Тағы бір ерекше күн..
Адам өмірінде мерекелер ерекше орын алады, соның бірі туған күн. Бүгін менің туған күнім. Осы күнді аса бір қуанышпен және толқумен қарсы аламын. Себебі, жасқа тағы бір жас келіп қосылғанда мен ылғи өзіме есеп беріп, бір жылда не бітіргенімді,әлі не істеу керектігін ойланамын. Туған күн кезінде нағашы ағам ылғи: «Ал, бүгін тағы бір жасқа үлкейдің, өзіңе қандай жақсы қасиеттерді қосып, ұнамайтын қасиеттеріңнен арыласың» деп сұрайтын. Сол уақыттан бастап, сол тақырып маған әдет болып кетті. Бүгін де сол туралы ойланып отырып, бөлісе кетейін дедім. Бүгіннен бастап мен:
1) тек өзіме керек нәрсеге фокус жасауды үйрену керек.
2) алға қойған мақсатымның түбіне жеткенше қоймаймын.
3) өмірімде пайда болған немесе жақсы естіген идеяларды күнделік секілді жазып отыруға шешім қабылдадым.бұған дейін күнделік бастап, ылғи жыртып тастай беремін, шыдамым жетпейді.
4) осы сайтта кім екенін ұмытып тұрмын, бір жылымды позитив жылы деп атадым деген, сол сияқты менде осы күннен бастап қандай жағдай болғанына қарамастан позитив етуге өзіме уәде беремін.
5) осы жылы міндетті түрде шет елге шығамын.
6) бастаған нәрсені жалықсам да аяғына жеткізуді әдетке айналдыруым керек.менің қызығуым да тез, айнуым да тез.
Әзірге осы, көп сияқты еді, бірақ есіме түспей тұрғаны. Сіздер туған күнде ерекше өткізетіндей не жасайсыздар? немесе әдеттерді өзгертуге тырысатын тағы адам барма немесе мен тек солай ойлаймын ба екен… Бөлісе отырыңыздар, туған күнде қандай сезімде боласыздар, мен үшін қызық.
1) тек өзіме керек нәрсеге фокус жасауды үйрену керек.
2) алға қойған мақсатымның түбіне жеткенше қоймаймын.
3) өмірімде пайда болған немесе жақсы естіген идеяларды күнделік секілді жазып отыруға шешім қабылдадым.
4) осы сайтта кім екенін ұмытып тұрмын, бір жылымды позитив жылы деп атадым деген, сол сияқты менде осы күннен бастап қандай жағдай болғанына қарамастан позитив етуге өзіме уәде беремін.
5) осы жылы міндетті түрде шет елге шығамын.
6) бастаған нәрсені жалықсам да аяғына жеткізуді әдетке айналдыруым керек.
Әзірге осы, көп сияқты еді, бірақ есіме түспей тұрғаны. Сіздер туған күнде ерекше өткізетіндей не жасайсыздар? немесе әдеттерді өзгертуге тырысатын тағы адам барма немесе мен тек солай ойлаймын ба екен… Бөлісе отырыңыздар, туған күнде қандай сезімде боласыздар, мен үшін қызық.
бір нәрсені бастағанда сол нәрсенің плюстарын және нәтижесінде қандай қуанышқа бөленетініңізді ойласаңыз жалықпай жалғастыруға болады деп ойлаймын.
туған күнімде назар ортасында қалып кеткен онша ұнамайт негізі. ал сыйлықтар ұнаааайт, сувенирлерден басқа