Ән жұмбақ «Серке» тобының тұсауын кесті.

Ән жұмбақ

Қазақтың ән өнерін дәріптейтін «Әнжұмбақ» бағдарламасында Ақылбек Жеменей бастаған «Серке» тобы мен Майра Ілиясованың жетекшілігіндегі «Ерке» тобы қонақта болып, әнге деген өз білімдерін көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар әсем әндерді тауып қана қоймай, ол әндерді нақышына келтіріп айта білді. Өйткені, бұл бағдарламада жасырылған әндердің көпшілігі қатысушыларға таныс әндер болып шықты.
Бірақ, ән авторларын табу кезінде екі жақ та осалдық танытты.
«Ерке» тобының ерке қыздары алғашқы айналымдарда ағаларына жол беріп, сыпайылық көрсеткенімен үшінші айналымда екі топтың да белсенділігі арта түсті. Тіпті, Ақылбек ағамыз «Асыл тас – cу түбінде қалмайды» деп шабытқа беріліп, өз ойынан мақал шығаруға дейін барды.
Төртінші айналымда жасырылған әнді жазбай таныған топты білгіңіз келсе, бейсенбі күні, сағат 15:20-да «Қазақстан» ұлттық арнасында «Әнжұмбақ» бағдарламасын көруді ұмытпаңыз.
Әрі қарай

Жаңа маусымда - жаңа «Ән жұмбақ»

Ән жұмбақ

Қазақстан Ұлттық арнасында аз уақыттың ішінде көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Ән жұмбақ» теледуманының екінші маусымы басталды. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап келгенде, сізді біздің арнада «Ән жұмбақ» сазды бағдарламасы күтуде. Бағдарламаны көріп, көңілді ойыннан ләззат алыңыз. Бізбен бірге ән шырқап, ән емтиханын бірге тапсырыңыз.
Жұбаныш Жексенұлы танымал әншілердің музыкалық білімін тексеруін жалғастыруда. Жаңа маусымда көрермендерді тартысты ойынмен қатар сүйікті әншілері және танымал әндер күтуде. Сіздерді «Меломен» тобы, «Қоңыр» тобы», «Заман» тобы, «Мұнарлан» тобы, Cаят Медеуов, Арман Дүйсенов, Есен Елеукен, Қалқаман Сарин, Данагүл Темірсұлтанова, Әлішер Кәрімов, Марат Ілиясов, Ақжол Мейірбеков сияқты танымал эстрада жұлдыздарының ойындары күтуде.
«Армандар орындалады» демекші, Қызылорда облысынан хат жолдаған көрермен Қымбат Саймағамбет біздің жобаға қатысуға қалай жолдама алды? Ұстаздан шәкір озды ма, озбады ма? Танымал композиторлар неге өз шығармашылығындағы әнді таба алмады? Танымал топтар өз әндерінің авторларын неге білмей қалды?
Осы сауалдарға жауапты 3 қыркүйектен бастап, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 15:20 Қазақстан ұлттық арнасынан «Ән жұмбақ» бағдарламасының жаңа маусымын тамашалау арқылы ала аласыздар.
Әрі қарай