Өмірдің өзі ертегі

Кейбір адамдар болады ғой, өмірі ертегіге бергісіз. Біреулерге тағдыр барлық қиындықты үйіп-төгеді, ал біреулер тағдыр ұсынған барлық жақсылықты кері тебеді. Тағы біреулер өз тағдырын өз қолымен жасайды.
2012-жыл артта қалғалы қашан. Бірақ адам емеспіз бе, өткенді бірден ұмыта алмаймыз. Бұл постқа арқау болған адамдарды ешқашан ұмытпайтын да шығармын. Өйткені 2012-жыл десе менің есіме түсетін осылар. Сонымен таныс болыңыздар.

Атымтай жомарт

Хосе Альберто Мухика Кордано. Уругвай Республикасының Президенті. Әлемге «Ең кедей Президент» ретінде де танымал. Би-Би-Си агенттігіне сенсек, 12 000 доллар жалақы алады. Бірақ өзіне 775 доллар қалдырып, қалғанын қайрымдылық қорларына аударатын көрінеді.

«Мені кедей дейді. Бірақ мен өзімді кедей сезінбеймін. Кедей дегеніміз – байлықта өмір сүру үшін жұмыс істеп жүргендер. Оларға әрдайым бірдеңе жетіспей тұрады».

Хосе атай (биыл 78-ге келеді) жайлы резиденциядан да бас тартқан. Бәйбішесімен бірге жеке фермасында тұрады. Отбасын асырауға 775 доллар аздау, сондықтан гүл өсіріп сататын көрінеді. Жер, үй, Фольксваген-Қоңыз және бірнеше тракторларын қоса есептегенде оның отбасылық дәулеті 215 000 доллар. (Менің пәтерім мен көлігім 75 мың доллар тұрады. Енді 145 мың доллар жинасам Уругвай Президентінен бай болам.)
Жас кезінде солшыл революциялық топтың қатарында болған Мухика мырза бірнеше рет жараланып, тіпті 14 жыл абақтыда отырыпты. Бұл жөнінен ол тағы бір мықты шал Нельсон Мандела екеуінің тағдыры ұқсас.

Тазша бала


Пак Че Сан. Бұл кім демеңіз, бұл кәдімгі PSY. Әлемді атша орғытқан «Gangnam style» авторы. Осы сайттың өзінде бұл пақыр туралы аз жазылған жоқ… Жалпы көп жазылды.
Ән қызық емес қой негізі. Дікіс-дікіс. Алғаш естігенде өз басым соңына дейін тыңдай алмадым. Әншінің де келісіп тұрғаны шамалы. Поп-индустрия эталон қылған буылтық-буылтық дене немесе жылтыркелбет те бұйырмаған қасқаға. Дей тұрғанмен әлемді мойындатты. Тіпті қазір ең танымал адам осы шығар. Әлде өз әнінің тасасында қалып қойды ма? Оны енді Пак Че Санның алдағы шығармашылығы көрсетеді. Бірақ бір нәрсе анық – болашақ азиялықтардың қолында!

Посейдон

Майкл Фелпс адам емес. Егер ежелгі грек дәуірінде өмір сүрген болса бұл жігіт Геракл, Персей, Ахиллес сияқты жарты құдайларша бейнеленер еді. Бір сәт ойланыңызшы – Олимпиаданың 18 мәрте чемпионы! Әрине жүзудің түрі көп. Бірақ бұл сонымен қатар энергияны көбірек қажет ететін спорт. Оңай болса осыған дейін де біреу 18 рет чемпион болар еді ғой.

Майкл бір отырғанда бес жігіттің тамағын қылғытатын көрінеді. Бұл жаңағы «энергияны қажет етеді» дегенімізге дәлел шығар. Айтпақшы ол алғаш рет әлем рекордын орнатқанда бар-жоғы 15 жаста болғанын естен шығармайық.
Фелпстың медальдары адам мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетеді. Бір күні бұл рекорд та бағындырылатыны сөзсіз. Егер оны көру бақыты маңдайымызға жазылған болса, «адам мүмкіндігінің шексіз екеніне» тағы да таңырқап бас шайқармыз.

Самұрық

39 км биіктік дегенді көз алдыңызға елестете аласыз ба? Жердің ең биік нүктесі Джомолунгма бар болғаны 8 мың метр. 39 шақырым деген қандай сонда? Оны Феликс Баумгартнер біледі. Ал Баумгатнерді біз бәріміз білеміз.

Бұл австриялық жігіт стpатосферадан секіргенге дейін де бірнеше рет адам сенгісіз әрекеттерге барған. Бірде Риодағы Иса жарықтықтың оң қолынан қарғыса, келесіде Хорватиядағы тереңдігі 200-ақ метр, бірақ тастай қараңғы Мамета үңгіріне парашютпен секірген. Әрі қарай тіпті қызық, арқасында қанат байлап Ла-Манштың үстінен сағатына 360 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді. Мұны да оған дейін ешкім істеп көрген жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бұл шіркінің әлде жарымес, әлде адреналинсіз өмір сүре алмайды. Стратосферадан секіретін адам іздеген НАСА неліктен Баумгартнерді таңдағаны енді түсінікті деп ойлаймын. Жер басып жүрген жеті миллиардтың ішінде бұл сойқаннан лайықты ешкім жоқ. Енді мені тек бір нәрсе ойландырады. Феликс істейтін тағы не қалды екен?

Керқұла атты Кендебай.

Ат емес шабандоз ерлеген оқиға болды бұл. Александр Винокуровтың алтынын айтам. Өзгелер үшін күтпеген, Александрдың өзі үшін аңсатып келген жеңіс. Велоспорттың кәнігі мамандары Олимпиаданың алдында Винодан мұндайды күтпеген де еді. Алайда алмас кездік қап түбінде жата бермейтінін ұмытқан болып шықты. Қазір ойлансам ұмытқандары да жақсы болды. Бұдан жеңістің дәмі арта түспесе кеміген жоқ.
Тағы қарайықшы
Олимп шыңын екі рет бағындырған Ильин мен «Баркерді» қанжығасына байлаған Сәпиев және қасына қара жуытпаған Рыпакованың перфомансына да шын қуандық. Бірақ уақыт өте келе Виноның жеңісі бәрібір бірінші еске түседі. Тамаша карьераның таңғажайып нүктесі!

Күн астындағы Күнекей

Елена Проценкомен 2009-жылы таныстым. Алғашқы кездесуімізде есікті өзі ашты. Аяғымен. Өйткені оның екі қолы жансыз. Ана құрсағынан сал ауруымен туған. Өмір бойы арбаға таңулы. Өзгелер қолымен істейтін жұмыстың бәрін, шындығында өзгелер қолымен де істей алмайтын жұмыстың бәрін екі аяғымен жасайды. Сол кездесуден кейін былай деп жазыппын:
Она рисует закат, потому что ее окна смотрят на восток. Поэтому она не имеет возможности каждый день наблюдать красоту захода солнца. Она — Елена Проценко – «Девушка по имени Солнце», как называют друзья. Всегда жизнерадостная и смелая, не смотря на недуг, который с рождения привязала ее к инвалидному креслу, она действительно похожа на Солнце. На небесную светилу, который дарит всем тепло и дает силы для борьбы.

Виктор Цойдың өлеңдерінің бірінде «Если к дверям не подходят ключи, вышиби двери плечом» деген сөздер бар. Ленаның ең сүйікті цитатасы. Онымен әңгімелесе отырып, өзім де жігереле түсем. Және бұл оның мүгедектігі тудырған қарабайыр өзімді-өзім қайрау емес. Жоқ, Ленаның күші басқада. Оның аурасы адамға жақсы пиғыл сыйлайды. Тым ерекше қасиет.
Лена кез-келген адамның бақытты бола алатына сенеді. Былтыр ол өз бақытын тапты. Тұрмысқа шықты.
Бөлісу:

29 пікір

bake
таңертен біреулер кофе ішіп қуаттанса, дәл сол әсерді мына жазбаны оқып алдым)
Marco
Ленаның салған суреттерімен әлеуметтік желілердегі парақшасынан танысуға болады.
asaubota
PSY мен ана экстремал 2012-нің басты тұлғалары деуге болады. PSY кәрістерді жақсы жарнамалады, қазір ана қасындағы тәтті қыз Хьюнаның да клиптері шығып жатыр, осы быраттың арқасында ғой деймін.
Marco
Келісем, Европа мен Америка Азияға әлдебір экзотика ретінде қарауды қойып, шын бәсекелес көретін күн жақын.
VKM
Марко, браво! Керекинфо және жақсы тізбелеу (подборка)екен.
P.S.Аваң өзгеріп кетіпті ғой.Қорқыныштылау болып))))
Marco
Рахмет!
Жалпы ава ғана емес, басқа да өзгерістер болып жатыр)))
Marco
Сенің осы жолғы аваң ДжынД екен)))
Marco
«Осы бір кісі лайық» дегендерің болса жаза отырыңдар
Tyulpan
Уругвай президентінің неше баласы бар кен?..))
Aldeken
Хосе Альберто Мухика Кордано. Уругвай Республикасының Президенті. Әлемге «Ең кедей Президент» ретінде де танымал. Би-Би-Си агенттігіне сенсек, 12 000 доллар жалақы алады. Бірақ өзіне 775 доллар қалдырып, қалғанын қайрымдылық қорларына аударатын көрінеді.
Ермек Тұрсыновтың блогындағы «Жизнь Президента Уругвая — сущий ад для нашего районного акима» дегені еске түсівотыр…
qyzylordalyq_jigit
Фелпс неге 18 мәрте чемпион болды? Өйткені ереже дұрыс емес. Қосарланған стандарт десе де болады. Қараңыз — АҚШ пен Еуропа өкілдері мықты спорт түрі — суға жүзу, демек, бір жүзгішке бір Олимп ойындарынан 10 медаль алуына мүмкіндік берілген. Ал егер, мысалы ауыр атлетикада жұлқа көтеру мен серпе көтеруге бөлек медаль беретін болғанда, Қазақстанда 7 емес, 10-11 алтын болар еді.
Marco
Жүгіру ше? Ол жерде де 100, 200, 400, 1500 метрлер бар емес пе?
qyzylordalyq_jigit
жүгіруде бір атлет максимум 3 медаль ала алады (100м, 200м, эстафета). Көбіне ондай жағдай сирек кездеседі. Болт сияқтылар болмаса.
Мен үшін Құсайын Болт Фелпстан да мықты спорттағы жетістіктері жөнінен
ErNur
Керемет Марко! Мұндай жігіттер ауылдан шығады негізі. Жүзу демекші, менің бір құрдасым бар кезінде мектеп бітіріп табиғатқа, су жағасына шықтық. Сонда ол бала су ортасында жүзіп, сырттағы біздің шабысымызға қатарласқан. Мектепті де толық оқымай тыстап кеткен жігіт еді. Мысық сияқты қимылдайтын. Кейін сотталды таксисты ұрып. Қазіргі таңда ішіп кеткен адам танымастай болып. Осы жігіттің інісі Құлсары жақта жалдамалы жұмыс жасап жүріп бір байдың жүгін түсіруге барыпты балдармен.Содан оның өзбек құрылысшысы бар екен күрестен спорт шеберлігіне кандидат көрінеді. Анау бай айтыпты қайсысың мынау өзбекті күресіп жеңсеңдер келіскен ақшаларыңды берем жүкті түсірмей ақ деп. Мына бала шығып қатарынан үш рет жығыпты өзбекті. Анау бай риза болып келіскен ақшасының үстіне ақша қосып жүкті түсіртпей ақ жіберіпті дейді. Сосын тағы бір қойшының баласы аудандық жарыста диск лақтырғанда белгіленген алаңнан асып, шеткі үйдің ауласынан ары қарай асып лақтырған дискіні таба алмай қалып нәтижесін біле алмай чемпион болған Міне, бірақ бұлардың қай қайсысы да ескерусіз көлеңкеде қалатыны өкінішті…
Er89
Дұрыс айтасың Ернұр. Біздің елдің арасынд да сәл жаттықса осы ерліктерді қайталайтындар толып жатыр. Өкініштісі бізде мықты жаттықтырушылар мен оларды демеушілер жоқ. Сондықтан осындай дарындарымыз тірліктің қамын ойлап грузшик болады,құрлысқа кетеді.
Adiletshu
Менің футболист досым бар. Қимылы К.Роналдунікіне ұқсайды. Екі аяқпен бірдей тебеді. Жүгіргенде ешкімді жеткізбейді. Шаршамайды. Ат енді. Қазақстан құрамасында жүргендер оның қасында әшейін-ақ. Сол досым бірақ ешкімнің көзіне түспеді
Er89
ондайларды коретин агалардын коби акшадан баска ештене кормей калган гой
torgai
Өте керемет сараптама! Ер есімі — ел есінде дейтін қазақпыз. Қаламың қарыштай берсін! Меніңше 1 жарым миллиард қытайды бағындырған қазақ жігіті де осы тізімнен орын алса деймін. Қалай дегенмен де әлемнің 4-н 1-і ғой Қытай дегеніміз.http://baq.kz/diaspora/436
torgai
Өте керемет сараптама! Ер есімі — ел есінде дейтін қазақпыз. Қаламың қарыштай берсін! Меніңше 1 жарым миллиард қытайды бағындырған қазақ жігіті де осы тізімнен орын алса деймін. baq.kz/diaspora/436 Қалай дегенмен де әлемнің 4-н 1-і ғой Қытай дегеніміз.
temir1986
Менің Ақшатаулық Медет деген құрдасым бар. 100 метре жүгіргенде жан шыдатпайтын. 10-11 секундты темекі шегіп жүріп жүгіре салатын. Қой бағып кетті. Ана Уругвайлық президент нағыз адам екен.
daugozhek
Шет ауданыма?
asaubota
Ойыл ауданы (Ақтөбе обл.)
Er89
Анау гандонстайл Америка мен кәрі құрлықты бізге қаратты деп қуанудың керегі жоқ. Бұндай мансіз, баянсыз дүниелерді жасап олардан асып тусуге ұмтылу алжығандық. Бұның аяғы олардыкіненде мықты порно түсіргеннен басқа түкке апармайды. Одан да сол екі құрлықтың жақсы жақтарымен жарысайық,ғылым техника экономика дегендей.
Marco
Өте дұрыс айттың!
madikon
мүмкін болса қазақ арасындағы ерекшеліктерді де жазыңызшы.
Marco
Дәл осылардай таңқалдырған ешкім болмады-ау шамасы
Armanjan
Олимпиаданың 18 мәрте чемпионы!
Олимпиада 4 жылда бір өтетінін ескерсек және алғаш қатысқан кездегі жасын қоссақ бұл кісі сонда қартайса да аттан түспеген ба не? Әлде «18 мәрте» деген жерде қателік кетіп қалды ма?
Marco
Қате емес, кәрі де емес. Жүзудің түрі мен дистанциялары көп қой. Содан жиған-тергені