Мен енді ұстаз емеспін

Қысқасы жұмыстан шықтым, осы екінші тоқсаннан бастап жұмыс істемейтін болып шештім.

Басты себеп жалақы мәселесі, былтырғы оқу жылында сағатым аз болғандықтан, педагог ұйымдастырушы деген лауазымсымақты қоса атқардым, негізінде біздің мектеп орталау мектеп (тоғыз жылдық) бала саны да аз болғандықтан педагог ұйымдастырушы лауазымына штат ашуға заң жүзінде болмайтын еді, бірақ директорымыз өзіме көмекші болсын деген оймен, жұмысшының жарты жүктеме айлығын маған жазып пед-ұйымдастырушы деген қалпақты кигізе салған еді.

Сонымен не керек бір жыл бойы мектептің қағаз жұмыстарының көп бөлігі менің мойныма түсті, сабақ өтілмей қалатын кездер көбейді, директор таңдауның маған түсуі компьютерден аздап хабарымның болғандығында еді. Биылға оқу маусымында мен бұл жұмыстан бас тарттым, тыныш сабағымды өтіп жүрейін дедім, бірақ ойымдағыдай болмады, маған тиесілі 5 сағатқа директордың әйелі иелік етіпті, ол кісі анау-мынау емес ЖенПИ-дің сырттай бөлімінде 1-курс оқып жатыр екен, қош дедік, сонымен менің еншіме 8 ақ сағат бұйырыпты, айлығым 23000 теңге екен. Мұғалім үшін қыркүйек айында сағат алу өте маңызды, сағатыңа қарай жалақың да болады. Күзде сағат алу үшін өзге жыныстылармен жаға жыртысуға тура келетін кездерде болады, бірақ ондайға бармадым.

Екінші себеп ол жер менің ортам емес еді, мысалы мен мұғалімдерге арнап веб сайттар ашумен айналысатынмын, әрі веб бағдарламауға аздап әуесқойлығым бар екенін осындағылар білетін шығар, бірақ біздің ұжымнан ондаймен айналысатынымды ешкім білмейтін, білгісі де келмейтін немесе түсінбейтін еді, есесіне сайтқа байланысты әртүрлі қолдау қолпаштаулар мен сын-ескертпелерді басқа мектептің, басқа ауданның, басқа облыстың мұғалімдерінен еститінмін.

Үшінші себеп өзімді басқа саладан сынап көру көптен ойымда жүретін тек жақындарымның көңілдерін қимай мектепте істей бердім, жоғарыдағы себептер жақсы сылтау болды бір жағынан, енді біраз уақыт басымды тауға да тасқа да ұрып көрмекпін.

Бұл сіздерге мұң шағу емес тек ой бөлісу, сыбайласып қамқорлық жасаймын дегендерге алғыстан басқа айтарым жоқ, негізі жұмыстан шығу аса қорқынышты нәрсе емес екен.
Бөлісу:

53 пікір

VKM
Сәттілік Сізге! Өкінбейсіз, ондай ақшаны үйде отырып та табуға болады.
Armanjan
Сәттілік тілеймін!
Abilakim
Алға, тек қана алға!
a63a1
Тәуекел түбі жел қайық өтесіңде кетесің, сәттілік тіледім!
bizbike
Қандай өкінішті, сосын ұстаздардың арасында ерлер аз деп жылаймыз. Жалақысына бір көйлек қана келеді ғой, масқара, сондай аз деп енді мен ойламаппын. Сізге сәттілік! Веб-дизайнмен айналыссаңыз, жұмыс тез табылады деген ойдамын!
Onlasyn
Енді қандай план? Қай салада істемексің?
serjan
Білмедім, компьютерге телміріп программист болудан бастап, қора салып мал бағуға дейін ойда бар.
bizbike
Айтпақшы, сіз ағылшын тілінің мұғалімі болсаңыз, бізге үш тілді тілмаштар керек болып жатыр!
ruben
бізге деген қай мекеме екен? Назарбаев мектептері емес пе?
bizbike
жоқ, жоқ мектепке аудармашы не үшін керек?
edige
өзге жыныстылармен
Сіздерде неше жыныстылар тіркелген? )))
негізі жұмыстан шығу аса қорқынышты нәрсе емес екен.
Шықсаң өліп қалатынға ұқсайсың басында… Осыдан 6 жыл бұрын мен де мектептен "Қойыма" деп шығып кеткенмін… Ештеңе…
барлығы жақсы болады… Тек жай ғана «басқа жұмыс істесем қалай?»- деп айтсаң да болар еді…
edige
Резюмеңді жазып мекемелерге тапсырып, уақытша тапқан жұмыстарды істеп жүрсең болады… /6 ай кондуктор, 6 ай күзетші болған кезім де болған.../ Сәттілік тілеймін тек!!!
Erlan
шығам деген ой болса, шығып тынган дурыс болар
Gastarbaiter
Мен кейде байып алған соң мектепте сабақ беріп, мозганы тоңқайтатындарға ортаңғы саусағымды көрсетіп, цензурасыз өткізгім келед. Екілікке оқитын бұзақыларға сабақты мұңайған әлжуаз ғылыми тілмен емес жалпақ жаргонмен түсіндіріп. ЕНТ -сін уайымдайтын оқымыстылар терминдерді кітаптан оқып алыңдар нақ! дегім келед.
serjan
Мен байып кеткендіктен тастаппын ба жұмысты, білгішсінбеші нақ!!!
Gastarbaiter
Тұрған жеріңде қамшымен осып-осып шайтаныңды қағып алар ма еді осы. Сені жетіскеннен тастады деп кім айтты? Керісінше, байығанша мектептің саясатына тәуелді боп жолағымкелмейді.
serjan
Ашуланбасай түсінбей қалдым, шайтаның менен көп қалай қағып аласың.
serjan
Шайтаны бар адам біреудікін қағып ала алмайды деп естігем.
Gastarbaiter
Байып кетіп, білім жүйесіне реформа өткізуіңе тілектеспін. Мұғалім мен ұстаз бір ұғым емес. Муахахахалімдер көп, ұстаз ілеуде біреу.
Er89
Gasta olai jumys istesen mektepte aptadan artyk jurmeisin. Bul jigittin jagdaiyn jaksy tusinem. Baska jynystylardyn degeni katyndar, olarmen soz talastyru rasnda jyikege auyr tiedi.
Gastarbaiter
Поқи ғой, бір апта болса да өмірі ұмытпайтындай әсер қалдырып, мұзды қозғап кетесің
izbasar
Әріптес, жұмыстан шықтым дейсіңбе?
Басты себебіңді түсіндім, ол проблема? Оған мемлекет кінәлі.
Сенің мектебіңнің әкімшілігінің нашарлығы сен секілді жігітті жіберіп қойғаны. Анау директорыңның әйелі біраз жылдар неше түрлі тупойларды дайындайтын болды. Өкінішті. Жалпы білім саласында сен секілді білімді ақпарат заманыныда ақпараттың құлағында ойайтын жігіттер керек еді. Өкінішті. Қалалы жерге келсең үй-жайымен қиналып қаласың ғой. Бірақта екі қолға бір күрек дейді. Сен елдің керегіне жарайтын жігітсің. Сәттілік тілеймін әріптес!
serjan
Мұның бәрі түк емес екен, бүгін бүкіл құжаттарымды жоғалттым, телефон, жеке куәлік, үйдің құжаттары, машинаның құжаттары, права,… бәріде құрып кетсінші әкесінің.
Abilakim
жоғалтқан қойна ғой, қайта қалпына келтіру миды тігеді. Ішіп пе едің?
Er89
Сереке сағың сынбасын. Ондайлар болып турмаса омір қызықсыз болар еді. 20000 үшін мен бір күде жұмыс істемес едім, шыққаның дурыс болды. Менің ақым 50000, ито жумыстан шығуды ойлап журм. Меніде компқа қатыстының бәріне жұмсап з… мды шығарды
nurjanbay
ал мені жұмыс істей алмайсың деп шығарып жіберді. 500 Гб внешный жесткиімді біреулер бұзып тастапты. ішінде бір жыл бойы жинаған «байлығым» кетті. ешкім мойындағысы келмейді.
бас аман болсын. денсаулық болса ақша да, жұмыс та болады.
бір жамандықтың артында екі жақсылық болады.
serjan
Жестки дискінің бұзылуы мен жұмыстан шығуыңыздың қатысы бар ма сонда.
Abilakim
"қашайын деген қоянға «тәйт» десеңіз не сәрі?"-нің кебі шығар
MickThatsMyNick
Жұмыссыз ұзақ жүріп қалмай, жүмысты тез табуға тілектеспін.
Gastarbaiter
Жұмысқа тұру үшін не істегеніңізді жазып тұрыңыз. Мен де осыдан төрт жыл бұрын қысқартылып кеткем. Өзімді керемет жұмысшы санайтынмын. Көбісі солай ойлайды өзін. Көбісі тиісті бағасын ала алмай жүрген талант, данышпан, ақылгөй санайды. Мен де сондай болатынмын.
Оның артынша сырқат аяқтан шалды, очм кішігірім хуяқ тігілді басыма. Алғашқы ойым, ең болмаса ұрпақ қалдырмаған екенмін… Енді жазылдым ғой деп, үйленем, Астанаға қамал алам деп тиын тебен жинап әкемнің батасын алып барғанда, ол жақтан да «кетнақ» тың дәмін таттым. Бекер келген жоқпын деп, басқа салаларды қарастырғалы жатқанда, әкем өлді.
Очм, мен пиздеспін бәрін еңсердім, кедергі құрлы көрмей шашып тастадым демейм, керісінше ерке бала болған соң боғым езіліп, жүрекке тым жақын қабылдадым.Әлі күнге дейін санама салған үрей мен сенімсіздік тыртығынан арыла алмай жүрмін.
Ойнақтап жүріп оңбай қалу деген сол.
?
Бірақ қорқып, құмға тығылып қурай паналаудан тез жалығады екенсің.
Көттің қышуы бәрібір окопта жатқызбайд.
Жаз осында «бүгін не бітірдім» қауымдастығына кез келген өзгерістерді. Мақтану үшін емес, өзіңді қамшылап, қимылдау үшін.
Маған сол әдіс кезінде жақсы көмектесті. Басқаға да жігер береді.
Gastarbaiter
Ең бастысы ішіп кетпей, қиын жағдайыңыздың бетіне сау көзбен қараң: ыз. Айқайлап, боқтап алыңыз да, қағазға барбароссаңызды жазыңыз. Тәәәк, документті жаңарту үшін не істейм: осылай да осылай…
Оның арасында тиынсыз болмау үшін, уақытша кез келген жұмысқа тұрыңыз, намысты ысырып қойып кірісе беріңіз. Қираған жігердің сынықтарынан да біраз нәрсе жасауға болады)
ПС. Нұржанбай, мені туған күніммен құттықтап, бастық фирменый сағатын сыйлап, (типі ничего личного деп), ертеңнен ба, тап келмей-ақ қой деді) Психотактикасынс, бір қой ішімнен «мал, әнәңдісс» деп кеттім…
serjan
Документті магазинге кіргенде сонда қалдырып кетіппін, ары ойлап бері ойлап есіме зорға түсірдім, аброй болғанда сатушы орыс әйел үйіне алып кетіпті дүкен иесінен номерін сұрап алып қоңырау шалғанымда, құжатыңды қаншаға бағалайсың дегенде шошып қалдым, бірақ ойдағыдай аяқталды бәрі, ойымдағы суммаға (5000 тг) құжатты қайтарып берді.
serjan
Дегенмен отқа қарап отырған жоқпын, интернетте кішкентай бизнесім бар сол асырап жатыр бала-шағаны.
Onlasyn
Визучи екенсің ))
serjan
Визучи ??????
түсінбедім
omarbirat
Жолы болғыш екенсің дегені ғо
Gastarbaiter
Жақсы болған екен. Мен де магазинге тастап кеткем, бірақ құжат алвп кеткен қыз қырсыққанда Таразға байға шығып кетіп, зым зия болған еді.
Sultan-begim
Құттықтаймын сізді! Осыдан 1,5 ай бұрын мен де мұғалімдікті тастап кеткенмін. Менікі жастарға тәжірибең жоқ деп „тірелудің„ әңгімесі. „Мұғалім болып туғандар„ жұмыс істесін деп кетіп қалдым. Бірақ, мұғалім болудан мүлдем бас тартқан жоқпын. Приколы сол, магистратура оқып жатырмын сол бағытта. Тек қана алға, мұғалімдер!
kokbori
Мұғалім болып қарқ қылмасам да, өзімді қарқ қылып жатыр Басқа жерде жұмыс істей алмайтын сияқтанып отырмын
Onlasyn
Не жаңалық енді, таптың ба жұмыс?
serjan
Жоқ әлі.
Abilakim
любой қазақ мент болып кете алады, байқап көрсеңші
asaubota
иә, сенің ең болмаса білімің бар. оқи, жаза аласың.
ken
ақшаң немесе танысың болса
serjan
Бастығыма ақша жинап бере алмай қалмаймын ба?
Zhanara2012
Сержан аға!
Ең бастысы, ер адамның басына не келіп, не кетпейді? Сабыр түбі — сары алтын дейді. Ұстаздық кәсіптің нанын жеп қалған адамның қолынан ментовский қитұрқылық келе қоймайды. Сол ақшаны жинай алмайсыз — ау,,, Одан да балаға ақыл айтып, шәкірт тәрбиелеу мәселесімен айналыса беріңіз. Ең бастысы мектепке, қазіргі қоғамға ер мұғалімдер керек қой. Әйтпесе, қазіргі балалар қиын…
Zhanara2012
Мұндағы «жаман сөздеріңізді» түсінбедім? Не деген диалектизмдер? Өздеріңізбен өздеріңіз жаман сөздер айтып, жігіттер не болған сіздерге?
Zhanara2012
«кетнақ» байға шығып кетіп құрып кетсінші әкесінің Қойыма" деп шығып кеткенмін… "Қазақтың боқауыз сөздері" деген кітап бар еді. Мыналардың қасында ФИГНЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ болып қалды гой ол кітап. Сайт тұнып тұрған бүгінгі күннің жаман сөздері!
asaubota
сайтқа күніне кіріп отырған 4500 адамға ұнайды ау осы стиль?
Zhanara2012
Ертең балаларыңа қалай ақыл айтасыңдар?