Сәлем, 90-шы жылдар!
Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып тастайтын кездер де жетерлік. Бірақ Саймон Уэст өзінің "Медальон" ("Ұрланушы"; «Stolen») фильмінде ондай нәрселерге бас қатырмапты.
Көрерменнің басын ауыртпай, күткен төбелес, жарылыстарын сол күйінде бере салатын стиль С. Уэстке тән ба деп ойлап қалдым. Өйткені, ол бұған дейінгі «Механик» («The Mechanic») картинасын да ешбір күрделі сюжетсіз-ақ экранға алып шықты. «Механиктің» басты «көзірі» сол кезде Джейсон Стэтхэм болса, осы жолы "Ұрланушыда" — Николас Кейдж.
Айтпақшы, режиссер Саймон мен актер Николастың бұл алғашқы «кездесуі» емес. Сонау 1997 жылы жарық көрген "Әуедегі түрме" («Воздушная тюрьма»; «Con Air») боевигі осы екеуінің тікелей қатысуымен түсірілген дүние еді.
"Ұрланушы" — құрылымы мен мән-мағынасы жағынан сол тоқсаныншы жылдарды еске түсіреді. Басты «ставка» төбелес пен экшн көріністерге берілген. Драматикалық диалог пен күрделі (заманауи) триллерге тән сюжет күтпеңіз. Оның қалай бітетінін фильмнің негізгі оқиғасы басталғаннан-ақ білесіз. Николас Кейдж — қызын құтқару үшін бәріне дайын керемет қаһарман. Ал антиқаһарман — одан кек алуды көздеп, қызын ұрлап кеткен бұрынғы досы. Ал қалғандары — басты кейіпкердің игі мақсатына кедергі болар жаулар мен ақылсыз полицейлер.
Көрерменнің күлкісін келтіретін сәттер де фильмде аз емес. Бір қарағанда бұның бәрін режиссердің білім деңгейінің төмендігіне, сценаристердің кемшіліктеріне, жалпы фильмді түсірушілер тобының шеберліктерінің төмендігіне сілтей салуға болады. Бірақ осылардың барлығы режиссердің арнайы қойған құйтырқы әрекеті, көрерменіне өзгелерден ерекше өнім сыйлауға ұмтылысы деп қараған дұрыс. Өйткені, фильм бітті — бәрі ұмытылды. Тек позитивті сәттер есте қалды.
Бұндай туындыларды — «бір реттік фильм» дейтін ба еді?
Баға:
5/10
Баяғы «Без Лица» фильмін де сүйреп шыққан Джон Траволта. ИМХО)
Мысалы, ана суреттегі ақсақ далбаебты алайық. Шатаспасам, Джейсон Стэтхэм екеуі бір киноға түскен, мына жалбыршаш маньяк, Джейсон коп рөлінде.
Жалпы Николас Кейджді мүлде қабылдай алмаймын.