Жапония күнделігінен-3
Жолға шықпас бұрын соншама ұзақ сапарды игере алатыныма күманданғанмын, бірақ бәрі әлдеқайда жеңіл, тез және қалыпты болды. Осы ретте Жанна мен Эльвираларға рахмет айтқым келеді, олардың барар-келер жолды бүге- шігесіне дейін айқындап, тырыстарын жазып түсіндіргені мұндай жақсы болар ма?!
Сеулда 3 жарым сағат шамасында аялдап, Сәуле мен Дилараны қақпаларына шығарып салып, Korean Air — мен мен де Фокуока бағытына кеттім.
Ооо, жігіттерді былай қойғанда, өзім КА-ның стюардессаларына тәнті болдым, қандай керемет арулар! Бәрі шетінен сұлу, биязы, киген киімдері жарасымды! Әдемі түйілген шаштарын киімдерімен түстес қыстырғыш сәндеп тұр! (өкініштісі өзім суреттерін түсірмеппін).
Үш қатар толы жайғасқан пассажирлерге 3-4уі кезектесіп қызмет көрсетіп, алдағы 1,05 сағатта жолаушылар көңілінен шығуға тырысты.
Салонда берілген тамақтары мынандай болды:
Таяқшамен жей алмайтыныма қатты өкіндім, бара салысымен үйренем деп өзіме талап қойдым (кейін Жаннадан мастер –класс алдым ғой). Таңсық ас дәмді болды.
Эрос Рамазотти, Наталья Имбрулья әндерін тыңдау мен стюардтар ұшу барысында үлестірген кеден қағазын толтыру уақыт қысқаруына жақсы сеп болды.
Келесі бағыт — Фокуока!
Шағын анықтама: Фокуока қаласы елдің оқтүстік — батысында орналасқан, аттас префектураның орталығы. Жер көлемі — 341,11 шаршы шақырым, халық саны — 1 461 631 адам (1 маусым 2010 дерегінен)
Шетелдіктерге арналған кедендік постта стандартты «қашан келдің? Қашан кетесің?», басқа көп сұрамай жібере салды, әріректе тапалдау, ширақ, формалы аға сумкады сыртынан бір қарап шықты. Анау-мынау десе, құрттарды «ұлттық кәмпит» деп айтуға дайындалып тұрдым. Уфф, болды!
Жергілікті уақытпен күндізгі үште межелеген жерге дік еттім. Ұялы телефон қосылысымен, АКТИВ «Жапонияға қош келдіңіз! Роуминг тарифтері....» смс жіберіп те үлгерді, «ойй, мыналарың да жетіп қалыпты ғой» деп жатырмын.
Күтіп алушы жақтан Жанна өзі кетерінде маған деп азын-аулақ жапон ақшасын, экспресс автобусқа билетті тастап кеткен. Автоматтан оған хабарласып, қашан шығатынымды айтып қойдым. Бір күндік ұзақ сапардың соңғы нүктесі Нагасаки болмақ.
Автобусты күтіп, аэропорт алдында тұрғанда айналаға назар салғам, адам аз.Бірен — сараң адамдар жолдан өтіп шаруаларына асығып бара жатса, бірнешеуі көлікті қарайлап тұр.
Автобус қызметін реттеуші адам менен қайда баратынымды сұрады, ағылшынша айтсам, түсінбейді екен.Содан Барар жерім – Нагасаки қаласы, Матцуяма Мачи (осы сөз көпке дейін құлағымнан кетпей қалды) аялдамасы деп жапонша жазылған қағазды көрсетіп ем, «ооо, Нагасаки Нагасаки, уақыты келгенде айтармын» дегенді ишарамен білдірді.жақсы аға. Бірінші Сасебо, одан Беппу, кейінірек келген Нагасаки автобусына біздерді мінгізіп салды.
Ал осы жерде кішкене іркіліс. Менің назар түскені – автобус жүргізушісі, арнайы форма киген, бас киімді, қолында ақ перчаткасы бар ер адам асықпай түсіп, билеттерімізді тексеріп, арнайы мөрін қойды да, сумкаларымызды автобус жанындағы жүк бөлігіне тиеуге көмектесті, менің қолымдағы қағазды алып, оқып «жақсы, түсіндім» дегендей белгі берді, ол аздай ана реттеуші адам да жанымызға кеп жүргізушіге менің Нагасаки, Матцуяма Мачиге баратынымды жағаласып айтып жатыр.
Автобустың сырты да, іші де тап-таза, салонда 7-8 адам, шопыр ағамыз арнайы микрофонмен ресми түрде бәріне сәлемдесті. Одан соң іле-шала ағылшынша баламасы кетті, былай тыңдап қарасаң не айтып жатқанын жобалауға болады: «Мына автобус Фокуокадан Нагасике дейін барады, осы аралықта мынандай аялдамалардан өтеді» дей келе, олардың аттарын атап шығады, арасында Мацуяма Мачиым да бар. Екі сағатсыз жетпейтін болса, ұйықтап нем бар, оның үстіне автобус ойлы-қырлы жерлермен, көпірлермен, туннельдермен жүреді екен, мен отырмын тура ай даладан келгендей, айналаға таңырқап. Керемет табиғат!!! Айнала жап-жасыл!!! Шағын қыраттар мен олардың етегіне орналасқан үйлер, шарушылықтар, егістіктер, шұбырып жатқан көліктер…
Екі сағат өтті..Әлі жеткен жоқпыз. Ал мен болсам, көзіме ұйқы тығылып, маужырап келем. Айнала қарауыта бастаса да, Матцуяма мачиден хабар жоқ.
Автоматты хабарландырғыш әлсін-әлсін қай станциядан өтетінімізді хабарлайды, ММ аты аталса, селк етіп оянып кетем «келіп қалған жоқпыз ба» деп. Қысқасы соңғы жарты сағат сондай қауырт өтті.
Қалаға кірген соңда, біраз аралап жүрді. Міне, менің аялдамам.Қарасам, адам жоқ. Жанна апамыз көрінбейді, содан «осы ма, жоқ па» деп күдік келді (Қисықша «күдік, күдік… жегідей жеген күдік»)
Кездестік қой ақыры… Трамваймен екі аялдама жүріп, Эримачиге жеттік.
Кезек фотоларда:

Айтпақшы, сол дүкен сіздің үйдің цокольныйына көшіп барыпты.керемет суреттепсің! Көп рахмет!!!
күшті ғып іліпсің суреттерді маладес:)
кешкісін жақын жердегі бір кафеге барғанбыз, сол жерден суреттер