Жаңа маусымда - жаңа «Ән жұмбақ»

Ән жұмбақ

Қазақстан Ұлттық арнасында аз уақыттың ішінде көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Ән жұмбақ» теледуманының екінші маусымы басталды. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап келгенде, сізді біздің арнада «Ән жұмбақ» сазды бағдарламасы күтуде. Бағдарламаны көріп, көңілді ойыннан ләззат алыңыз. Бізбен бірге ән шырқап, ән емтиханын бірге тапсырыңыз.
Жұбаныш Жексенұлы танымал әншілердің музыкалық білімін тексеруін жалғастыруда. Жаңа маусымда көрермендерді тартысты ойынмен қатар сүйікті әншілері және танымал әндер күтуде. Сіздерді «Меломен» тобы, «Қоңыр» тобы», «Заман» тобы, «Мұнарлан» тобы, Cаят Медеуов, Арман Дүйсенов, Есен Елеукен, Қалқаман Сарин, Данагүл Темірсұлтанова, Әлішер Кәрімов, Марат Ілиясов, Ақжол Мейірбеков сияқты танымал эстрада жұлдыздарының ойындары күтуде.
«Армандар орындалады» демекші, Қызылорда облысынан хат жолдаған көрермен Қымбат Саймағамбет біздің жобаға қатысуға қалай жолдама алды? Ұстаздан шәкір озды ма, озбады ма? Танымал композиторлар неге өз шығармашылығындағы әнді таба алмады? Танымал топтар өз әндерінің авторларын неге білмей қалды?
Осы сауалдарға жауапты 3 қыркүйектен бастап, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 15:20 Қазақстан ұлттық арнасынан «Ән жұмбақ» бағдарламасының жаңа маусымын тамашалау арқылы ала аласыздар.
Бөлісу:

4 пікір

ken
осыған ұқсас тағы бір тақырыпты жаңа осы арадан көрдім-ау дим
Gulistan
Бірінші маусымында хабарды жүргізген Мөлдірде жасандылық қатты көзге түсіп тұрды.
Abilakim
Жұбаныш брат жүргізетін бір бағдарлама бар еді.күлкілі негізі, жасандылыққа толы, обшым дәрежесі төмен. Мөлдірдің жүргізген бағдарламасын көрмеппін, бірақ керемет болмағанына сенімдімін