Кинопати: Эльвира & Жалғас


Керекинфоның белгілі қолданушылары: e_zhalgas пен aikarakoz бірінен кейін бірі қатарласа дүниеге келіпті. Кеше, 26-қыркүйек күні Жалғасты «жумайсың ба е» деп мазасын алсақ, бүгін Эльвираға ақ тілектер боратып жатырмыз.
Әрі қарай

Кинопати-К немесе кино стиліндегі туған күн

26-мамыр, яғни сенбі күні туған күнімді тақырыптық бағытта атап өтуді жүн санап отырмыз. Біз деуімде де себеп бар: пати керекшілердің штаб-пәтері — Жалғастың үйінде өтеді. Құр жай ішіп-құсып кетуге де болатын еді. Бірақ, жыл он екі айдағы бір күнді өзге сенбілерден ерекше ету қажет деп шештік Киностан авторлары.
Әрі қарай

Керектің патиіне келіңдер!

КерекПати деген не?

Не ғой, ештеңе де емес. Жәй ғана көңіл көтеріп, керектің блогерлерімен танысу кеші. Айына бірнеше рет өткізіп тұрамыз деген ой да жоқ емес. Бастысы — блогерлердің кім екенін, керектің не екенін білгіңіз келсе, есігіміз ашық. Айтпақшы, кеш менің пәтерімде болады. Ешкімді де жатырқамаймыз, керісінше — бәріңмен танысуға құлықтымыз. Бір ғана ескере кететін нәрсе бар, ол төмендегі сипаттамада жазылған. Мұқият болыңдар!

Сипаты:
Егер ішімдік ішкің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер тамақ жегің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер ойын ойнағың келсе — идеяңды айт;
Егер талқылағың келсе — баста.

Өтетін жері:
Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер.
Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы
Әрі қарай