Созақ бардық, не көрдік?
Уа аман-есенсіңдер ме әлде аршатсыңдар ма ғақлия мүккәмәл мүміндер!
Өткендегі айтқан СексАуылдың отаны, менің де Теріскей амигоның да тумаса да тұрған жері Созаққа барып қайттым. Таңғы алтыда Шымкентке түстік інім екеуміз пойыздан. Тұрмыз. Мазаламайық деп жора жолдастарға хабарласпағанбыз. Қайда барамыз… Не істейміз… Сонааадайда маңдайшасында «кафе» деген жазуы бар ғимарат тұр. Барсақ — ашық. Түнгі 12-де қуып шығатын Асцотононың кафелерін бір боқтап алдық… Екеуміз тойып тамақтанып алып бағасын сұрасаң мұндағы бір адамның тоймай тамақ ішетін тамағының бағасын сұрайд… Рәхәт. Қаланы аралауға кірістік. Әжептәуір шырайланыпты. Тал астына кезекке тұратын Асцотодай емес жан-жақтың бәрі тал, көк шөп, көлеңке. Такси ұстайсың да қаланың арғы басындағы әдрісті айтасың. -Қанша? — Бес жүз. — Үш жүз. — Кеттік. Рәхәт!! Сол күні түске таман — Созаққа тарттық. Рахат қо шіркееееен ауыл деген, айран, сүт, талдың астында жатеееееп ұйықтайсың… Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Келгенімізден кейін 4-күні ағам "қонақ — үш күн қонақ, онан соң… қонақ емес" деді да, қолымызға шалғы берді, -Шөп орыңдар бар… Кеттік сомен… шөп ору, жинау, кесек жинау… уопшым қалған 5-күніміз ақсаусақ болып қалған бізге әжептәуір қиындықпен өтті. Күндізі әрине. Кешке ауылдың аңқылдаған жігіттері келіп тұрад. — Кеттік. Қайда деп сұрамайсың. Онсыз да белгілі. Анооооо бас жақтағы Сәлимәнің кафесі. Шымкенттік пибің ағыл-тегіл… Рәхәт … Жағдайы жақсы ауылдың. Уран шығаратын зауыттары бар ғой. 91-жылғы брәтішкә 60 000 айлықты менсінбей отыр. 120-150 болса дид. Бір жолдас бала отпускнойына 850 000 алыпты. Айлығымен қосып миллион. Рәхәт . Созақтан ары Мойынқұм мен Бетпақтың қосылар тұсында, Шу өзенінің аяғы Тасты деген ауыл бар. Тамалар жері. Онда да болдық. Жолай соғылған ғимараттар, кафелер, мектеп, Мешіттерді, Кесенелерді көріп көңілің кәдімгідей көтеріледі… Бері келе жатып Шымкентте жаттық 1-күн. Ескі қала үстіндегі паркті қатырып салып қойыпты. Жынды енД. Мұнда да сол арзаншылық. Шашлығың 150, пибің де 150 теңге… Рәхәт … Қимай-қимай қоштастым Шымкентіммен. Бұйырса айналып қазығымызды табармыз…

таңғы алтыда Шымкентке түстік,-деп оқырсыздар…
балдарға прикол ұстадым кеткенше… қалай, әйелің қиналып жүрген жоқ па? неғылса біз бармыз,-деп дәрі салып жіберейін ба посылкамен деп
Жақсы қыдырыс болған екен. Сонда Созақта ата-анаң тұра ма? Жиі бармасаң да, солай анда-санда қол ұшын беріп тұрғаның жақсы.
Шашлық саусақтай десе таңқалуға болмайтын шығар, бешбармағы мен палауында ет астында жатады екен ғо. бізде ертте құлақнан мен күріші көрінбей кетеді ғо) солтүстікті айтамын)
Buyirtsa 1-2ayda ol olkege menin de ayagim tyedi