Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов
Әрі қарай

Шықпасаң шықпа алдымнан...

Студент кезде каникулда үйге оралған күшті еді ғой. Қазіргідей күй талғамайсың. Қандай поез, қандай вагон, тіпті орның маңызды емес. Неге екенін қайдам, мен мінген пойыздардың барлығы таң алакеуімде жететін. Мамам мен папама айтпай сюрприз жасағанды жақсы көретін едім. Ұйықтап жатқанда сып-суық боп жетіп барам. Олар ұйқысынан оянбаған, аң-таң. Бірақ келетінімді, вагонымды міндетті түрде ағама айтам. Ол қарсы алады ғой. Сол кезде үйге таксимен келмеппін ғой бір де бір рет.
Ал Алматыға оралғанда такси түгіл троллейбуспен жеткен кездер де болған. Поездан түскенде, аш биттей жабысқан таксилерге жыным ұстайтын. Неге екенін қайдан білейін))
Келген қалаңда ешкім қарсы алмаса вокзалдан, әуежайдан, бірден бөтен қала режимі қосылады. Еркінсімейсің. Қабағыңмен қоса, ішіңдегі дүниеңді де қатайтып аласың. Сол режиммен бөтен қалада өмір сүресің.
Тіпті студенттің кезең өткеннен кейін де есеймедім)). Іссапардан, демалыстан оралғанда да біреу күтіп тұруы керек. Егер күтіп алмаса, өзімді бір жетім қыздай сезінетінмін. Ал сырттай білдірмейсің ғой әрине. Тіпті қол жүгіңді ұстап алып, алдыңа түсіп құнжыңдаған таксистке де үйренгендей боласың.
Блог - Basic: Шықпасаң шықпа алдымнан...
Еркектерде ондай сезім болмайтын шығар. Бастысы үйге келгенде үй жайнап, тамағы дайын тұрса болғаны. Бұрынғы күйеуімнің еркелігімді түсінбегені де сол шығар. Бірде ұзаққа іссапарға шықтым. Бір айға жуық болмадым-ау деймін. Келетін уақытымды айттым. Бірақ ол шаруалар барын, қарсы ала алмайтынын айтты. «Таксимен келе сал, ақшаң бітіп қалса айт, аударып жіберем» деп қояды. Жарайды, шаруалары тығыз шығар дедім ішімнен. Әріптестерімнің күйеулері қарсы алыпты, үйге жетікізіп салды. Есікті ашып, үйге кірсем… жо-жоқ, нақсүйері емес))) күйеуім пырылдап ұйықтап жатыр. Ішімде бірдеңе үзіліп кетті. Алдымда шашы ұйпа-тұйпа боп, көзі ісіңкіреген, ебедейсіз жымиып тұрған күйеуім бөтен адамға айналды. Әрине, оның жұмыстан кеш келгенін де естідім, бірнеше күн бойы ұйықтамай жұмысын түнде ғана тапсырғанын да білдім. Бірақ бәрібір іштей түсіне де, кешіре де алар емеспін. Мәселе таксиге төленген мың теңгеде де, мықшыңдап көтерген сөмкеде де емес. Айтпақшы сол зілдей сөмкеде оның екі қорап бәтеңкесі мен бір пакет су-жаңа киімдері болатын. Білсем, еш ойланбастан вокзалда ақ лақтырып жіберер едім.
Блог - Basic: Шықпасаң шықпа алдымнан...
Қазір әрине барлық проблемаларымды өзім шешуге, жүгімді өзім көтеруге, тек өзіме сенуді үйрендім. Бұрынғыдай орындықты көтеру үшін ешкімді шақырмаймын)))
Әуежайдан да, вокзалдан да ешкімді іздемеймін. Суқаным сүймейтін таксистермен де достастым. Тіпті өз үйіме де таксимен баратын болыппын. Ағам да үйреніп қалған сияқты қарсы алмауға. Үйді білесің ғой деп күледі. Білем әрине)))
Жақында Астанама тағы оралдым сапардан. Бірақ бұл жолы құрбымның жігіті қарсы алды. Құрбыма қарсы алайын деп өзі айтыпты. Сөмкем де ауыр еместін. Балаларымның рюзактары да жеп-жеңіл. Машинада келе жатып «не деген түсінігі мол жан едің» деп келемін. Мәселе үнемделген тиын-тебенде, иә, көтеретін жүгіңде де емес. Мен енді бөтен қалада емеспін! Өз үйіме келе жатырмын!!!
Әрі қарай

Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық фестивалі

Бұрнағы күні, Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған студент жастардың, «Мен жастарға сенемін» ІІ республикалық патриоттық фестивалі болып өтті. Шараның мақсаты Қазақстанның әр түкпірінде оқитын өнерлі де өрелі студент жастардың басын қосып, таныстыру және елінің патриоты болуға шақыру.

Алматыға сапар

Осыдан біраз уақыт бұрын кураторымыз Ж.Жанғазықызының айтуы бойынша Алматы қаласында өткелі жатқан Gala-форум фарматындағы студент жастардың ІІ республикалық фестивалі туралы естіп, сол фестивальдің «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» тақырыбындағы эссе байқауына жазба жіберіп, бағымды сынап көрмек болған едім. Алғашқы іріктеу турына қатысқан мыңға жуық қатысушының арасынан финалға жіберілген үш жүз адамның бірі болу бақыты бұйырды. Ұйымдастырушылар тарапынан финалға өттің деген қуанышты хабар келген келген соң, жолға жиналып, Алматы қаласына жол тарттым.
Алматыға барып-қайту, жатын орын, ішер тамаққа кеткен шығындарын өзіміздің университет, ҚарМУ тарапы көтерді. Бұрын соңды атын естіп, сырттай қанық болған Алматы қаласы мен ҚазҰУ-ды көзбен көру мәртебесіне ие болдым.
Алматыда бізді Асел, Наргиз, Бағлан есімді ҚазҰУ-дің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының мүшелері күтіп алып, арнайы бөлінген автобустарымен «Шамшырақ» қонақ үйіне орналастырды, қаланы аралатып, Алматы қаласын таныстырды. Көктебеге ертіп барып, кешкі Алматынының «алақандағыдай» бейнесін тамашаладық.

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі


Фестивалдің ашылуы және кітап көрмесі

Фестивалдің ашылу салтанаты және проза байқауы мен поэзия байқауы ҚазҰУ-дің әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында өтті. Ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімінің орынбасары Зәуреш Жұмаділқызы, «Жандану» жобасының білім беру бағдарламасының жетекшісі Мұрат Исаханов, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы және Халықтаралық «Қазақстан-Заман» апталығының бас редакторы Ертай Айғалиұлы қатысып, қатысушыларға арналған құттықтау сөзін сөйледі. Бұдан соң, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді. Осыдан соң, үлкен залда Елбасымыздың шығармаларынан құралған кітап көрмесі ұсынылды. Бұл жерде осы уақытқа дейінгі Н.Әбішұлының жарық көрген кітаптары, жаңадан басылып шыққан еңбектері қойылып, халыққа ұсынылды.

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі

Тақырыптық шығармашылық жұмыстар

Фистиваль аясында төрт түрлі байқау ұйымдастырылған болатын. Іріктеу турынан өткен қатысушылар өздерінің жіберген дүниелеріне байланысты, жеке-жеке секцияларға бөлініп, шығармаларын халыққа таныстырды.

1. «Еліміздің иновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты суденттік әлеуметтік маңызы бар иновациялық жобалар байқауы. Бұл секцияның модераторы болып, «Алатау» ИТП ЕЭА АҚ басқарушы директоры Мұрат Куанышұлы Сариев тағайындалған екен. Фестивалға ұзын саны 31 жұмыс ұсынылды. Өткен орны, Ө.Жолдасов атындағы Студенттер сарайы.

2. «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын» тақырыбындағы студенттік эссе байқауы. Модераторы халықаралық «Қазақстан-Заман» апталығының бас редакторы Ертай Айғали. Байқауға 68 жұмыс ұсынылыпты. Байқауға қатысуға өтініш білдіргендердің саны тым көп, ал уақыт тапшы болғандықтан әділқазылар алқасы, үміткерлердің жазбаларын оқу арқылы жүлдеге лайық деп танылған жандарды алдын-ала анықтап қойған екен. Сол себептен, қатысушыларға өз жұмысын қорғауға мүмкіндік берілген жоқ. Бұл секцияның қатысушылары "үлкен кісілердің" ақыл-кеңестерін тыңдап, өздерінің ойларын ортаға салып, дөңгелек үстел форматындағы отырыс түрінде бас қосу өткізді.

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі

3. «Мен жастарға сенемін!» тақырыбындағы студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы. Модераторы: Аманхан Әлімұлы- Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, ақын. Бұл байқауға 80 жұмыс ұсынылыпты. Бұл секцияның да жеңімпаздары алдын-ала анықталып қойылғандықтан, қатысушылар өз өлеңдерін әділ-қазылар алқасы үшін емес, халық үшін оқыды. Жағдайды түсіндіре келе, өлеңдердің оқылуы бәйге қортындысына әсер етпейді деген хабар айтылған кезде, үміткерлердің көпшілігі залды тастап, сыртқа шығып кетті. Ал поэзияға шын берілген жандар, он-жирма адам отырса да, қауым елдің ортасында отырғандай, өздерінің төл туындыларын барынша тебіреніспен орындап, халыққа да өздеріне де рухани демалыс, ләззат сыйлады.

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі

4. «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық әндер секциясы. Модераторы: ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов. Бұл байқауға 31 қатысушы өз әндерін ұсынған.

Мерекелік концерт

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі

Негізгі іс-шаралар атқарылып болған соң, барлық қатысушылар мен ҚазҰУ студенттері және қонақтар Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайына мерекелік концерт көруге барды. ҚазҰУ-нің және басқа қалалардан келген өнерлі студенттердің қатысуымен өткен концерт жоғары деңгейде өтті және күні бойы шаршаған қатысушыларға әдемі демалыс ұсынды. Бұдан бөлек ел ағаларының да осы концертке келіп қатысуы кеш сәнін бұрынғыдан да арттыра түсті. Мерекелік концерттің соңына қарай әр байқаудың жеңімпаздарының аттары аталынып, арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі

Марапаттау барысында, әр секция бойынша бір-бір студенттен 4 студент ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантын жеңіп алды. Және сонша адам Алматы қаласының әкімдігі тағайындаған арнайы бағалы сыйлыққа ие болса, үшінші орын иегерлері «Жандану» жобасы тағайындаған арнайы сыйлыққа ие болды.

Жастар- Party

Кештің ресми тұсы аяқталып, жеңімпаздар анықталған соң, студент жастардың таныстығын арттыра түсу мақсатында ҚазҰУ-не қарасты тамақтандыру комбинатында мерекелік дастархан жайылып, студенттердің думанды кеші бастау алды. Кештің қаншалықты деңгейде қызықты әрі көңілді өткендігін видео және фото материялдар көрсете алады деген ойдамын…

Керек тілші: Мен жастарға сенемін – студент жастардың ІІ республикалық патриоттық  фестивалі



Көптен бері көкейде жүрген, арман болған — Алматы қаласына барып, көзбен көріп қайттық. Алған әсеріміз керемет. Әсіресе, ҚазҰУ студенттерінің белсенділігі мен қонақжайлығы еріксіз таңдай қақтырды. Ұлттық маңызы бар мерекені алғаш рет және ұмытылмастай тойлағаным осы болды. Баршаңызды ертеңгі мерекемен құттықтаймын!!!
Әрі қарай

Керекинфосыз өткен апта

«Егер жүз адамның аяқ киімі сенікіндей болса, бұл мода емес. Бұл-әскер» © satibaldi

Кәдімгідей үкіметтің сайтан алғыр жұмысына кірісіп кеткеніме айдан асыпты. Есеп-қисап, құжат деп жүріп өтіп жатқан өмір-ай. Осыдан тура 1 апта бұрын жұмыс орным іссапарға, яғни қазақша айтсам командировкаға жіберді. Тапсыраларымды алдым, құжаттарымды дайындадым, баратын жерім хуйяк деген бір жердің бетінде, бетінде болғанда шетінде жатқан ауыл еді.
Әрі қарай

Созақ бардық, не көрдік?

Уа аман-есенсіңдер ме әлде аршатсыңдар ма ғақлия мүккәмәл мүміндер!
Өткендегі айтқан СексАуылдың отаны, менің де Теріскей амигоның да тумаса да тұрған жері Созаққа барып қайттым. Таңғы алтыда Шымкентке түстік інім екеуміз пойыздан. Тұрмыз. Мазаламайық деп жора жолдастарға хабарласпағанбыз. Қайда барамыз… Не істейміз… Сонааадайда маңдайшасында «кафе» деген жазуы бар ғимарат тұр. Барсақ — ашық. Түнгі 12-де қуып шығатын Асцотононың кафелерін бір боқтап алдық… Екеуміз тойып тамақтанып алып бағасын сұрасаң мұндағы бір адамның тоймай тамақ ішетін тамағының бағасын сұрайд… Рәхәт.  Қаланы аралауға кірістік. Әжептәуір шырайланыпты. Тал астына кезекке тұратын Асцотодай емес жан-жақтың бәрі тал, көк шөп, көлеңке. Такси ұстайсың да қаланың арғы басындағы әдрісті айтасың. -Қанша? — Бес жүз. — Үш жүз. — Кеттік. Рәхәт!! Сол күні түске таман — Созаққа тарттық. Рахат қо шіркееееен ауыл деген, айран, сүт, талдың астында жатеееееп ұйықтайсың… Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Келгенімізден кейін 4-күні ағам "қонақ — үш күн қонақ, онан соң… қонақ емес" деді да, қолымызға шалғы берді, -Шөп орыңдар бар… Кеттік сомен… шөп ору, жинау, кесек жинау… уопшым қалған 5-күніміз ақсаусақ болып қалған бізге әжептәуір қиындықпен өтті. Күндізі әрине. Кешке ауылдың аңқылдаған жігіттері келіп тұрад. — Кеттік. Қайда деп сұрамайсың. Онсыз да белгілі. Анооооо бас жақтағы Сәлимәнің кафесі. Шымкенттік пибің ағыл-тегіл… Рәхәт … Жағдайы жақсы ауылдың. Уран шығаратын зауыттары бар ғой. 91-жылғы брәтішкә 60 000 айлықты менсінбей отыр. 120-150 болса дид. Бір жолдас бала отпускнойына 850 000 алыпты. Айлығымен қосып миллион. Рәхәт . Созақтан ары Мойынқұм мен Бетпақтың қосылар тұсында, Шу өзенінің аяғы Тасты деген ауыл бар. Тамалар жері. Онда да болдық. Жолай соғылған ғимараттар, кафелер, мектеп, Мешіттерді, Кесенелерді көріп көңілің кәдімгідей көтеріледі… Бері келе жатып Шымкентте жаттық 1-күн. Ескі қала үстіндегі паркті қатырып салып қойыпты. Жынды енД. Мұнда да сол арзаншылық. Шашлығың 150, пибің де 150 теңге… Рәхәт … Қимай-қимай қоштастым Шымкентіммен. Бұйырса айналып қазығымызды табармыз…
Әрі қарай

АҚТӨБЕ 2012

Жаңа Жылды отбасыммен сонда қарсы алмақпын. Ақтөбелік амиголармен сонау 2009 да алғаш кездесіп едім. Аршат, Ерлан Оспан екеуін. Сол кездесуден соң жаңа заңға қарсылық ретінде бірнеше блог жабылып еді, естеріңде болса.
Қазір Техно да, Асау да Ацсотонада. Ақтөбе жамағаты болса жаза отырыңдар, бәлкім жүздесудің реті түсер.
Әрі қарай

Аман болыңдар!

1 айға еңбек демалысына кетіп барамын. Кем дегенде 3 апта бойына Интернетке мүмкіндік те, уақыт та болмайтын шығар. Аман болыңдар, ептібайымайыдтар. Ауылға барып, бұттан кетірген пікірлерің еске түсіп кеткенде, ақылы кем адамша ыржалақтап қоямын ғой (сендердің құрметтеріңе).

Тамызда кездескенше!
Әрі қарай

Gastarbaiter Алматыға бара жатыр...

Құдай біледі, біразыңның ойыңа «барсаң қайтейін?» деген ой келді. Бірақ мен іссапармен, не бір сұмдық мәселе шешу үшін, ия гастрольмен бара жатқан жоқпын.
Жәй, 4-5 күнге демалып, нағашы жұртты аралап, достарымды көріп (көре алсам) қайту үшін бара
Әрі қарай

Жапония күнделігінен-3

Жолға шықпас бұрын соншама ұзақ сапарды игере алатыныма күманданғанмын, бірақ бәрі әлдеқайда жеңіл, тез және қалыпты болды. Осы ретте Жанна мен Эльвираларға рахмет айтқым келеді, олардың барар-келер жолды бүге- шігесіне дейін айқындап, тырыстарын
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Жолда

Йохуууу!!! Жолдамын!!!


Демалыс басталмай жатып, жақын, жолдастар мен әріптестерге асыға қол бұлғай, заттарымды жинақтадым да, жолға шығып кеттім.
Қолымдағы Атырау-Алматы бағытындағы ұшақ билеті нағыз сапардың әлі алда екенін білдіргендей.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапарға дайындық


Сәлем Әлем!
Міне көптен жоспарлап жүрген Жапония еліне жасаған саяхатыма шолуды күнделік ретінде сіздерге ұсынбақпын.
Шын мәнінде Оңтүстік Кореяны да қосып жаспарлағанбыз, онымен виза мәселесінде қиындықтар туындап, одан бас тартуға тура келді.
Әрі қарай

Алғыс


Жапониядан қайтар жолда Алматыда болған мини-кездесуді ұйымдастырған және жылы лебіздерін білдіре келген барша замандас достарыма үлкен алғыс айтам.

Лайым іргелерің сөгілмесін!
Әрі қарай