Arular.kz

"Көксау" Ғалымжан

Назарларыңызға Ғалымжан Жолдасбай атты жас әншінің халық әні«Көкжөтелге» түсірген тамаша клибін ұсынамын. Клип өзіміздің елімізде түсірілген. Мен 5 деген баға берер едім, міне қазақтың жылқысы, міне, қазақ қыздары, міне қазақ жігіті деп көрсетуге тұрарлық. Міне, Батыс ән мектебінің өкілі!

Шәкен Айманов-Дүние-ай

Бұл әнді қай кинода орындап еді? Есіме түспей отыр. Shaken Aimanov — Дуния ай (audiopoisk.com)

Қайрат Байбосынов ағамыздың орындауындағы әндер

Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім. Гәкку. ІІ нұсқа Гәкку.ІІІ нұсқа Нәзік гүл

Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева

Қазақта әнші қыздар көп қой. Солардың ішінде сырнайлатып жүрген Клара апамыз бен батыстың екпінді әндерін төгілте орындап жүрген Айгүл апамыздың орындауындағы әндерді тыңдай отырыңыздар

Тыңда! Жүкте! Тыңдат!

Ғарифолла- Әдемі қыз. Ауылды сағындым ғой-Мейірхан Адамбеков