Көк індет

Ақ өлім, сары ауру, тіпті қызылша. Бізде адам басына келетін дерт-нәубеттерді белгілі бір түске шырмап қою сирек кездесетін жайт емес. Бірақ бүгінгі біздің тақырыбымыз, көк індет — негізінен, адамның өз еркімен таңдап алатын құбылысы. Сондықтан індет делінуі шартты да шығар.
О, жоқ, жоқ, үркімеңіздер. Көк індеттің көгілдірлерге тікелей түк қатысы жоқ. «Көк індет» деп ғылымда татуировкаларға құмарлықты айтады. «Коловрат» тобының әнінде шырқалып, таралып кеткен бұл тіркестің мәнін, яки денесінің әлем-жапырақ суреттеріне психологиялық тәуелділікті қазақша бұған дейін тәржімалау кемшін-тін, сондықтан көк індет деп шартты түрде атап алайық. "Синяя болезньді" көк ауру емес, көк індет деп аударуыма түрткі — дыбыс үндестігі ғана, айыпқа бұйырмассыздар.
Әрі қарай

Денедегі татумания

Суреттер сөйлейді: Денедегі татумания
Татумания да шек жоқ шығар осы… Өз тасым мұндайларға қызыққан емеспін, дұрыс деп те санамаймын, бірақ жер бетінде тірі қаншама пенде бар десеңізші. Мына суреттерге қарап отырып, сол пенделерге таң қалмасқа шарам жоқ. Кей татулардың керемет шыққаны, кейбіреуінен қорқуға да болады немесе құсқыңыз келіпте кетер. Сізде көріңіз, ой бөлісіңіз.
Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №3


— Мы вам приклеиваем парик.
— Так.
— Рисуем татуировку.
— Так.
— И сажаем в тюрьму.
— Так… А за что это? (Джентльмены удачи)

№3.Бүгінгі пост зорлық-зомбылықпен белгілі бір адамдар категориясына салынатын татуировкалар туралы болмақ. Олар кімдер болуы мүмкін: карт ойындарынан ұтылып қарызын уақытында өтемегендер, әйел адамдарды зорлағандар, "құлақтар" және түрлі себептермен «опущенный» атанғандар.

1.Крохобор крысятник. Сырттан жіберген «передачканы» өз көршілерінен тығып қалып ұсталғандарға салынған. Сондай-ақ өз көршілерінен тамақ пен темекі ұрлаған адамдарға салынған.

2.Бұл белгіні "құлақтарға" салатын болған. Кеудеге салынады.
Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №2


Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.

1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.

Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №1


Татуировки — как знак времени, они напоминают о каком-то периоде в жизни…

Бұл пост және алдағы уақытта жариялайтындарым қылмыс әлемінің әртүрлі иерархияларының татуировкалары (наколка) туралы болмақ.
№1. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.


1.Зеңбірек үстінде отырған гусар киіміндегі жартылай жалаңаш әйел бейнесі. Әлемде екі құбылыс керемет: бірі махаббат, бірі өлім. Әйелге деген адалдықты білдіреді. Кеудеге немесе арқаға салынады.
Әрі қарай