Жапония күнделігінен: Сапарға дайындық


Сәлем Әлем!
Міне көптен жоспарлап жүрген Жапония еліне жасаған саяхатыма шолуды күнделік ретінде сіздерге ұсынбақпын.
Шын мәнінде Оңтүстік Кореяны да қосып жаспарлағанбыз, онымен виза мәселесінде қиындықтар туындап, одан бас тартуға тура келді. Себебі шақырушы және ол жақтан арнайы хат болмады. Алла разы болсын, кореядағы замандасымыз Баха-Бақытнұр «ебін тауып келсеңдер, қыдыртам» деп еді, амал нешік, солай болды.Бұл жерде бас аспазшымыздың да құлаққа құйып жүрер кеңестеріне де жүгінгенімізді айта өту керек.Дегенмен қауырт күндер басталды.

Әңгіме дайындықтан басталсын. Осы жылдың наурыз-сәуіріне жоспарлаған саяхат туралы Алтыградустың қатысуымен күздің соңғы айларынан бастап жоспарладық. Негізгі проблема — кімдер баратынын жинақтау болса, одан кейін мерзімін тағайындау да аз азап болмады Билеттер Air Astana – ның ең төменгі тарифімен қаңтарда алынған.

Хош, әупірімдеп, 4 адам....5 адам дей келе, ақыр соңы 2 адамға азайтылды. Нагасакиден Жанна да күнде дайындық процессінің барысын сұрап, байланыста болды.
Ақпан айының басында Қазақстанға қысқа мерзімді демалысқа келген ол визаны алуға арналған шақырушы жақтан сұратылатын қағаздарын рәсімдеп, дайындап алып кепті. Жанна келгеннен кейінгі 1 ай шамасында өз тарапымыздан сұратылатын қағаздарды жинаумен болдық. Оның барысы мына жерде жазылған: shetel.wordpress.com/2010/08/17/%d1%8f%d0%bf%d0%be%d0%bd%d0%b8%d1%8f/

Елшілікте керекті қағаздарды тапсыру кезінде аз-маз жетіспеушіліктер мен оның орнын толықтырулар да болды.Астанада тұратын Жанат құрбымыз сол шаруаның басында болса, мен Атырауда тақымымды қысып отырдым «не болар екен» деп.

Осы аралықта күтпеген жерде «Жапонияда жер сілкінді» деген хабар бір жұманың таңында келіп жетті...Қатты хабардар болмасам да, Жапония сияқты ойлы-қырлы, таулы жерде жер сілкінісі жиі болатынын, ондай-мұндай тербелістер қатты сенсация тудырмайтынын естігем. Бірақ мына хабар жай болмады, «шығын бар, адам өлімі бар, цунами шайып кетті» деп үсті-үстіне келіп жатқан хабарлар отқа май құйғандай болды. Оның үстіне жолға жиналып, буынып түйініп отырғанымды білетін бәз-біреулер «қайтесің енді?», «Билет тапсырасың ба?», «Жоспарыңды өзгертетін боларсың», «Тайланд, я болмаса Қытайға барарсың» деп жанашырлық танытқандары болды, мен болсам «Жандарым-ау, қайдағы Қытай, қайдағы Тайланд» десем де, Фукушима апаты үмітімді күдікпен алмастырды. Алматыдағы Жанна да көп сыр бере қоймады, дегенмен сын сағатын күткеніміз рас. Бұрын айларды санасақ, кейін апталарды, өте бере күндерді санайтын болдық. Жағдайымызды сұрай қалған адамдарға «Нишауа, бәрі де жақсы болады, мен сенем, бәрі де жақсы болады» деп оларды бір, өзімізді екі жұбатып жүргенде, виза аман-сау қолға тиді. Бірақ қатты қуана алмаған сияқтымын, оқырманым, өзің де түсініп отырған боларсың жағдайды. Бір жерге жол жүрем деп жиналып жатып, бара алмай қалғанда қандай күй кешесіз? – міне, мен де сол ой құрсауында болдым. Виза қолымда, бірақ… айналамнан жақын-жуық, дос-жаран, аға- бауыр ешкім білмейді. Екінің бірінің аузында – радиация, жер сілкінісі, оның үстіне мен «Жапонияға, жай әшейін қыдырып бара жатырмын» десем, «мынау есі ауысқан ба, жұрттар ол жақтан қашып жатқанда барып нең бар?» деуі айқын екені айтпаса да түсінікті. Ол аздай, бізден бір күн бұрын кетуге дайындалған Жанна «ол жаққа Сыртқы істер Министрлігі нұсқауымен жібермеуі де мүмкін» деп көңілді су сепкендей басты. Жанна, егер сен осы жолдарды оқып отырсаң, сол уақыттағы сенің де көңіл-күйің бір еске түсер…

жалғасы бар.
Бөлісу:

12 пікір

konvict
Япошкаларға обал болды. Тым әдемі еді
Nurgisa
Иә, енді Тойота Камрилердің жаңа легіне күдікпен қарау белең алуда. Суға шайылғаны емес пе екен деп. Қайран, япошкілер…
Zilola
тек машинаға емес, Жапоннан келген тауардың біразына Дина Төлепберген күдікпен қарап тінтіп шыққан өткен жолы :)
Nurgisa
Тінтімейтіні жоқ. Видеотінтігіштігін де біраз сын садағыны іліктіріп еді коммерциялық телевизиялық арнаның қарарман көзайымдары :)

Қиын. Ас мәзірінен сушиді үзбейтіндерге қиын. Балық жаппай уланған. Жейтін түк жоқ. Сарказмға да этикалық һлшеммен қарасаң келіңкіремейтін жағдаят.

Жапония күнделігінің жалғасын тағатсыз тосамыз. Іске сәт!
Altygradus
Сумен шайылған дүние сатуға келеді деп саған біреу айтты ма:))))))
Zilola
суға кеткен біраз көлікті әмірикандықтар балық аулағандай етіп жатыр екен деген де гу-гу әңгіме боп еД :) (мақаллада ду-ду гәп)
direct
Жапонияға барсаң жақсығой, бармасаң несі жақсы… Эхх…
Altygradus
ой айтпа эвакуация деп адамды жынды қылып, елдерді самолет жіберіп алдырып жатса, сені қайдан жібереді Жапонияға деп адам есін шығарды емес па:)
Сосын біздің халық та біртүрлі жалпы.
Ну ол кездегі және қазіргі де эмоцияларымды айтар болсам…
Жапонияның географиялық орналасуынан хабарсыз болуы аздай
ойбай радиация деп шулайтынын қайтерсіз:)))) Бір Швейцарияның азаматы радиация бар екен Жапонияда десе, оны түсінуге болады, ад біздің адамдарға не жоқ десиш.
Бізде пыросто оны ешкім өлшемейді:)))))
радиация тұрмақ қарапайым жер сілкінгенде не істеу керектігін оқытпайтын мемлекетте тұрып жатқан адамның ОЙБАААЙ Жапонияда радиация ғой, қорықпайсың ба деген сөздері шыны керек адам күлкісін келтіреді екен.
Altygradus
айтпақшы Фукушима (Фукусима демей) деп жазып отырғаныңа жамаааан риза боп отырмын бар ғой:))))
Жанна екеуміздің орыстардың сауатсыз жапоншасы туралы лекциямыз босқа кетпеген екен:)
Gulistan
Орыстар «фукусима» деуін қояр емес, қарап отырсаң «суси» да басқаша естіледі құлаққа :)