Автонарықтағы тығырық: Отандық авто?


Өткен постымда Қазақстанда Кедендік Одақтың кесірінен автонарықта туындаған мәселелердің шет жағасына тоқталған едім.

Атап айтқанда, қазір сапалы, әрі арзан шетелдік машиналар көп әкелінбейді, есесіне бағасына сапасы сай емес Ресей машиналары қаптай бастады. Адамдарға, әсіресе қалада өмір сүріп/жұмыс істеп жатқандарға жеңіл, арзан, мүмкіндік болса — шыдамды, немесе қосалқы бөлшектері арзан авто керек.

Ескерту: Крутой көліктің артынан қуатын понторездар туралы сөз қозғалмайды бұл жерде. Бұл жерде бюджеттік, бір айлықтан басқа артық табысы жоқ тұрғындардың таңдауына сай келетін автокөліктер туралы сөз болады

Осы орайда, елімізде құрастырылатын шетелдік маркаларға тоқталғым келеді. Қазақстанда, ресейлік ВАЗ-дарды есептемегенде, келесі брендтер құрастырылады:



Мен ескі көлігімнен құтылып, тәуірлеуін іздей бастағанда жоғарыда аталған проблемаларды омыртқа миыма дейін сезіне бастадым. Алдымен «Golf III» қарадым. Мен іздеген бағаға "өлімтіктер" ғана кезікті. Тәуірін кредитке алуға болатын еді, бірақ ұсталған машина үшін кредит алғым келмеді. Сосын «отандық» деп жүрген көліктерге көз сала бастадым.

Сапа
Бізде «шығатын» машиналардың сапасы «оригиналдан» төмен деп айтпас едім. Өйткені, бізде «шығады» деген атақ қана. Бізден ешбір деталі шықпайды, тіпті орындығының тысы да сырттан әкелінеді. Сіз таң қаларсыз, бірақ шетелдік брендтер 70-80 пайызға дайын күйінде әкелінеді. Біздің зауыттар тек бөлек келген беріліс қорабы, қозғалтқыш сияқты бөлшегін «кигізе» қояды да, "Қазақстанда жасалған" ұранымен сатып жібереді. Сондықтан шетелдік көліктердің сапасы жағынан өз отандарында шығатын түрлерінен аса бір айырмасы бола қоймас. Есесіне, "қазақстандықтардың" бір артық жері бар — шетелдік марканы арзан бағаға аласың.


Қандай бренд?
Әрине, жаңа көліктің аты — жаңа көлік. Оған кредит алуға да тұрады. Енді мен жаңа көліктермен есім кете бастады. Тіпті ресейлік маркаларға да Интернеттен «сапа, баға» сұрақтарымен шолып шықтым. Бірақ орыстардың машиналары көңілден шыға қоймады. Сосын басқа «отандық» маркаларды қарастырдым. Әсіресе SsangYong қызықтырды. Интернетте жазылған пікірлерді қарадым, тест-драйвтарын көрдім, білетін таныстардан сұрастырдым. Әрине, олар Toyota внедорожниктері секілді идеальный емес, бірақ бірнеше жыл қиналмай жүруге болатын секілді.

Бірақ бағасы мен үшін қымбаттау болып шықты. Шамамен 4 млн. теңгені құрайды. Бұл ойымнан өкіне отырып бас тартуға тура келді.

Келесі постта "Қазақстанда жасалған" брендімен шығатын басқа автомобиль туралы айтылады.
Бөлісу:

32 пікір

Janasil
Келесіде түпнұсқа мен Қазақстанда құрастырылғандардың баға айырмасын қоса жазсаң.
patick
Бір мысалды қазір-ақ айтайын: Астраханда бір Ссанг Йонг сатылып тұрды. Ұсталған, 15 мың шақырымдай жүріліп тасталған. Бағасы: 800 мың рубль шамасында (4 млн теңге шамасы). Қазақстанда дәл сол бағаға жаңасын аласың.
Daniar-Alan




былтыр көрме болды. сонда түсірдім. отырып көрдім. ыңғайлылығы т.б. керемет. ұнады. 27 500-ден басталады деді.
Daniar-Alan
киа-оптима (жоғарғыдағы) көбірек нады…

характеристикасы
Daniar-Alan


әрине, олар да назардан тыс қалған жоқ
AKY
эйр астана?)))
Daniar-Alan
ссанг йонгтың презентациясында.
мәшне үстінде билеп тұрған жартылай жалаңаш қыздар болмады. олардың орнында осылар жүрді
Abilakim
ал, сен жартылай жалаңаш қыз үшін барып едің, ия?
Daniar-Alan
жоқ. біздің организацияның да көрмесі өтіп жатқан… налармен қатар. соған фототілші боп
Abilakim
бір екеуінің нөмірін алған боларсың?
Daniar-Alan
и жоқ… түрлері быт-шыт… намады… орысша сөйлид тағы. ымдасып түсіндім…
AKY
түрлері вполне приличный сияқты ғой)) сенікі «шаңырақтағы еттің сасығын-ай» деген мысықтың кебі))
Daniar-Alan
 со ғо… русче жақсы сөйлесем мүмкін…
Abilakim
сол жағыңдағы бірінші және екінші қызды сызып тастасаң да аналардың нөмірін алуға болғандай екен
seyh
нөмерін алсаң тілдің қажеті жоқ сияқты ғой Ымдасаң түсінсе болғаны да
Daniar-Alan
тілдің қажеті жоқ сияқты ғой
неге қажеті жоқ… ол да керек
Abilakim
Тілмен жұмыс істеймін де…
Daniar-Alan
епті… сүйісуді айтывотрм
Abilakim
әй, жастар ай, автонарық жайлы жазбаны айналдырып әкеліп сүйісуге тіреп қойдыңдар
Armanjan
сонымен Патик не болды алдың ба, алайын деп жүрсің ба?
patick
Шыдаңдар, келесі пост алдағы аптада, сонда жазамын
Daniar-Alan
менің ойымша шанс!!!
Daniar-Alan
а дауай бәс тігейік. не алатынына…
patick
Өйткені, бізде «шығады» деген атақ қана. Бізден ешбір деталі шықпайды, тіпті орындығының тысы да сырттан әкелінеді. Сіз таң қаларсыз, бірақ шетелдік брендтер 70-80 пайызға дайын күйінде әкелінеді. Біздің зауыттар тек бөлек келген беріліс қорабы, қозғалтқыш сияқты бөлшегін «кигізе» қояды да, "Қазақстанда жасалған" ұранымен сатып жібереді.

Осы сөзімді теріске шығаратындай аргумент айтылыпты зауыт тарапынан:
По сути, это сборка «частично разобранных» автомобилей. Но уже сейчас при сборке используются действительно отечественные комплектующие: SsangYong — сигнально-громкоговорящие устройства, лебедки, кронштейны, элементы защиты картера двигателя и коробки передач; подсборка двигателей Chance — установка подвесных подушек двигателя, генератора, ремней ГРМ, ГУРа, компрессоры кондиционирования салона, настройка зажигания, коммутация электрожгутов, монтаж трубопроводов системы охлаждения и подачи топлива, коробки передач, сборка кулисы

Міне ол қалай, Михаилұлы
Nurgisa
Камрюхаға жетпейді…
patick
әрине
Nurgisa
Ереке, он бес, жиырма мыңның жобасында болса, тәп-тәуір бэу алуға болады, мысалы. Ойланбай айдайтын. Бірақ шешімің нақтылануға жақын сияқты.
patick
қаржы аталған жобадан төмен
Nurgisa
 жиырмасыншы карюхаға ілігуге болады, сонда да
Barsa
Сенің қаражатыңа Hyundai Accent алуға болады. КЗ да жиналады, бағасы арзан. Люкстары туралы да ойлана аласың.

Су жаңа кроссоверлердің бағасы 32000-35000ден басталады. И то, ең кедей комплектациямен. Сондықтан, ұсталған автоларға жүгінуге тура келеді. Бір қолда болған, төрт бес жылдық европейкалар КЗ ушин утымды вариант деп билемин
VKM
Сенің қаражатыңа Hyundai Accent алуға болады.
әдемі машина
ken
aziaavto.kz/
модели деген жерін қара