"Ғашық жүрек" сериалының премьерасына барғың келе ма?


Бүгін, 9-қазан күні Алматы қаласында "Ғашық жүрек" сериалын таныстыру кеші өтеді. Кеште киносериалдың алғашқы бөлімі көрсетіледі. Премьераға фильмнің шығармашылық ұжымы, актерлер мен режиссер қатысады.

Өтетін жері: Кинопарк 6 Спутник кинотеатры (Момышұлы — Шаляпин көшелерінің қиылысы).
Уақыты: 19-00

Премьераға 2 шақырту бар. Премьераға қатысқысы келетін адамдарға жақсы мүмкіндік. Шақырту алғаш болып kinostan.kz@gmail.com адресіне хат жазған адамға беріледі.

Бір талап бар: Премьераға барғаның туралы ақпарат, пост жазып, немесе сериалға рецензия/шолу жасау керек. Фотоесеп болса тіптен құрметтеледі.

Анықтама: "Ғашық жүрек" киносериалы 15 қазаннан бастап «Еларна» телеарнасынан көрсетіледі. Бұл телехикая көпшілікке белгілі "Ғашық жүрек или Коктейль для звезды" және "Ғашық жүрек 2" фильмдерінің желісі бойынша түсірілді. Киносериалдың режиссері — Асқар Ұзабаев.
Рөлдерде: Баян Есентаева, Берік Айтжанов, Жанаргүл Нұғыманова, Салтанат Қалиева, Ақерке Сүлейменова, Жанат Тінбаев, Дәулет Əріпов, Самат Андреев, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, Аида Смағұлова, Асан Қырқабақов, Залина Отарбаева, Жанель Аликова, Гүлжан Қалыбаева.
Туынды 25 сериядан тұрады, әр бөлімнің ұзақтығы 40 минуттан.
Бөлісу:

13 пікір

aza
Киноның түрі бар, ей))) «Менің үшінші курстағы махаббатым» картина шығыпты, Хабардың сайтында тұр) Атының өзі күлкі шақыра ма, қалай-қалай)
AKY
Алматыда болсам, барар едім.
bi2
кеше ғана болғам сол кинотеатырда. қайта-қайта күнде баруға қалта көтермейді
patick
шақыртуды тегін ұсынып тұрмыз вапще-то
bi2
сол шакыртумен баратындарга койылатын талап үдесінен шыға алмай қалам ба деп алмай отырм деп өзіңше болсан…
patick
Еуразия фестивалі туралы постыңдай болса да риза боламыз
bi2
өкінішті, бара алмайм, онда мейрамбек жоқ деп бұлданып отырған…
neoaskar
«барғың келе ма?» қате сөз тіркесі, дұрысы «барғың келе ме?»
қазақ тілін сәл де болса түзетейін деп едім ғой
Abilakim
Бауырым, Қарағанды облыстық тілдер басқармасында бір бос лауазым тұр деп естіп едім, түйіндеме лақтырып көрсеңші…
FaraOn1
15 қазан Еларнадан күтемін. Көк тарландары сияқты агентте отырып көретін сыриал болмаса екен)))
zhanklodvandam
Мен кәрістін киносы шығар деп ойлабедім, моладцы! ертең көремін.