Ержүрек қыздың хикаясы
Биылдан бастап қолға алына бастаған Голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару жұмыстарының сапасы әр премьера сайын жақсармаса, еш төмендемеген емес. Бұған "Батыл жүрек" анимациялық туындысын көргенде тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.
Мультфильмнің өзі
Бәрінен бұрын графикалық бейнесі өзінің шебер жасалуымен, әдемі көріністерімен тәнті етті. Бұнда суретшілердің зор еңбегі жатыр. Айтпақшы, осы картинаның қоюшы-суретшілері жұмыс барысында арнайы Шотландияға барып, орта ғасырдың рухы мен келбеті сақталған өңірлерді өз көздерімен көріп қайтқан екен. Соның да әсері бар болуы керек, көркемдеу жұмыстары шынымен де жоғары бағаға лайық. Мультфильмде орын алған көне заманның атмосферасы дәл беріле отырып, көрерменін табиғаттың әлі адам аяғы тимеген әсем ортасына енгізіп жібереді. Оның үстіне туындының стерео форматта екенін де ескеріңіз.
Кейіпкерлердің осындай жарқын образдары бұған дейін тек «Шрек», «Рапунцель», "Айдаһарды қолға қалай үйрету керек" секілді хитқа айналған мульт дүниелерде ғана кездескен шығар. Қыран-топан күлкіге батыратын орынды юморын қосып қойыңыз. Оның үстіне юмор барлық жерде бар: диалогта да, қимыл-әрекетте де, ымдау-мимикада да кездеседі. Бірақ бұл картина толық комедиядан тұрады дегенді білдірмесе керек. Драматикалық сәттер мен финалдағы ауыр көрініс көрерменіне ерекше эмоция берері анық.
Қазақ тіліндегі аудармасы
Біз бұған дейін де «Батыл жүректі» қазақ тіліне аударуға қатысты бірер ақпараттармен бөліскен едік. «Меломан» компаниясы мен «Алтын қыран» қоры, «Болашақ» асоциациясы бірігіп атқарған мол еңбек айқын көрініп тұр. Оның үстіне қазақ актерлері тек дыбыстап қана қоймай, фильм барысында орындалатын ана тілімізде екі ән де жазылды. Мақпал Исабекованың орындауындағы әндер мульфильмге ерекше әр беріп, туындының анағұрлым жатық, шынайы берілуіне өз септігін тигізуі тиіс. Осындай тірліктердің арқасында кішкентай көрермендер осы анимациялық фильмнің түпнұсқасы қазақ тілінде жасалғанына сеніп қалуы да әбден мүмкін.
Әрине, аударма мен дыбысталуды дубляж жұмысының эталоны дей алмаймыз. Шынайылықтан ауытқып кеткен, аударманың сәтсіздеу шыққан тұстары да кездесті. Бірақ залдағы көрерменнің оң реакциясына қарап, дубляждың жалпы тұрғыда өз көрерменін тапқанын, және қазақ тіліндегі диалогтардың үлкенге де, кішіге де түсінікті болғанын байқау қиын емес.
Түйін
«Батыл жүрек» — нағыз отбасылық кино. Сюжеті қызық, суреті анық, кейіпкерлері есте қаларлық ерекше туынды. Ендеше Шотландияның орта ғасырлық әлеміне асығыңыз.
Бірақ әзірге қазақ дубляжының үздік үлгісі «Көшпенділер» болып қала беретін секілді.
Әнеу қызыл шаштылар Ирландтықтар ма екен?
Әр еңбек сайын студиялар тәжірибе жинап жақсара түсуі заңдылық.
Қысқасынан күйіндірсін!
Дегенмен, бір-екі жеріне күліп алдым. Кейіпкерлері ұнады, әсіресе әкесі. Үйдегілер оны маған ұқсатып жатыр