Ән жұмбақ «Серке» тобының тұсауын кесті.
Қазақтың ән өнерін дәріптейтін «Әнжұмбақ» бағдарламасында Ақылбек Жеменей бастаған «Серке» тобы мен Майра Ілиясованың жетекшілігіндегі «Ерке» тобы қонақта болып, әнге деген өз білімдерін көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар әсем әндерді тауып қана қоймай, ол әндерді нақышына келтіріп айта білді. Өйткені, бұл бағдарламада жасырылған әндердің көпшілігі қатысушыларға таныс әндер болып шықты.
Бірақ, ән авторларын табу кезінде екі жақ та осалдық танытты.
«Ерке» тобының ерке қыздары алғашқы айналымдарда ағаларына жол беріп, сыпайылық көрсеткенімен үшінші айналымда екі топтың да белсенділігі арта түсті. Тіпті, Ақылбек ағамыз «Асыл тас – cу түбінде қалмайды» деп шабытқа беріліп, өз ойынан мақал шығаруға дейін барды.
Төртінші айналымда жасырылған әнді жазбай таныған топты білгіңіз келсе, бейсенбі күні, сағат 15:20-да «Қазақстан» ұлттық арнасында «Әнжұмбақ» бағдарламасын көруді ұмытпаңыз.
шешесс…
Сосын 1 тасшайматаны жапқаннан басқа жақсы нарсе ойлап тапса гой шіркін…
«Елім менің»-де секектеп тағы сол… арасында күліп алады, даусы жетпесе қоя салады, рахатизм әйтеуір… Келген елге жамыратып ән айтқызып қойғаннан басқа ештеңе табылмады ма…
Сайысқа елге мәлім адамдарды шақырады да, оларды қандай да бір сөздің дұрыс жазылуын тексеру мақсатында бір сөзді ежіктетіп қояды кеп… Тұрады әлгілер А, Б деп.. Ұят-ұят…