатыр қазір. енді басқа жолдармен жасалуы мүмкін.
torgai
Кім білсін. Бір ақсарбас шалатын кезі келді елдің
Er89
кінә оларда емес сияқты, кінә еліміздегі осы салада қызмет ететін білікті мамандардың азайып кетуінде бәлкім. КСРО ны кейде жамандап жатамыз, бірақ сол кезде техникалық білімі бар мамандар өте мықты болған. Ендігісі солардың барі зейнетке кеті,қалғаны о дүниеге кетти. Қазір қалғаны төлеп оқыған өзіміздің қазақтар. Медицина саласында да дәл осындай жағдай!!!
Aidakonya
Скат ушактары ескі, жаман шыгар, но адамдарда амал жок, эйрастананікі оте кымбат кой, осы маселе кашан шешіледі екен, халыктын омірі мен акшасын алганша, халыкка жагдай жасауды неге ойламайды, барлык халык кырыла береме осылай(((
temir1986
Тәртіп керек барлық салада. Бетімен кетудің аяғы осылай болады.
Hetrou
Алматыда кеше 6 балдық, бүгін 4,1 балл жер сілкінісі болыпты ғо.
VKM
Ал мен білгенмін «СКАТ»тың лихачествосы осымен аяқталатынын.Біздің шетелдік пилоттар ауа-райының бір көрсеткіші талапқа сай келмесе,ұшпайды. Ал «СКАТ» тұманда да, суықта да ұша береді. Сосын жолаушылар қан ішеді, неге сендер сондай сұмырайсыңдар. Ауа-райы бірдей, олар қондырады, сендер қондыра алмайсыңдар деп. Меніңше,1 күн кешігіп жеткен, уақытында ұшып, апат болғаннан әлдеқайда артық!
Beisek
барлығы 10 қазақ қайтыпты, рухтары жаннаттық болсын