Тағы бір ерекше күн..

Адам өмірінде мерекелер ерекше орын алады, соның бірі туған күн. Бүгін менің туған күнім. Осы күнді аса бір қуанышпен және толқумен қарсы аламын. Себебі, жасқа тағы бір жас келіп қосылғанда мен ылғи өзіме есеп беріп, бір жылда не бітіргенімді,әлі не істеу керектігін ойланамын. Туған күн кезінде нағашы ағам ылғи: «Ал, бүгін тағы бір жасқа үлкейдің, өзіңе қандай жақсы қасиеттерді қосып, ұнамайтын қасиеттеріңнен арыласың» деп сұрайтын. Сол уақыттан бастап, сол тақырып маған әдет болып кетті. Бүгін де сол туралы ойланып отырып, бөлісе кетейін дедім. Бүгіннен бастап мен:
Әрі қарай

ауылды сағындым...

таңертең ерте тұрып мамаммен бірге сиыр саууға шығып, бұзаудың бас жібін тартып тұратын уақытымды… таңғы сағат 4те тұрып, трактордың үстіне ұйқылы ояу мыж-мыж болып әрең мініп, жердің басына барып күн шықпайынша пішен оруды… пішеннің арасына салған араның ұясын бұзып алып, тұра қашатын уақытты… картоп қазып, сәбіз жұлатын күзді… сабақтан келгенде қырғауылдың етінен палау басып қоятын мамамды… 50 градус ыстықта сағат 5те далаға саумырын қойып, 5тің шәйін ішуді… масаға таланып тұрып, сиырға түтіндік салғанды, сосын аяқ қолыңның бәрін маса шақса да, оттың қасынан кетпей сүтті тасытып алмай пісіріп алуды… менен басқа ешкім осы төсекті салмайды ма деп күңкілдеп масахана құруды… бәрін ұмытып, кластастарыңмен көшеге шығып, кейбіреулерін меншікті ысқырықпен үйінен шығарып алуды… сағат 3ке дейін қыдырып келіп, таңертең сағат 4те әкең оятқан кезде опять мыж-мыж болып, ұйқы қанбағаннан басың қазандай болып, шөпке кетуді сағындым… Руслан, Қабан, Ерлан, Көшербаева Гүлнәр, Ақылқалта, Шальной сендерді де қатты сағындым...
Әрі қарай

Бір-түрлі жанұялар

«Бұл қыс артынан көктем келмей, кәдімгі ядролық қыс болса ғой, шіркін-ай!». © Мортиша, «Адамстар отбасы»

Бір үй бар. Лібә… барлығы дұрыс, тек… қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!). Қызық нақ: түскі асқа шақырад, барлығы дұрыс, тек қанттары — тоңазытқышта тұрад. Былайынша, ас бөлмесінде мебель сыңсып тұр нақ, дәулетті үй дер едім, сембаевсстың. Бірақ, қант үнемі тоңазытқышта тұрады.Әуелде — кездейсоқтық дедім, кейін заңды құбылыс екеніне әлгі жерім жетті. Бір күні ұятты қойып, сұрадым:
— Осы сендердің қанттарың неге үнемі тоңазытқышта тұрад?
-Білмейм — деді қожайын, одан кейін сұрауды да қойдым.
Әрі қарай