"Көксау" Ғалымжан

Назарларыңызға Ғалымжан Жолдасбай атты жас әншінің халық әні«Көкжөтелге» түсірген тамаша клибін ұсынамын. Клип өзіміздің елімізде түсірілген. Мен 5 деген баға берер едім, міне қазақтың жылқысы, міне, қазақ қыздары, міне қазақ жігіті деп көрсетуге тұрарлық. Міне, Батыс ән мектебінің өкілі!
Бөлісу:

72 пікір

Abilakim
Мына клипке баға беріп жіберсеңіздер
satibaldi
aza -стайл каммент:
«Тек атты зеркально көрсететін жері ыңғайсыз боа кетті, сосын киіз үйдің есігі жабық тұр»
aza
Кет нақ, сол жерде бас шұлғывотрып алп, көзім жоқта сөйлеватыр))))))))))))
asaubota
Қарағандыға бара жатқан кезде көрдік, бағаладық. 5.
Aidakonya
кыздардын прическалары современный, а так сулу кыздар кез келген клиптин корикти кылып жибереди го
Abilakim
өлеңді де заманауи бағытта айтып тұрғандықтан кешірімді ол жағы
Erke
Айдалада жалғыз ағаш үйде 4 қыздың ғана жүргені бүртіллі екен!
Abilakim
Шойынқара, 4 қызбен бір ағаш үйде қалсаң осылай атпас едің ә
Aidakonya
айгырлар жаксы шыккан еще
Daniar-Alan
айгырлар

көзіңіз алдымен неге айғырға түсті сұлуым?
Aidakonya
биринши сулу кыздарга тусти
Daniar-Alan
 а неге қыздарға??
Aidakonya
сулу кыздарга караган унайды
Daniar-Alan
Лесби аралынан емес па едіңіз қарындас? ойланып қалдық қо…
Aidakonya
жыныс емес сулулык унайды, а так анау кара шашты ару ушин ойлануга болады
Daniar-Alan
шынында да әдемі екен… азаннан бері көрмей енді көрдім… көре салып айғыр дегеніңізге біртүрлі болып қалып ем… енД түсіндім… иии жаным со, сұлулықты жаҚс көрген… қхҺммм… рахмет, рахмет жігіттер…
Abilakim
қыздар расында да әдемі,қазақша білетін қыздар деп ойлаймын.
alisha
Құрымағыр құрдас-ау, үйге барғанда келіншегіңе айтатын бірдеңе қалды ма, өзі
Daniar-Alan
әрине құрдас… оған бөлек комплименттер жетеді… әрине, оңашада… и более интимдірек комплименттер
alisha
Ақ балтырдан айналдым дегендей ме?
Daniar-Alan
білед әййй… опыт бар, опыт бар
alisha
Бар-бар… бөксе-мықындарға арналған комплименттердің біраз "қоры" бар, көзің көргенді тілмен айтуға жағдай болмай жатса ауыртпалығыңды көтеруге дайынмын
Daniar-Alan
жекеге құрдас жекеге
Daniar-Alan
құдай аууу… не жаздым… қуа бердіаууу бүгін бойдақ-бойдақсызының бәрі
alisha
ұлтжанды-ұлтжансыз, бойдақ-бойдақсыз
Daniar-Alan
хей құрдас… Ибнаббас2 болмаш… сөздік құрам деп наққа кетті… Бір-бірімізді жақсы түсінетін едік қой…
alisha
Жан құрдасты түсінбесем, басқаны қайдан түсемін Норма бәрі
Abilakim
dl.dropbox.com/u/66621062/galyimjan_Joldasbay_-_.mp3
МП-3 нұсқасын жүктеп аламын деушілерге
AKA
Маған қатты ұнайтын ән, тыңдаған сайын көңіл-күй көтеріліп қалады.
araika
Ғалымжан Жолдасбай деген жолдас осы екен ғой.

Бейнебаянға орташа баға ұсынар ем, ал ән керемет, нағыз делебені қоздыратын әуен
Abilakim
Ғалымжанның бұның алдында Өзбекстанға өгіз терлетіп барып түсіріп әкелген клипінен жақсы,өзіміздің өнім қанша дегенмен.
dark_nazgul
Баяғыда Тамашада бір қап қара толық жігіт айтқанда естіп едім алғаш рет осы әнді. қасында ол кезде жап жас, үлбіреген Мұрат Қожа домбыра тартып тұрған.
AKY
ой, мынауыңды енді көріп отырм)))
dark_nazgul
Клип құрыған. Әйтеуір "қазақ костюм" кигізіп қойып, қымыз ішкізіп қойса болды, қазақтар туралы клип түсірдік деген таяз түсініктің төңірегінен алыстай алмапты.
Gastarbaiter
Ендеше, Дәреке өзіңіздің биік түсінігіңіздің тұрғысынан айтып жіберіңізші, қалай және не істеу керек еді бұл клипте? Және қазақша костюм мен қымыз ішкізудің таяздығы неде?
Gulzhanat
Әдемі кадрлар.Әсіресе аппақ тау шыңының фонындағы аттар мен қыздар.
Gulzhanat
Жігіт как будто тауда фотосессияда жүрген модель қыздардың көңілін көтеруге келген сияқты
Gulzhanat
«Аузы-мұрны жоқ отау" болып бітетіні жутковато  Жез тырнақ туралы аңыздарды есіме түсіріп жіберді.
Gastarbaiter
Клиптің майталманы емеспін, қалай түсіру керектігін арамыздағы видеоинженерлер айтсын, дәлірегі альтернатива көрсетсе тіпті сенімдірек болар еді.
Ал біздікі сол қарабайыр көрермендік көңілмен қабылдау тұрғысы ғана.
Клип көзге ұнамды. Жағымды әсер қалдырады. Бастысы клипте Назгүл айтқандай "ҚАЗАҚТЫҢ БҮКІЛ БОЛМЫСЫН БЕРУГЕ ТЫРЫСТЫҚ, ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ КЛИП ТҮСІРДІК!" деп өзіне көп алған адамды көрмедім. Жалпы клип ондай мақсатты көздемеуі керек деген ойдамын.

Қазақи атрибутикаларды қосқанын көрдім, таптаурын болғанымен артық боп, шошайып, сәнін құртып тұрған дүниелер көп емес сияқты.
Бірақ клипте бәрін араластырып жіберуге болады, өйткені ол ән, ән деген көңіл, көңіл мен эмоциялар логикаға бағынбайды. Сондықтан, бәлкім сюрреализмді көбейтуге болар ма еді. Мәселен, қыздарға қанат бітіп аққу боп ұшып кетіп, т.б сондай-сондай фэнтези моменттер.
AKY
баяғыда «Тамашадан» бір жігіт айтушы еді, сол кезде жыным келетін осы әнге. Ал мынаусы енді тамаша. Ұнады.
Abilakim
нақышын бұзып айтқан болар, мына нұсқада ұлттық бояу бұзыла қоймаған. Қазір «Тамашаның» өзіне жынымыз келеді)))
AKY
соңында еще қоймай-қоймай күркілдеп жөтелетін)))
Abilakim
басында өтірік жөтелемін деп, артынан өзі қақалып қалған болар)))Есіңе түсірш, кім екенін, елестетіп күле қоятын
AKY
есімде жоқ очм, Нәке айтқандай дәу қара жігіт, басын қиқаңдататын. Түрі де өзбек сияқТ
ken
мынау да жөтеліп жатыр ғой))))
AKY
бұл тек ортасында, және жөтелгені әдемі екен)
AKY
аранжировкасы күшті екен, билеуге)))
Abilakim
«Тамашада» не болмады.Ақжол ағамыздың азан шақырғаны да есімізде
dark_nazgul
ол жігіттің әсіресе басын қиқаңдатқаны қызық еді, мойнын қылтыңдатып, өзбек қыздар сияқты.
monti
маған клипте+балада+қызда+әнде ұнад
Бұл әндер дәстүрлі әнге жатады ма? нау әнді бірінші рет естіп тұр кем Алғаш Жанар Айжанованың осындай бір әнін естіп таңқалғам
alisha
Шығады еркін даусым "қық" дегенде — аааай деген бе
monti
нақты сөздері есімде жоқ, бірақ олда дыбыстар салады
alisha
ана "қық" деп отырғаным сол ғой
Abilakim
Халық әндері ғой. Жанардың айтатыны барлығы халық әні. Күрең ат жем жемей ме *** дегенде" деген секілді. Орыстар қоныстана бастаған кездерде орысша сөздерді қосып айтатын халық әндері де көптеп шыққан мысалы,«шалавек» ("Қоңыр" орындайтын), «16 қыз» дегендей
alisha
оның халық әні екеніне әуел бастан шүбә келтірмеген ек
Gulzhanat
Көксау Ғалымжан дегенді көріп, қайта-қайта кіріп кетем осы жерге, клип екенін ұмытып
Abilakim
Тубдиспансердің есігін таба алмай жүрмісіз?
MickThatsMyNick
өлең де, клип те тамаша.
SaryQazaQ
Ән жақсы шыққан, энергетика байқалады, қатты бұзбаған. Ғалымжанға респект.
Клип те жақсы шығыпты, табиғат керемет, бір-екі бірағы бар бірақ: «Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» күдікті жәмәән ойлар келеді екен  ; қыздардың шаштарын жіберіп қойғаны (қазақ қыздары қос бұрым өріп, басына үкілі тақия немесе қызыл орамал тартқан).
Ал «Тамашаға» келер болсақ, бұл ән негізі Маңғыстауда өткен жезтаңдай әнші Жаңай Хамиттің әні "Қыздар-ай". Яғни тек домбырамен орындалған дәстүрлі ән. Эстрадаға алғаш салған (сол тамашадан көрген қара толық жігіт) ақтаулық Бекслан.