Автонарықтағы тығырық: Не істеу керек?
Кедендік Одақ қалай іске қосылды, шетелдік машиналарды елге әкелу қиындап кетті. Кедендік баж салығы бірнеше есеге артып, көлік әкелудің мәні қалмады. Есесіне Ресейдің «унитаздары» көптеп келе бастады. Әрине, ВАЗ-дың соңғы «Гранта», «Приоралары» сапасы жағынан біршама жақсы дегенді айтады таксиші қауым. Тіпті биылдан бастап автоматты беріліс қорабы бар «Гранталар» сатылымға шығады деп жатыр. Бірақ олар туралы анекдоттық стереотип бәрібір сақталып қалды, оның үстіне зауыттан келетін ақаулар да аз емес екен. Сондықтан, қазақстандық автосүйерлер бәрібір ескі де болса «шетелдікке» мінгенді жөн көреді.
Шекара жабылды, шетелден «сібежи» машиналар сиреді. Сұраныс азайғасын, шетелдік көліктердің жергілікті сервистері де қымбаттады. Бұл жағдай қалалықтарға ауыр тиді. Үлкен қалалардың қоғамдық көліктерінің жағдайы белгілі, сондайда «автобустан гөрі, дөңгелегі бар қоқыс жәшігі болса да жаман емес» деген ой келеді екен.
Таңертеңгі және кешкі кептелістер әбден жүйкені жұқартады. Мұндайда әрине көлігіңнің АКПП болғаны өте ыңғайлы. Бұған дейін 1,5 жыл «механика» мінген "қалалық" ретінде айтайын: Осы кезеңде сцеплениемді 4-5 рет күйдіртіп алдым, бәрі де пробка кезінде орын алды. Осындайда «автоматшыларға» қызыға қарап, машинаңды итеріп (сүйретіп) кете барасың
Сонымен, менің айтқым келгені 2 мәселе:
1. Шетелдік көліктер қымбаттады, қосалқы бөлшек сататын ресми дүкендері азайды; Сәйкесінше, көліктердің жаңаруы жоқ. Ел ішіндегі иномаркалар 3-4 жылда тоза бастайды.
2. Ресейлік көліктерге ешкім мінгісі келмейді. Біріншіден, бағасына сапасы сай емес. Екіншіден, қалалықтар көбіне автоматты беріліс қорабын қалайды. («ВАЗ» өнімдерінде әзірге АКПП жоқ)
Қазақстандықтар біртүрлі ситуацияға тап болған сияқты? «Екі оттың ортасында» дейтін ба бұндай жағдайды… Не істеу керек? Оны келесі постымда жалғастырайын.
P.S. Жоғарыдағы шолуым менің жеке пікірім (болжамым) болып есептеледі. Автонарықтағы пайымдауым қате де болуы мүмкін. Сондықтан, пікірммен келіспейтіндер ой бөлісе отырыңдар.
Сурет көздері: www.odk.kz; www.m-inf.ru
сосын мынадай
Сосын о жакта афтамат жок па алде адеии акелмей ма (мен ап алады деп))) бр балеси бар
Al Kazakhstanda ssang yong kurastirsa da, Mongoliadan ote kimbat.
Bul kanau goi halikti.
Resei Kazaktarga unitazdarin kuwpen tigip jatir, sebebi deni duris elder Reseidin mawinalarin mawina dep eseptemeidi. Karapaim kaupsizdikten bastan, dizaini bilai tursin dvigatelderi kusik. Fuuuu
Патик айтқандай 3-4 жылда біраз азаматтар одақтастарымыздың көлігіне еріксіз, саналы түрде отырып қалатын секілді.Менің бір досым приора алды 11 мың долларға. Ал, бағасына сапасы лайық деп айта алмас едім,қанша жерден әзірге шағым түсірмегенімен. Кейін соның жарты бағасына өткізу мұң болады.
Қазақстанда құралған «Нива» көлігін ауылдағы ағам теуіп жүр. Әзірге жаман емес. Ауылдық жерге деп алғаны ғой. қалада Нивамен жүрген қызық емес тәрізді
KIA Cerato, 2.0 — 3 385 000 теңге /22 500 доллар/;
Skoda Octavia 1.6 — 4 020 000 теңге /26 800 доллар/;
Hyundai Accent 1.6 — 3 200 000 теңге /21 300 доллар/
Басқаны қайдам, менде автомобиль алу үшін мұндай ақша жоқ. Әрине несиеге алуға болады. Бірақ автонесие ең кем дегенде 12-17 пайызбен беріледі. Орта есеппен бірінші автомобильді бес жылға 14 пайызбен, алғашқы отыз пайызын төлеп несеге алсаңыз шамамен 70 мың теңгеден төлейсіз. Тәбет бар ма әлі?
Ссанг Йонг Кайрон деген джипті алғысы келген бір танысым. Содан бағасы, 20 мың долларға шықты. механикалық беріліс қорабымен… автомат алғың келсе, тағы 5 мың көк қағаз қосу керек депті. хош, сонымен келісім-шартқа отырып, машинасын күте бастады. А, ия, Кайрон алғың келсе солай, алдымен келісім-шартқа отырып, ақшаңды төлеп сосын машинаңды 2 ай күтесің, долевоеучастиеңдіссс… Сонымен, 2 ай өтті, машина жоқ. Салондағылар қам жемеңіз, шамалы бір жағдайлар болып жатыр, есесіне әр күн үшін келісім-шартта көрсетілгендей 0,03 пайыз неустойка төлейміз деп қояды. Сонымен енді босқа отырмай машинада не бар, не жоқ, не салдыру керек деген сұрақ туындады. сөйтсек, сервис-центрдегілер айтады, Машинаның двигателінің астындағы қалқанын салдыру — 89 мың теңге, магнитофон салдыру — 48 мың теңге, сигнализация — 68 мың теңге, тонировка — 30 мың теңге деп прайстарын шығарып берді. Жігіттер, болмайтын майда-шүйде үшін 1500 доллар сұрағандарың ұят қой, рахмет біз машина келгесін басқа бағасы арзандау, таңдауы көптеу жерден жасатармыз десек, егер басқа жерден жасатсаңыздар, автоматты түрде зауыттың сервистік кепілдігі өз күшін жояды деп қарап отыр, сабаздарың… уооот, нәтижесінде, танысым, 20 мың долларға 2010 жылғы жақсы иномарка сатып алды, қуанышты…