Шықпасаң шықпа алдымнан...

Студент кезде каникулда үйге оралған күшті еді ғой. Қазіргідей күй талғамайсың. Қандай поез, қандай вагон, тіпті орның маңызды емес. Неге екенін қайдам, мен мінген пойыздардың барлығы таң алакеуімде жететін. Мамам мен папама айтпай сюрприз жасағанды жақсы көретін едім. Ұйықтап жатқанда сып-суық боп жетіп барам. Олар ұйқысынан оянбаған, аң-таң. Бірақ келетінімді, вагонымды міндетті түрде ағама айтам. Ол қарсы алады ғой. Сол кезде үйге таксимен келмеппін ғой бір де бір рет.
Ал Алматыға оралғанда такси түгіл троллейбуспен жеткен кездер де болған. Поездан түскенде, аш биттей жабысқан таксилерге жыным ұстайтын. Неге екенін қайдан білейін))
Келген қалаңда ешкім қарсы алмаса вокзалдан, әуежайдан, бірден бөтен қала режимі қосылады. Еркінсімейсің. Қабағыңмен қоса, ішіңдегі дүниеңді де қатайтып аласың. Сол режиммен бөтен қалада өмір сүресің.
Тіпті студенттің кезең өткеннен кейін де есеймедім)). Іссапардан, демалыстан оралғанда да біреу күтіп тұруы керек. Егер күтіп алмаса, өзімді бір жетім қыздай сезінетінмін. Ал сырттай білдірмейсің ғой әрине. Тіпті қол жүгіңді ұстап алып, алдыңа түсіп құнжыңдаған таксистке де үйренгендей боласың.
Блог - Basic: Шықпасаң шықпа алдымнан...
Еркектерде ондай сезім болмайтын шығар. Бастысы үйге келгенде үй жайнап, тамағы дайын тұрса болғаны. Бұрынғы күйеуімнің еркелігімді түсінбегені де сол шығар. Бірде ұзаққа іссапарға шықтым. Бір айға жуық болмадым-ау деймін. Келетін уақытымды айттым. Бірақ ол шаруалар барын, қарсы ала алмайтынын айтты. «Таксимен келе сал, ақшаң бітіп қалса айт, аударып жіберем» деп қояды. Жарайды, шаруалары тығыз шығар дедім ішімнен. Әріптестерімнің күйеулері қарсы алыпты, үйге жетікізіп салды. Есікті ашып, үйге кірсем… жо-жоқ, нақсүйері емес))) күйеуім пырылдап ұйықтап жатыр. Ішімде бірдеңе үзіліп кетті. Алдымда шашы ұйпа-тұйпа боп, көзі ісіңкіреген, ебедейсіз жымиып тұрған күйеуім бөтен адамға айналды. Әрине, оның жұмыстан кеш келгенін де естідім, бірнеше күн бойы ұйықтамай жұмысын түнде ғана тапсырғанын да білдім. Бірақ бәрібір іштей түсіне де, кешіре де алар емеспін. Мәселе таксиге төленген мың теңгеде де, мықшыңдап көтерген сөмкеде де емес. Айтпақшы сол зілдей сөмкеде оның екі қорап бәтеңкесі мен бір пакет су-жаңа киімдері болатын. Білсем, еш ойланбастан вокзалда ақ лақтырып жіберер едім.
Блог - Basic: Шықпасаң шықпа алдымнан...
Қазір әрине барлық проблемаларымды өзім шешуге, жүгімді өзім көтеруге, тек өзіме сенуді үйрендім. Бұрынғыдай орындықты көтеру үшін ешкімді шақырмаймын)))
Әуежайдан да, вокзалдан да ешкімді іздемеймін. Суқаным сүймейтін таксистермен де достастым. Тіпті өз үйіме де таксимен баратын болыппын. Ағам да үйреніп қалған сияқты қарсы алмауға. Үйді білесің ғой деп күледі. Білем әрине)))
Жақында Астанама тағы оралдым сапардан. Бірақ бұл жолы құрбымның жігіті қарсы алды. Құрбыма қарсы алайын деп өзі айтыпты. Сөмкем де ауыр еместін. Балаларымның рюзактары да жеп-жеңіл. Машинада келе жатып «не деген түсінігі мол жан едің» деп келемін. Мәселе үнемделген тиын-тебенде, иә, көтеретін жүгіңде де емес. Мен енді бөтен қалада емеспін! Өз үйіме келе жатырмын!!!
Бөлісу:

29 пікір

Daniar-Alan
Жіләдім. Келесіде мен күтіп алып тұрайын ба? :)
MERmukhanov
Ондай сезім менде жоқ екен
Daniar-Alan
Еркектерде ондай сезім болмайтын шығар.
деді ғо енД.
MERmukhanov
білә, басқа жерде ұйықтау керек еді дә егер қатты шаршап жүрсе.)))
MERmukhanov
бірақ бір сағатқа шыдау да қөиын емес күтіп алып келе салу. :)
Basic
еркектер түсінбейтін шығар деп ойлап едім.
zholantai
иә, вокзалдан ешкім күтім алмаса, көңіл құрғыр жетімсіреп қалады,
бір досымды тосыннан күтіп алғанда, «сондай жақсы болып қалдым, біреу күтіп алса екен деп елегізіп, алаңдап тұрасың, күтіп алып, алдыңнан шыққанда қуанып қаласың» деп еді.
kozildirik
Айлап аймақты аралап кететін жұмыс істеген соң ба, менде ондай сентимент жоқ екен. Мен қатігезбін бе, әлде құрдас қартайып көңілшек бола бастады ма…
Basic
жоқ сенде бәрі норм. Әйелдер сондай әйелдер
kozildirik
Мен бірақ әйелімді күтіп аламын)))
AKY
Құрбыңыздың жігітінің түсінігі құрбының өзінен молырақ па деп қалдым ;)
Basic
*lol**lol**lol* Айтсам соған шық деп. Ойланып жүр ғой)))
AKY
Басында бір түйір ми жоқ десеңізші )
zholantai
сізбен таныстырып жіберсін со жігітті ;)
Basic
*lol**lol**lol*
құрбының жігіті кәрімнен де қасиетті
MERmukhanov
Сариевтен де абзал, Батырбектен де жомарт, Аблаевадан да көркем
дейсіз ғо)
AKY
Қойш, таныспайм)
zholantai
«не деген түсінігі мол жан едің»,
хоть осының рас өтірігіне көз жеткізу үшін танысші ;)
asaubota
күтіп алу мен шығарып салу мен үшін үйреншікті, жыланбай жасалатын нәрселердің бірі. бірақ, өзімді күтіп алғандарын қаламаймын көп жағдайда. пойыздан түскенде бір сәт болады, түсіп өзіңмен өзің қалғың келеді 5 минут тұрып темекі тартып. сосын қазір қалай жүретініңді ойша жоспарлап дегендей.

студент кезімде үйге айтпай салаң етіп кіріп келетін едім. сол кезде үйдегілердің түрлерін көрген қызық :)
e_zhalgas
Еркектерде ондай сезім болмайтын шығар.
осы жерден ары қарай оқығым келмей қалды :)
MeihuaZheng
өзіме ғана сенетіндігімнің деңгейі патологияға жақын. қатайып, өзімше вся такая самостоятельная, такси алып жүру — өзім ақша таба бастағалы сіңген әдет екен.
әке-шешем де ешқашан күтіп алатын болмапты. келе жатып — тамақ істеп қойш дейм, болды сол.
MamaAya
"Өзім" ғана кезде біреудің күткенін қажетсінген емеспін. Мүмкін, оқыған қалам мен өз үйім жақын болған соң ба, сағынып күтуге жеткізбей, айтпай-ақ жетіп баратынмын. Ал Алматыға агамкіне барғанда ол күтетін мүмкіндігінше, болмаса сол, өзім жетіп барам) маған шығарып салған ұнайды, как бы қимай))
Ал қазір «бізбіз» баратын жаққа апарып салып, қайтарды тағы өзі кеп алып кетеді.