Chance күнделігі: Тарих
ZAZ Chance (Шанс) Қазақстан нарығында биыл пайда болды десе де болады.
алғашқы Daewoo Lanos
Жаңа «Chance» — бұрынғы «Daewoo Lanos». Машина сол корей көлігінің негізінде құрастырылып келеді. «Daewoo Lanos» 1997 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Сол кезде көліккке С санаты (кіші ортаңғы санат) берілген.
2002 жылы Оңтүстік Кореяның «Daewoo» компаниясын General Motors сатып алып, автоның аты «Chevrolet Lanos» (шевролет ланос) болып өзгертілді. Ал, 2003 жылы «Укравто» мен GM Daewoo арасында келісім жасалып, «Chevrolet Lanos» шығарыла бастайды. 2005 жылдан кейін аталған марка толық украиндық болып есептеліп, ZAZ Chance деген атауға ие болды. Осы атауы түпкілікті қабылданған шешім деп үміттенемін.
2012 жылдан бастап ZAZ Chance Қостанайда құрастырылып жатыр. Комфорттылығы жағынан үш санатқа (қойналау, пойдет, пензес), беріліс қорабы жағынан екі санатқа (механика, автомат) бөлінген. Моделі үшеу: седан, хэтчбек және пикап. Қозғалтқыш көлемі: 1.3; 1.4 (АКПП); 1.5. Толық ақпаратты дилердің сайтынан білуге болады.
Бензин шығыны шамамен 100 шақырымға 8 литр деп жатыр. Сосын: Шанстың қосалқы бөлшектері Ланосқа қарағанда төмен дейді.
Жалпы осы сияқты. Сұрақтарың болса, комментқа қалдырыңдар.
Қосымша әдебиет:
Ресейлік бір бағдарлама жасаған тест-драйв
Сурет: www.allurauto.kz

Жиеннең сәбет артықтық етпит
Жалпы қай жақта арзан бұл көлігің?
Ел ішінен міне берген дұрыс па,
кеденнен өтіп айдап алып келетін тиімді варианттар бар ма?