Жапония күнделігінен: Жолда
Йохуууу!!! Жолдамын!!!
Демалыс басталмай жатып, жақын, жолдастар мен әріптестерге асыға қол бұлғай, заттарымды жинақтадым да, жолға шығып кеттім.
Қолымдағы Атырау-Алматы бағытындағы ұшақ билеті нағыз сапардың әлі алда екенін білдіргендей.
Мен мінген ұшақ Алматы әуе жайына қонып жатқанда Жанна мінген әуекеме Сеулға ұшырылғалы жатты.
Алматыға бір күн ерте кеп, достарыммен табысып, біраз қыдырыстап, ескі Керектің көнекөз «абыз» бикештерімен өткен кездесуден соң аэропортқа жол тарттық. Бұл — 30 наурыздың жып-жылы түні болатын. Жанымда Жанна арнайы тапсырған Астарахань шемішкілері мен Рахаттың кәмпиттері,
кішігірім базарлықтар төрінен шіреніп тұрып орын алған жүк сумкам мен құжат, портмоне, негізгі керек-жарақтар салынған қол сөмкем аса ауыр болмады.
Шыға берісте біраз «жаттығу» (кедендік тексеру) жасаған соң, тіркеуге да таядық. Қатарда тұрғандардың көбі Корея елінің азаматтары мен азаматшалары болды, біраз шулайтын болар деп ем, жоқ, оғаш қылықтарын байқамадым. Сөйтіп тұрғанда, менен кейін тұрған бір бикеш жүгімнің онша көп еместігін байқаған болуы керек, орысша «Сеулге дейін менің бір сумкамды қосып аласыз ба?» деп сұрады, мен қуана алар ем, бірақ мен әрі қарай ұшатындықтан, заттарымды Фукуокадан бір алатын қылып тапсыратынымды айттым. Бір мезгілде алдымда тұрған кәріс қыз (мен солай ойладым)қазақша «сіз де Жапонияға барасыз ба?» дейді, мен, о, тоба, «я» деп қуанып кеттім. «Сен ше?» десем, «мен Токиоға дейін» деді биязы бойжеткен. Тіркеуден өткен соң замандас сіңліммен танысып та үлгердім, ол Жезқазғандық Сәуле есімді, Болашақ степендиаты екен. Өткенде болған жер сілкінісінде үй іші біраз қобалжыған болуы керек, соларды бірақ тыныштандырайын деп және жаңа оқу жылында демалып кетуге келіпті. Ол аздай, қасымызға Сәуленің группаласы Дилара қосылды, ол да стажировкаға Токио маңындағы бір қалаға барады екен. Мен де қатарым көбейгеніне қуандым. Түнгі сағат 1.30 – да «Сеул, қайдасың?» деп тартып кеттік.
Алматылық достарым «түні бойына ұшасыңдар, дұрыс ұйқыда болмайды-ау» деп еді, керісінше салонда кісі аса көп болмады. Алдыңғы қатарда екі ерлі зайыптылар мен олардың қыздары (қазақтар) мен жаңағы Корея азаматтары болды. бос тұрған 3 орынға жақсылап жайғасып,3 сағаттай жақсы мызғып алдым, расымен құс көрпе үстінде жатқандай ұйқым тыныш әрі қанық болды. 5 ке таман көз ашсам, сырт жап-жарық. Міне, Шығыстың арайы!!!
5 сағат 40 минутта Сеул әуежайына келіп қондық.
Сеул аэропорты аса жинақылығымен көзге түсті.Кіре берістен арнайы экспресс-поезбен Инчеон орталығына жетіп, дереу кезекті қақпамызды іздеумен болдық. Құдай сәтін сағанда, 6 қақпа ыңғайлы, жақын жерде орналасқан екен. Кезекті 3 сағат әуежай ішін кезумен болдым, мына көрініс те назардан тыс қалмады.
негізі, біздің де әуежайларды осындай ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шаралар көп болса екен дейсің ғой. Көбі ерекше ықыласпен қарап, таңданып тұрды. Қайтар жолда да осы көш жүріп өтті.
Сапар жаман басталмаған сияқты… Алда Жапон елі.
жалғасы бар…

Неғой, Корейлердің қай қалаларында боласыз? Әлде зулаған бойы ЖапанИяға ма?
Осылары ұнайды Инчон аэропортында, ұлттық нақышта суреттер салуға болады, өзіңе арнап веерге сурет салса болады кәріс стилінде, жақсы жасалған.
пысы
Сәулешканы кездестіргенің қызық болды шынымен, әпкеге(яғни сізге)сәлем айтып жатыр, айтпақшы ол маған келеді бүйыртса жазда:)
жалғасы, жалғасының жалғасын күтеміз ;)