Бүгін "корпоративка":)
Жыл соңы да жақын. 2012 де тәмәм болмақ, аз күнде. Бүгін біздің ұжым үшін ЖЖ. Ұжым боп тойлаймыз. Жаңа жылдық кештің бағдарламасында біраз жақсы дүниелер бар деседі білгіштер. Иншалла, мен қызмет еткен ресми 4 інші жұмыс орным, бұйырса, 3- ұжымдық кешім.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
2. ресторанда
Керекинфонікін ұйымдастырам десеңдер пажалыста, барам
Екінші жыл қатарынан «Парк Отель» атты кешенде өткізбекші. Өз басым 1 жыл ішінде 4-ші рет, әріптестерім 3-ші рет барғалы отыр сол жерге(((( 27-ші маусымда өткен профессионалды мерекені де сонда тойлағанбыз. Расымен де бір жер жалықтырады екен, естігендегі немая сценаны көрсеңіз). Қызметкерлер жаппай өкпеліі.
Жастар 27-сі күні бөлек «Звезда» атты үлкен ресторанға жиналғалы жатырғанын біліп алған упр.директор астыртын списокті іздеп әуре.Жастар жұмыстан шығарса да бармаймыз деп отыр. Ал жастар қандай да кештің болмасын гүлі Көнбістерін көндіргеннің өзінде корпоративке баратындардың саны 100-ге әзер толды. Ал біз секілді мәжіліске қатысатындар, жұмыс тобым мен ұйымдастыру алқасындағылар амал жоқ баруға міндеттіміз
Нұрғиса, өтеу туралы жазғаныңыз жаныма жағып барады, бірақ бізде жыл сайын өз қалтамыздан шығады билет құны. Биыл адам санын толтыра алмағасын және возмущение көбейгенінен қорыққандықтан басшылық Кәсіподақ комитетіне әр адам билетінің 2000 теңгесін жанқалтасынан төлейткізетін болды
Айтпақшы, Жаңа Жылдық кештер өткізуге тиым салады деген ақпарат бар…
Алматыыыыыы ауууууу! Дауыстарыңңңңңң естілмей тұр…
гангнам стайлдан бастап биден біздің қызметкерлер попурри жасады, тіпті 2-ші күні генеральный директор өзі сұранып жаңағылармен биледі. содан кейін тағы бір ерекшелік, биыл 16 желтоқсанға номер дайындады. терме, күй ойнап, қазақ халқының тарихынан видео көрсетілді. соған риза болдым. а то былтыр Қазақстандамын ба, жоқ па деп күдіктеніп қалған едім. осындай ерекшеліктер…
Рахат… Қолшатыр боп барсам болар ма екен...)))
Пысы, сол кеште қастары керілген қаракөздер көбейіп кетіпті, татуаж деген өтер жылдың революциясы болған ғой деймін.
Сол революциядан қалмай татуажға барайын десем…
Қорқам. Қасымдағы бір құрбым көздің қабағына жасатып, бір апта жұмысқа келмей қалды ісіп кетіпті. Олай зардабы болатын болса, қажеті қанша?
Банкетке деп алып қойған азық-түліктерді жинап алдық та, балалар үйіне апарып тастадық. Жетімдер үйін көріп қайттым. Жыл сонысымен есте қалды. Көрген күніме шүкіршілік айтуды үйрендім. Жалпы ЖЖ-ды тойлауды тағатсыздана күтуші едім. Биыл жоспарымыз өзгерді. Ұжым тойламайды. Бірақ мекеменің банкетке деп аударған қаржысын ресторан қайтармай жатыр екен.
Жылда ең әдемі көйлек үшін жанталасқа түсетін қыздарға обал болды. Көйлек шаң басып жататын болды.
Бірақ Алматының өзінде SIemens-тіктер «жақсылап» тойлапты, соған қатысқан құрбым айтты. «Жарайсыңдар!» дедім. Біраз кіжініп, ұрсып та алдым. "Қайтеміз, ақша төлеп қойдық қой" деп ақталып жатыр. Жылайын ба, күлейін бе?
Сіздің жақта да қаралы күнге қарамай көңіл көтергендер болды ма, осы жерге жазыңыздар.
Қаңтардың басында өтуі мүмкін деп те жатыр