Автонарықтағы тығырық: Таңдау
Сонымен осыған дейінгі бірінші және екінші посттарымда айтылған мәселелерді ескере отырып, өзіме қандай машина керектігін анықтағандай болдым.
Маған қалаға ыңғайлы, шағын, автоматты беріліс қорабы бар көлік керек. Шетелдік ұсталғандардан бас тарттым (себебі бірінші постта), ал жаңа иномаркаларды қалтам көтермейді. Сөйтіп, сайттарды ақтарып жүргенде «Chance» брендімен шығатын машинаға көзім түсті. Техникалық сипаттамаларына қарасам, дәл мен іздеген көлік сияқты.
Адамдардан осы көлік туралы сұрап едім, басым бөлігінің берген бағалары оң болып шықты. Басты кемшіліктерінің бірі — кейін оны сата алмай қалуың мүмкін. Сонымен, тәуекел деп салонға тарттым.
«Чанс» (Шанс) үш комплектацияда сатылады: S — минимал, SE — орташа, SX — толық. Мен соңғысын таңдадым, SX комплектациясында қосымша мыналар бар:
1. Жүргізуші жағында қауіпсіздік көпшігі
2. Кондиционер
3. Тұманға қарсы фаралар
4. Орталықтандырылған кілт
5. Алдыңғы әйнек көтергіштері электрмен істейді
6. ГУР (рулді гидрокүшейткіш)
Тағы бір-екі қойна артықшылықтары бар еді, ұмытып қалдым. Айтпақшы тағы бір кемшілігі — руль реттелмейді, бір қалыпты ғана.
Ең бастысы — АКПП. Толық комплектациялы машинаның бағасы 2 миллион теңгеге 20 мың жетпейді (толығырақ дилердің сайтында). Бір өкініштісі, зауыт шығарып үлгермей жатыр екен, сондықтан өз тапсырысымды қарашаға дейін күту керек.
Көлік қаншалықты сенімді, қаншалықты сапалы — ол жағын алдағы уақытта жазатын боламын.
P.S. «Автонарықтағы тығырық» сериясымен шығатын посттар легі аяқталғанын мәлімдеймін. Енді «Chance» күнделігі шығып тұратын болар
Суреттер: auto.ru.msn.com; chancecar.kz; donbass.ua
жасы елуге тақаған ағамыз бәйбішесіне: "қыздай алмасам да, әйел жаңартамын, сен ескірдің" деп әзілдесе, әйелі: «ала бер, ол да біреудің мінілгені ғой, мендей болмас» деп, күйеуінің аузына құм құяды екен, сондықтан жаңа темір тұлпар берекелі болсын,
КИА РИО алды досым… жақсы көлік сияқты… барлығы бар… екеуден кымбаттау бірақ
www.aziaavto.kz/kia_cerato_kompl.htm