Қылмыс әлемінің татуировкалары №3
— Мы вам приклеиваем парик.
— Так.
— Рисуем татуировку.
— Так.
— И сажаем в тюрьму.
— Так… А за что это? (Джентльмены удачи)
№3.Бүгінгі пост зорлық-зомбылықпен белгілі бір адамдар категориясына салынатын татуировкалар туралы болмақ. Олар кімдер болуы мүмкін: карт ойындарынан ұтылып қарызын уақытында өтемегендер, әйел адамдарды зорлағандар, "құлақтар" және түрлі себептермен «опущенный» атанғандар.
1.Крохобор крысятник. Сырттан жіберген «передачканы» өз көршілерінен тығып қалып ұсталғандарға салынған. Сондай-ақ өз көршілерінен тамақ пен темекі ұрлаған адамдарға салынған.
2.Бұл белгіні "құлақтарға" салатын болған. Кеудеге салынады.
3.Педофилдар мен зорлаушыларға салынатын тату. Иыққа салынады.
4.Педофилдарға арналған. Татуировкалар ішіндегі ең жаманы осы сурет болып табылады. Арқаға үлкейтіп салынады.
5.Педофилдарға арналған тағы бір түрі. Кеудеге салынады.
6.Кеңес дәуірінде 121 Бап (Мужеложство — яғни гомосексуализм) бойынша сотталғандарға салынған. Құйрыққа салынады.
7.Пассивты гомосексуалисттерге — "әтештерге" салынатын сурет. Кеудеге салынады.
8.«Маэстро минета» — айтпасада түсінікті.
9.Доңыз суреті, бұлда бір жынысты махаббаттың адамдарына салынған. Әйел түрмелерінде де кездеседі.
10.Төрт масть салынған тәж. "Әтештерге" салынатын және ТМД елдерінде жиі кездесетін тату түрі.
Былайынша, түрмеге түсетін ойыңыз болмаса, екі иығыңызға сегіз бұрышты жұлдыз салдыртып та жүре беруіңізге болады. Еркіндікте, сәйкесті орталарда болмаса, оның сұрауы жоқ.