Шімкет - Шымкет - Шымкент

Кеше республикалық бір арнадан Шымкент-шоу қарадық. Бұл арна экранның сол жақ бұрышына қазір эфирде не болып жатқанын жазып отырады екен. Көзім түсіп кетті «ШІМКЕТ» деген сөзге. Фотоға түсіріп алдым да Фейсбукке жібере қойдым.

Кішкенеден кейін «түзетілді», «ШЫМКЕТ» болып. Мұны да түсіріп алып, Фейске жібере қойдым.



Көп ұзамай «ШЫМКЕНТ» болып түзетілді.

Адам болғасын болды ғой асығыстан қате кетіп қалады. Бірақ, 1 сөздің өзінен және танымал сөзден 2 қате жіберудің не екенін түсіне алмадым. Жазып отырған адам дебилоид па әлде қазақ тілін білмейтін біреу ме білмедім. Мұндай қателіктерді жіберу тілімізге немқұрайдылық, мазақ қылу деп түсінемін.
Бөлісу:

38 пікір

patick
Оларға ресми түрде дебилдер деген айып тағуды ұсынамын
aikarakoz
Астана арнасынан болды ғой деймін?
Daniar-Alan
Азаның күнделігінен көрмейміз десеңЧ мына постты
Abilakim
уахаххахахах, дәл айттың
Daniar-Alan
Техникалық жұмыстардың барлығын орекеңдер жасап отыр меніңше. Мәтінмен жұмыс істейтін техникалық редакторларды қазақша-орысшаға судай қазақтарды қою керек. Сонда түзеледі меніңше…
Abilakim
Қарағандыда жүгіртпе жол арқылы смспен екі қазақ орыстарды боқтап, қайта -қайта хат жазған ғой. Тексеріп отыратын орыс түсінбеген, нәтижесінде телеарна жабылды, аналар айыппұл төледі
Aidakonya
бу не го, пиар-ход
Daniar-Alan
кетЧ… қандай пиар
Aidakonya
пульт басып отсын, еш кызык жок, бир кезде кате, супер керемет кате, и твиттер, фейсбукке кете барды ТВ рейтинги ости
asaubota
Блог құрылтай?
aikarakoz
Шымкент шоудың дәл осы бөлімін 120 рет көрсетті-ау… Қайталап, сорпасын езе бергеннен көрерменді қайта жоғалтпай ма?
Onlasyn
Менің көзіме бірнәрсе болған ба десем, шынымен екен ғой. Бір қарағанымда «Шімкет», кейін нормально көрсетіп тұр. Не то қарағанмын ғой деп ойлағам мен ))
Астана арнасынан көсетті
Abilakim
Жетінші арнаның "ілмегінен" көрсетіп қалулары мүмкін)))
asaubota
мен қай арна екенін ұмытып қалғаннан емес, былай этикалық тұрғыдан жазбай отырсам… коментшілер білімдерін көрсетіпті енді
Daniar-Alan
блог құдіреті…
aikarakoz
Мәселе білімде емес, өзі Шымкент шоуды Астанадан ғана көрсетеді… Ел көрмейтін арна болса, жарайды.
a63a1
менде байқадым, сол сөзді Нәкөн деген ақ киім киіп шыққан уақытта түзетіп қойды.
ПыСы: құұұсық! беттеріне гардоб лақтырарма еді, мылжасын езіп бір көрініспен бүкіл уақытты алып тұра берді нақтар!
a63a1
Орташа Есеппен Қазақ Пульті
— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді.

Ғарап тұрсам сенікі де осы орташа есептегі қазақ телебизірі-ау ә?
asaubota
менің телебизірім мен пультімде целофан жоқ  анау тек наклейкалар ғой, ол жеңгеңе ұнап, қалдырдық солай
Abilakim
үйдегі телебзірде екі пульт бар, біреуінің кейбір кнопкаларын үйге келген әркімдердің балалары жұлып тастаған ба, жоқ әйтеуір. сонда ана пультпен басып-басып аламыз.Негізі екінші пульттің кнопкалары түгел, кей функциялардың орындары ауысып кеткен бе бірдеңе
a63a1
онда "Әр еркектiң өлместен бұрын iстеу керек нәрселерiнiң тiзiмi"-нің сегізінші пункті орындалып жатқандығының айғақ белгісі
Kipshakkyzy
Байқамайтын нәрсеңіз жоқ екен. Креативті жазба!
Daniar-Alan
на постты пүлістейін десем анау, пүлістемейін десем… уобшым неғыларымды білмей отырм… әлеуметтік желілерде де жамаааааааан нәрселерді лайктай алмай қиналасың…
edige
Жоғарыдағы кемшілік қазақшаға шорқақ біреу жаза салғандықтан бәлкім…
Ал былайша Күлпәш деп жургеніміз еркек екен… «Саған сенемін», откендегі КТКдағы жанжалы өзін еркек ретінде көрсетудің жолы деп түсіндім…
asaubota
ал былайынша Шымкент шоу нашар, өте нашар. сол баяғы айқай, диалектілерге күлу, қыз болып киінген еркек, орысша білмейтін қазақ…
zholantai
Кеше түнде «Күлкістан»-ды көрсетті, жақсы әзілдері бар екен,
ken
е-мое, осындай құсықтарды да көресіңдер ме?
asaubota
үй бір бөлме, бір телевизор. оның алдында мен футболымды қарап алдым, кейін амал жоқ басқаларға да ммүкіндік беруім керек.
Onlasyn
Пуһ!!! Өкінішке орай көреміз
asaubota
Телеканал Астана: Приносим свои извинения за столь грубые ошибки! Виновные понесли заслуженное наказание, впредь коллектив телеканала «Астана» подобного не допустит.

дейді
zholantai
Күндіз бір шоу-бағдарламада «Мына өзендердің қайсысы тұтасымен Қазақстан аумағында орналасқан» деген сұрақ жүрген. Жауап нұсқалары,
1)Каспий; 2)Арал; 3)Балқаш;
Бағдарлама орысша жүреді, сұрақ та орысша қойылады. Бұл субтитрдегі қазақша аудармасы,)))