Кинопати-К немесе кино стиліндегі туған күн

26-мамыр, яғни сенбі күні туған күнімді тақырыптық бағытта атап өтуді жүн санап отырмыз. Біз деуімде де себеп бар: пати керекшілердің штаб-пәтері — Жалғастың үйінде өтеді. Құр жай ішіп-құсып кетуге де болатын еді. Бірақ, жыл он екі айдағы бір күнді өзге сенбілерден ерекше ету қажет деп шештік Киностан авторлары.

Сонымен кеш киноға арналады. Атмосфера да сәйкес болуы үшін қонақтарға аздап талап бар:

1. Киноға қатысты бір нәрсе алып келу
2. Кино туралы байқау-сауалдарға дайын болу
3. Жалпы кинодан хабары болу (минимум: өмірінде кино көрген).

Енді жоғарыдағы пункттерді түсіндірейін. Келгенде есік алдында күзетші болады. Егер кешке осы постты оқу арқылы келгеніңді білдіргің келсе, темада екеніңді дәлелдегің келсе киноға қатысты бір нәрсемен кел. Немен келсең де өзің білесің: Гарри Поттердің сиқырлы таяғын ұстап келесің ба, зомби секілді грим жағып келесің ба, танымал әртістің татиуровкасын денеңе салып келесің ба, Монро секілді ақ көйлек киіп келесің ба, жай ғана танымал актердің постерін не суретін принтерден шығарып әкелесің ба (бұл енді мүлдем ештеңе таба алмағанда), ниндзя болып келесің ба — сенің еркің. Тек киноға қатысты бірдеңемен кел. Талапты орындамаған адамға айыппұл: өзімен бірге ішімдік не дұрыс тіске басар (чечил, шемішке секілді құрт-құмырсқалар есепке алынбайды) алып келеді.

Кеш барысында жүргізуші тарапынан түрлі байқаулар ұйымдастырылуы мүмкін. Соларға белсене қатысқандар құрметтеледі. «Оскарға» тән түрлі номинациялар болады деп үміттеніп отырмыз.

Өтетін уақыты:
26-мамыр, 2012. Сағат 21-00. Кешікпеулерің сұралады.

Өтетін жері:
Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер.
Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы


Егер аулаға келіп, таба алмай жүрсеңдер Жалғас «e_zhalgas» Ертайға хабарласуға болады: +7 702 546 71 07 (Оған дейін мазаны алмаңдар, на)

Келемін деушілерге есік ашық. Тек жоғарыдағы шарттар орындалсын.

Пост әлі де толығуы мүмкін.
Бөлісу:

68 пікір

e_zhalgas
ал біз қуамыз, біз қуамыз…
Aikona
Қызығып, уже не кием не істеймін деген ойлар кетіп жатыр. Күшті!
AKY
бүәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә
Erbol
Электронды Жалғасқа сұрақ: лифт істеп тұр ма? Өткенде істемей тұр еді. 200 литрлік пиві бөшкесін 8 этажға көтеріп шығу мұң болып жүрмесін.
e_zhalgas
бұл жолы істеп тұр. сенбіге дейін қыңыр мінез шығармаса
AL-ASTER
200 литрді лифт көтермейді ғой
zholantai
өкініштен өртеніп барамын, Алматыда емес екендігім үшін, керемет пати болуына тілеулеспін,
monti
 жынд болатын сықылды ғо
көптен патилерге бармап едім, жақс киніп кеуге тырсам, уже көз алдыма не киерім елестеп кетті тока онымен отыра, жүріп/тұруым қиындайтын шығар но сонда да кинуге тырсам тематикалық
qisyq
Тематикалық болғанда… не ғой… Саша Грей болмай ма? Ол даактриса ғой…
patick
Өзің тарттырмасаң звондап
qisyq
Келістім, менің киноэлементім Саша Грей болатын болды. Зы. Арты жақсы болғай…
patick
Арты жақсы болғай…


күмәнім бар
qisyq
«Әйт, жануар, шу» деді,
Аршындап бурыл гуледі.
Тау мен тасты көрмеді,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасқа,
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп бурыл жөнелді.
Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсайды,
Құлан менен құлжаның,
Марал менен бұғының
Ұзатпай алдын тосады.
Қарсы келген қабақтан
Бурыл қағып жөнелді.
Аманбайдың ақ тікен
Асып бурыл жөнелді.
Көк жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен келіп басады...»

"Қобыланды батыр" жырынан
qisyq
«Қарсыласып барысты,
Әуелі сөзбен қағысты,
Қасарысып тұрысты,
Әуелі тәуір сөйлесіп,
Артынан шайтан шалысты.
Шалысқан емей немене,
Ырғай сапты найзаны
Ырғай-ырғай салысты.
Итерісіп тұрысты,
Аттары жата қалысты,
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып,
Қақырығы қан татып,
Түкірігі жын татып,
Өштім, жандым дегенде,
Өлдім, талдым дегенде,
Барып жауды жеңді...»

Бұл да сол жырдан
Gastarbaiter

Вазмөш жоқ.
Бірақ рухани сендермен біргемін. Уақыт порталынан жаңа түскен Терминатор боп келді деп есептерсіңдер.
patick
Жалаңаш шымыр денеңді елестетіп отырғандар бар шығар арамызда
asaubota
қыздардың ең алғашқы ойы: не киіп барамын?
жігіттердің ең алғашқы ойы: тиын тауып алу керек суботыға дейін
Gastarbaiter
Бәрі шетінен таксист боп кеткен ба?
satibaldi
Идеяға респект, пазитифф кретифф нақ!
Gastarbaiter
Мен де риза бовотырм.
asaubota
бірақ бәрібір аяғы қыздардың ерте кетуі және банальды ішумен аяқталады
monti
анау 200 л. рас боса, кетпейтін шығармыз

ПС: Жалғастың кухнядағы орындық менкі алдын/ала айтайын отырып ұйықтайтын әдетім
Aikona
 кетеді деп дәмеленбеңдер деш
asaubota
тап сенен еш күманданбаймын, үйге ең бірінші қайтатын сен болатын шығарсың.
Zevs
отырып ұйықтап қайтесің? тойлатт та по полной!
satibaldi
AKY екеуміз Бони мен Клайд болып барсақ жынД болар еді.
monti
сізде кесеңізЧ АКУді ертіп
satibaldi
Ол тек ғылыми дәрежесі бар адамдармен жүред, бізді неғылсын
satibaldi
Сіз онда көзі бақырайған қорқақ кассир қызды сомдап жіберсеңіз, біз келгенде.
monti
 ага сомдаймын ғо сіз келем десеңіз
satibaldi
Крюгер боп келген кісі рөлден шыға алмай қалып, майып боп қап жүрмеңдер
patick

Ең бастысы Казанова образында келмесін
omarbirat
«Пьяный мастер» ше?
a63a1
лібәәәә мынауың нағыз талапқа сайғой
satibaldi
Амиго, мен патидің кезінде "Өткен аптада не істегендеріңді білем!" деп, немесе «7 күндерің қалд! 7 күн!» деп телефон шалсам — қатысқан болып есептелем бе?
patick
есептеледі
Gastarbaiter
Таңертең бастарың дыңғырап, ауыздарыңды шаюға ваннаға барғанда, айнадан «Мен бәрібір білем…
… нақтар кілең»
деген жазуды көрсеңдер, таң қалмаңдар
Erkekyz
Қызықтырдыңдар. Келе жатқан туылған күніңмен! Кеш қызықты өтсін!  
a63a1
Талапты орындамаған адамға айыппұл: өзімен бірге ішімдік не дұрыс тіске басар
талаптан гөрі мыналарды әкелген оңайырақ екен
satibaldi
Ияяяя, ауру қиялға ерік беретін тамаша отырыс болайын-ақ деп тұр… Әттең, аяқ қысқа…
Korkem
Өләәәә, шығармайтындарың жоқ.

пы/сы: Туған күніңізбен!
Daniar-Alan
Өләәәә
жасасын Шымкент
edige
 18 кино бар диск алып барамын… сапасы енді аздап жаман…
asaubota
x-art порнуха кино болып саналады ма деп сұрап жатқандар бар? тез жауап бер.
qisyq
Жеке пікір: X-art бөлек, порнуха бөлек. Порнуханы ұлттық-әдеби-дәстүрлік мазмұндағы һәм (және деген сөз, извращенецтер) бағыттағы фильмдерден де табуға болады. Қорытынды: Саша Грейді көреміз.
asaubota
кешірім өтінемін, жәй ғана х-арт деуім керек еді
edige
Гастаағзамның западло айдарындағы 8 бөлім еске түседі екен
omarbirat
Туған күн кешінің жартысына жуығын "Қасқырлармен билейтін" («Dances With Wolves») фильмімен өткізуге мүмкіндік бар екен.
Kipshakkyzy
Мына отырыс ерекше болатын сияқты ғой! Осы идеяны ойлап тапқан адамға базар жоқ!
Zilola
бaрaмын
satibaldi
Кімнің кейпінде? Мехребан???
Zilola
Ертeгi кeйпкeрi нeмeсe Крик болып ))
Zevs
Кино ПАТИКті туылған күнімен шын жұректен құттықтаймын! Ғаламдағы бар жақсылық пен шаттықты, адал дос, сүйікті ісіңнен ләззат алуға тілектеспін!
Zevs
Шын торт апара алмайтыным өкініштіЖақсылап тойлаңдар!
rakisheva
Туған күніңмееееен Патик  Туған күн күштііііі өтуіне тілектеспін
P.S. Келгім-ақ келген еді, бірақ білесің ғой бізде детское время, лимит сағат 11-де бітеді
asaubota
күнәһар пенделер сыраны пластик стаканмен ішіп жатыр

twitter.com/#!/search/%23%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%B0%D1%82%D0%B8
nurbergen_makym
Негізі, күнәлардың барлығы сол пластиктектестермен жасалады ғой, ботексінсс)))
AKY
латекс дегіңіз келген болар?
Gastarbaiter
Соқыртауыққа бәрі бидайПоливенилхлорид дегісі келген негізі