Керекинфосыз өткен апта
«Егер жүз адамның аяқ киімі сенікіндей болса, бұл мода емес. Бұл-әскер» © satibaldi
Кәдімгідей үкіметтіңсайтан алғыр жұмысына кірісіп кеткеніме айдан асыпты. Есеп-қисап, құжат деп жүріп өтіп жатқан өмір-ай. Осыдан тура 1 апта бұрын жұмыс орным іссапарға, яғни қазақша айтсам командировкаға жіберді. Тапсыраларымды алдым, құжаттарымды дайындадым, баратын жерім хуйяк деген бір жердің бетінде, бетінде болғанда шетінде жатқан ауыл еді. Барғанша аптыбуспен секіріп, музыкасы болмаса да ырғалып-сырғалып билеп бардым. Жолдың да түр-түрі болатынына көтім жетті сонда, біз қалада нашар болса да асфальт көріп жүргенімізге қуанайық, асфальт көрмейтін, көрмеген жолдар да болады екен. Не деп проблемаларды айтып кеттім, бұлай дей берсем PatriotKZ -тің ашуына тиермін, одан да шаруаға көшейін. Ауылда(барған жерімде) интернет жоқ, болса да 1-2 үйде бар екенін айтты. Күнде кешке үйге келес сала ноутбугімді қосып, OPERA эксресс панелінен керекинфоны тез тауып алып отыратын едім ауылға барғалы сол ауруым тез жазылып кетті. Керекинфодан құтыла алмай жүрген(ондай адам бар ма өзі?!) болсаңыз интернеті жоқ ауылға баруды өз тасымнан рекомендеймін.
Сонымен ауылда жүріп керекке кіре алмағаныма, мүмкіндік болмағанына жыным келді, епті. Телефонмен арасында қарап қойып тұрдым, бірақ ноуттағыдай болмайды екен. Тоқетері, мен керексіз өткізген апта ішінде:
-satibaldi браттың стақандастарын сағынып қаппын
-Баруымыз мүмкін немесе барғыңыз келетін 5 елді таңдаудан құр қала жаздадым
-Daniar-Alan браттың адалдық жайлы жазбасына «торпақ» екенімді айтып мақтана алмадым(уақытында)
-Тағы, найзағайдың құмға түскенін де көру бақыты кеш бұйырды
-Өзімнің тұрақты түрде жазып жүрген Мадридтік Реал жайындағы посттарымды да кейінге қалып кетті
Бірақ, ауылға кетер де осындай қойын дәптер(блакнот деп түсініңіз) алған едім ауылда жатып еріккен кезімде, Қасым Алжастың тілімен айтқан да щабытым келгенде шимайлап отырдым. Шива қаласа алдғы уақытта сол шимайларды осында жазармын.
Кәдімгідей үкіметтің

12 пікір