Жаңа Өрмекші-адам
«Жаңа Өрмекші-адам» («The Amazing Spider-Man» — «Таңғажайып Өрмекші-адам») фильмі прокатқа қазақ тілінде шығады. «Меломан» компаниясы «Жаңа Өрмекші-адамның» қазақша трейлерін ресми жариялады.
Бұл өрмекші-адам туралы оқиғаның жаңаша баяндалуы. Үнемі жолы болмайтын Питер Паркер есімді қарапайым оқушыны бір күні мутант-өрмекші шағып алады. Осыдан бастап оның өмірінде таңғаларлық оқиғалар орын ала бастайды.
Орыс тіліндегі атауы: Новый Человек-паук
Елі, жылы: АҚШ, 2012
Ұзақтығы: 136 минут
Жанры: фантастика, боевик, фэнтези, қызық оқиғалы
Режиссері: Марк Уэбб
Рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Эмма Стоун, Стэн Ли, Рис Иванс, Эмбет Дэвидц, Мартин Шин, Крис Зилка, С. Томас Хауэлл, Салли Филд, Дэнис Лири
Қазақстандағы премьерасы: 5 шілде, 2012
Қазақ тілінде дыбыстағандар:
Питер Паркер — Мерей Әджібеков;
Гвен Стейси — Алима Қайырбекова;
Бен Паркер — Балтабай Сейтмамытов;
Мэй Паркер — Тынышгүл Сұлтанбердиева;
Доктор Курт Коннорс — Ержан Жарылқасынов;
Капитан Джордж Стейси — Азамат Қанапия;
Доктор Ратха — Бауыржан Қаңтарбаев;
Флэш Томпсон — Тимур Пиязов;
Ники — Бейбіт Қамаранов.
Аудармашы — Диана Сабазова. Редакторлар және мәтінді салушылар: Тұрысбек Сәукетаев және Салтанат Дүнгенбаева.
Қазақ тіліндегі трейлер:
4 минуттық супер трейлер (ағылшынша):
7 пікір