Кинопати: Эльвира & Жалғас


Керекинфоның белгілі қолданушылары: e_zhalgas пен aikarakoz бірінен кейін бірі қатарласа дүниеге келіпті. Кеше, 26-қыркүйек күні Жалғасты «жумайсың ба е» деп мазасын алсақ, бүгін Эльвираға ақ тілектер боратып жатырмыз.

Бірақ әр нәрсенің сұрауы бар дегендей… көпшіліктің дәм етуімен, өздерінің ниет етуімен бірігіп кеш ұйымдастырып жіберуді жоспарлап отыр. Кеш өтетін де үй табылыпты. Енді бәріңді сол кешке шақыру ғана қалды.

Жай келіп ішіп-жеп кетем десеңдер — қателесесіңдер. Кешті құр көңіл көтеріу үшін жасау қызық емес, сондықтан бір тақырыптың аясында бас қосуды жөн санадық. Сонымен, бечір кино тақырыбынды болады.

Естеріңде болса, бұндай кеш бұған дейін бір рет өткен. Көпшілік сол кезде ризашылықтарын жеткізген еді. Тағы бір рет неге өткізбеске?

Сонымен КиноПати туралы:
Атмосфера кино кешіне сәйкес болуы үшін қонақтарға қойылатын талаптар бар:

1. Киноға қатысты киініп келу
2. Кино туралы байқау-сауалдарға дайын болу
3. Жалпы кинодан хабары болу (минимум: өмірінде кино көрген).

Енді жоғарыдағы пункттерді түсіндірейін. Келгенде есік алдында күзетші болады. Егер кешке осы постты оқу арқылы келгеніңді білдіргің келсе, темада екеніңді дәлелдегің келсе киноға образбен кел. Костюм таңдай жағын өзің білесің: Гарри Поттер болып келесің ба, зомби секілді грим жағып келесің ба, Монро болып ақ көйлекпен келесің ба, ниндзя болып келесің ба — сенің еркің. Тек киноға қатысты киім киіп кел. Талапты орындамаған адамды қатал жазалайтынымызды ескертеміз.

Кеш барысында жүргізуші тарапынан түрлі байқаулар ұйымдастырылуы мүмкін. Соларға белсене қатысқандар құрметтеледі.

Өтетін уақыты:
29 қыркүйек, 2012. Сағат 20-00. Кешікпеулерің сұралады.

Өтетін жері:
Алматы қаласы, Яссауи-Шаляпин қиылысы.

Үй нөмірін өзім де білмеймін. Сондықтан дәл ақпарат алу үшін Жалғас «e_zhalgas» Ертайға хабарласуға болады: +7 702 546 71 07 (Оған дейін мазаны алмаңдар, на)

Келемін деушілерге есік ашық. Тек жоғарыдағы шарттар орындалсын.

Қосымша әдебиет: Осыған дейін өткен Кино-Пати
Бөлісу:

62 пікір

patick
Кино-Пати 2-ге келіңдер
Nurgisa
Ұнайды осыларың.
Мүмкін болса, біреулерің жапонның "Қарғыс" хоррорындағы бас кейіпкерді сомдай келсе екен. Суретпен сүйемелденген пост-пост күтеміз.
patick
Костюм да ойлап таптым кешке. Терминатор болып келемін: ішке тыр жалаңаш кіріп келемін де, біреуге: «Маған сенің киімің керек» деймін!
aikarakoz
Пират болсам ба деген ой келді. Джек Воробей)))
Aikona
Урра! Уже киім іздеп жатырмын)))
madlen
и так то уакыт жок кезде киим издеп журу керек енди… бармай калсам, креативка шамасы келмей калды екен деп ойландар
aikarakoz
Келмей қалсаң, қызықтан қалып қоятыныңды айтпағанның өзінде Жалғас екеуміз саған байкот не аштық жариялаймыз))
VKM
Жалғас екеуміз
 aittym goi, superpara dep)
aikarakoz

Негізі біз егізбіз))
patick
ал, мен бар ғой, келмей қалсаң тышқақ жариялаймын
e_zhalgas
келмеу, келмей қалу, келе алмай қалу, сұрана алмай қалу, шыға алмай қалу, уақыт таба алмай қалу… жалпы, қалып қалу болмайды, қабылданбайды!
Nurzika
керемет идея, ұйымдастырылуы, талаптары күшті екен, әдемі өткізуге тілек білдіремін!
Marationok
Туған күндерін құтты болсын!
monti
 әлі ойлану үстінде едім, дәл сол күні сіңлімнің туған күні едь
нау постан кейн, костю деген соң қызғып кеттім қайта менбарғым кеп
мен бара қалсам костю ең оңайы болатын шығар
Aikona
Мадлен екеуің келмесеңдер менде күлмей қоям
e_zhalgas
келмеу, келмей қалу, келе алмай қалу, сұрана алмай қалу, шыға алмай қалу, уақыт таба алмай қалу… жалпы, қалып қалу болмайды, қабылданбайды!
monti
Иии заны, баруға тырсам, сендерді көру, Кино пати, ЖалғаспенАйкаракөз, БұлҒарфино бәрін қалай қиам?

алдын/ала күлеберенЧ?
NaimanKa
Өскеменнен бара алмаймын әттең
Gastarbaiter
Джамшут образында бара салуға болады екен, спецовка дайын
Gastarbaiter
Мен сырттан келгендіктен маған кішігірім скидкі болатын шығар, ағайындар-еу… болмаса…
… болмаса неміс халық киножанрынан бір костюм киюге тура келеді
AKY
оо, сен де келесің?

неміс халық киножанрынан
былай пигураң жақсы сияқты ғо))
Korkem
Таңдайымды қағып, қызығып, пілус қойып кетуден басқа еш дәрмен жоқ құттықтаймын!
kozildirik
Қазір пойызға жиналып жатырмын… Тек не киемін деген сұрақ… Сақал өсіріп, Хоттабыч болып барсам ба екен…
aikarakoz
Гарри Поттер жақындау ғо сізге)) Тор галстук, ақ жейде, жакет, қолыңызға кітап болса болды))
kozildirik
Негізі өте тамаша идея! Түсе салып барахолкадан сиқырлы таяқша тауып алайын)
aikarakoz
Шашыңызға гель алып, жатқызып қоюды ұмытпаңыз))
kozildirik
Тұрып тұрғаны ұнамайды ма?)
aikarakoz
Смотря ненің))
kozildirik
Ондай фантазияның шарықтау шегін жеке жазу керек)) Әйтпесе «Айқаракөз» қыз келіншектерге арналған сайтына))
aikarakoz
Менің емес, сіздікі ғо шарықтап жатқан))
Жағаның, шаштың тұрып тұруы мүмкін ғой))
Яцыз ағашкі!
kozildirik
Әңгіме шаш туралы болып жатыр. «Намысқа» айтып бір сабатып алатын екен сен қызды, ағашкіңді яцыз дегенің үшін))
aikarakoz
Ертең итімді ертіп барып, талатпасам ба сізді))
kozildirik
Ух ты, итің пайда болған ба? Айтып сүйінші сұрамайсың ба?)))
Daniar-Alan
Смотря ненің))
 өрт
aikarakoz
Идея жетіспей жатқандарға:


Тағы да бар мында
Daniar-Alan
астыңғы сурет Кенге ұқсайды екен…
ken
Фантомастың киімі керек болса, хабарлас))
aikarakoz
Ура! Алдекең келе жатыр Алматыға
Daniar-Alan
aikarakoz
Не жырқыл?
Daniar-Alan
жәйй… Алдекең кім болып барады екен деген ой келгені…
aikarakoz
Шрек
Daniar-Alan
ештеңе кимей тек дамбалмен бара ма сонда?
aikarakoz
Жоға, көйлегі бар ғо)
Daniar-Alan
есектің орнында кім болады екен…
asaubota
интернет және вебкамдарың бола ма?
aikarakoz
интернет бар… соткамызда
dark_nazgul
Сценарийде жазылып, бірақ киноның соңғы нұсқасына кірмей қалған кейіпкер бейнесінде барсам бола ма?
kaspi_meruerti
Кинопатидың фотоесебін күтеміз
edige
кеш біліп калдым блин